Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ашы аспан астында кинотеатр ашу.doc
Скачиваний:
25
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
296.45 Кб
Скачать

5. Техникалық Жоспарлау

Автокинотеатр рамптардың проекциялық көлбеуге қатысты желпуіштік орналасымымен жобаланған400(1-сур.).

Егер жобада автокинотеатр ұзын және тар болып көрінсе экрана соңғы рамптардың қашықтығына байланысты ұлғайтылуы керек, есесіне рамптың бірінші қатары экраннан одан да алшақ болады.

Қаңқасы мен экран материалдарының әр түрлі болуы мүмкін, мысалы, перфорирленген алюминий беттен жасалған экран немесе бетоннан – латекстік жарық шағылыстыратын бояумен көмкеріледі. Тұтас түрі де, жекелеген жолақтардан жасалатын түрі де қолданылады (желдің әсерін азайту үшін).

Автокөліктер санына байланысты экранның жобалық өлшемдері кестеде берілген. Стандарттарға негізделген, олардың анықтама үшін пайдаланылуы мүмкін.

Автокөліктің желдік шынысының екі жағының бір-біріне қатынасы 1:2 жақын, сондықтан, кескіннің «кең» форматы неғұрлым қолайлы (1 : 1,85). Соңғысы экранның ұзындығының еніне қатынасының ұтымды болуын қамтамасыз етеді, себебі қатынас аз болғанда кадр экран бетін толықтырмайды.

Экранның қаңқасын көрермендерге қарай еңкейту керек, ал иілу бұрышы проектор сәулесінің түсі және шығылысу бұрыштарының тиімді қатынасымен анықталады.

Проектор іс жүзінде экранның ортасы деңгейінде орналастырылмайтын болса, сүйенішін кескіннің қиғаштануы орын алмайтындай бқрышпен еңкейтіледі (параллакс).

Әдетте проектор көлденең көлбеуге қатысты қарағанда 70 болып иіледі, экранның иілу бұрышы 5 – 70 құрайды, ал қалыпты шамаларға ең жақын түсу және шағылысу бұрышы қарау аумағының неғұрлым қолайлы жерінде болады (орталық бөлігі және автокинотеатр рамптарының 2/3).

Экранның қиғаштығына қатысты мамандардың бір ауыздан шыққан тұжырымы жоқ.

Әдетте экран көсегінің қиғаштығы көп емес, керісінше жағдайда бүйір жақтардан кескінді, бейнелерді қабылдап көрсу нашарлайды. Сонымен қатар қисық сызықты экран дайындау, мысалы, бетоннан, өлшемі 11 х 26 м, үрдісті біршама қымбаттатады. Тегіс экран, магистральдан әрі бұрылған, мінсіз жарнамалық қалқан болып табылады және коммерциялық мақсатта пайдалануға болады.

Кинотеатрлар үшін экран жеткізушілер де, мобильдік экран өндірушілер де Қазақстанда жоқ. Солайша, жобаның бастамашылары АҚШ, Германия, Қытай сияқты бірнеше елдерің аталған өнімді өндірушілерінің нарығын зерттеу барысында мобильді экранды қытайлық өндірушіден, “Shenzhen Telon Audio And Visual Equipment Co.” Ltd компаниясынан алуды шешті. Бұл жағдайда жабдықты жеткізу бойынша компанияны таңдау басқа компанияларға қарағанда бағасының арзандығына, сапасының жоғарылығына, жабдықтың сипаттамаларына, кепілдік міндеттемелеріне, жеткізу шарттарына байланысты жасалды.

Экранның бағасы: US $20 немесе 3000 теңге – шаршы метріне. Бұл бизнес жоба бойынша 144ш.м. экран(16х9 метр) сатып алу жоспарланып отыр, бұл жалпы алғанда 432 000 теңгені құрайтын болады.Жабдықтың құны жеткізуге жұмсалатын шығынды және жөнелтуге жұмсалатын қаражатты қоспағанрда, жинақтау және орнату қызметтерін қоса есептегенде 487 000 (төрт жүз сексен жеті мың) теңге.

Жеткізу мерзімі: сатып алушы жабдық үшін жеткізушінің есептік шотына жартылай төлем жөнелткен күннен бастап 7 күн.

Кепілдік мерзім: 1 жыл.

5.1. Кинопроекциялық жабдық

Проекциялық жабдыққа қатысты жағдайлар экранның сипаты мен линзаларының фокустық қашықтықтарына байланысты анықталады. Ауыспалы фокустық қашықтық кинопроекциялық линзаларда айтарлықтай кең, ол проекциялық аппаратты автокинотеатрдың кез-келген рампасында орналастыруға мүмкіндк береді және кескінді түгел экранға проекциялай алады. Бұл экранның ені 30метр болғанда проекциялық аппаратты проекция көлбеуі бойымен экранға дейін 50 – 60 және 100 – 120 м қашықтықта орналастыруға болатындығын білдіреді. Кинопроектордың экраннан алшақтауын шектейтін жалғыз нәрсе – проекциялық шамның қуаттылығы, ол қажетті жарық ағымын қамтамасыз етеді (шамамен 400 лм - 1 м2 экран бетіне), ауадағы шаң және/немесе тұман (проекциялық аралық неғұрлым артық болса, аталған фактордың әсері соғұрлым көрнекті).

Жобаның бастамашысы кинотеатрларға арналған кәсіби проекторды - EIP-SXG20 Астанақаласында, жеткізушінің «MediTec-NS» компаниясынан 100% бағасын бірден төлеу барысында алмақшы. Бұл жабдықтардың құны 3 868 571 тңг/данасына (үш миллион сегіз жүз алпыс сегіз мың бес жүз жетпіс бір) теңге – жеткізу бағасымен.

5.2. Жасанды ландшафт қалыптастыру және қоршау

Жасанды ландшафт және автокинотеатр қоршауы бірнеше мақсатқа қызмет етеді: автокинотеатрды магистральдан оқшаулауға – магистраль бойынша қозғалатын жүргізушілердің экрандағы кескінді көрмеуі үшін; бөтен автокөліктердің кіруінің/шығуының бөгеттелуіне ықпал етеді және сеанстағы көрермендерді көлік шамының жарығымен алаңдатпайды; дәмханадан қоршалады; автокинотеатрға ерекше көркем келбет беріп тұрады.

Автокинотеатды магистральға экраны қатар болатындай етіп орналастырған неғұрлым қолайлы, бірақ беті оған қаратылмауы керек. Қоршау мен жасанды ландшафтты осы жоба бойынша жасауға шамамен 800 000 (сегіз жүз мың) теңге жұмсалмақ.

Қоршау әдетте автокинотеатрды жолдан ажыратып, кіру мен шығуды шектеу үшін жасалады. Әсіресе кинопроекция маңындағы аумақ қоршалады және проекциялық сәуле жақтағы орын қоршалады. Металл қоршаудан тұратын үйлесім ұнамды, сәнді және қолайлы.

5.3 Жарнамалық қалқан

Дұрыс конструкция және жарнаманы ұйымдастыру – аса маңызды маркетингтік фактор.

Егер экранның сыртқы жағы автомагистральдан көрінетін болса ол автокинотеатрдың өзінің жарнамалық қалқаны бола алады, онда фильм анонстары көрсетіледі немесе коммерциялық жарнамаға қолданылады. Жарнамалық қалқанды автокөлікшілер алыстан да көруі керек. Автокинотеатрдың неонмен жиектелген қалқаны және фильмдер анонсы жүріп жатқан төңіреек атмосфералық әсерлерден қорғалған нұсқада орындалуы керек.

Егер экранның сырт жағы жарнама үшін қолданылмайтын болса жарнамалық қалқандар автомагистраль бойына орналастырылады, бірақ олардың жарықтары сеанс барысында көрермендерге кедергі болмауы керек.

5.4 Касса

Кәдімгі театрда көрермен кассаған кірген бетте, кинотеатр кіреберісінде жолығады. Кассалар және автокинотеатрға кіреберістер негізгі магистральдан алшақтау болуы керек. Автокинотеатрда кассалар автокөліктер автомагистральдан түсіп келетін кезде кедерегі жасамайтындай орналастырылуы керек, ал кассаға екі жағынан екі автокөлік келе алатындай қарастырылуы керек. Кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру әр түрлі болуы мүмкін: бір реттік қолданыс билеттерін

Сатудан бастап магниттік карталарды электрондық түрде оқи алатын автоматты шлагбаум орнату және рампадағы орын көрсетілген билет беруге дейін. Автокинотеатрдың кассалық модульін жобалау барысында әуежайлардағы көліктің келу-кетуін ұйымдастыру, тұрақ жасау немесе жеке көлік жолдарын ұйымдастыру тәжірибелерін пайдалануға болады.

Негізгі мақсаты – автокөліктердің кедергісіз енуін қамтамасыз ету және сеанс арасында қозғалуын қамтамасыз ету (3-сур.).

5.5 Қосымша сервис

Статистика қосымша ақылы қызметтердің валдық табысының автокинотеатрда кіріс билеттері құнының 60 бастап 300% дейінгі бағасын құрайтындығын көрсетіп отыр.

Көрермендер (олардың бір көлік ішінде төрт адамға дейін болуы мүмкін) өз ақшаларын көпіршік жүгеріге, мұз кәмпиттерге, салқындатылған сусындарға, кофеге, ыстық бутербродтарға, темекіге және т.б. аямай жұмсайды. Сервисті жоспарлауға мұқият көзқарас керек. Өнімдер мен сусындар сататын дүңгіршектерді автокинотеатрға енетін жерде орналастыруға болмайды, бұл кедергілер тудырады да, билеттің сатылу бойынша айналымының төмендеуіне әкеледі. Сонымен қатар кезекте тұру естерінде қалған көрермендерді келесі жолдары автокинотеатрға өздерінің өнімдері мен сусындарын алып келуге мәжбүрлейді, салдарынан табыстың белгілі бөлігі жоғалады.

Бір-екі алаңды (шыға берісте) автокөлікшілер үшін "Мак’Авто" үлгісінде ұйымдастыруға болады, бірақ бұл үшін орын негізгі кірістен алшақ, автокинотеатр алдында беріледі. Тағы бір нұсқа ретінде – фаст-фуд (fast-food) желілерінің бірінен франчайзинг қйымдастыру:

Бургер Кинг, Big Mama және т.б.

Бұл бизнес –жобада соңғы рампадан кейін шағын дәмхана немесе мейрамхана орналастыру жоспарланған. Ол тегіс беттен 4-5 м биіктікте орналасады, шыны террасаларынан автокинотеатрдың алып экранына көрініс ашылады, ал дауыс шағын дәмхана ішінде орналасқан үдеткіш арқылы берілетін болады. Сонымен қатар өзінше ерекше болып табылатыр, 300 – 500 адамға арналған кинодәмхана ұйымдастыруға болады, онда билеттер мен клубтық карталар сатуға болады, ішін автокөлік тақырыбы бойынша әрлеп, сол арқылы автокиносүйгіштердің клубын ұйымдастыруға болады.

Автокинотеатр территориясында көрермендер өздерінің көліктерінде отырып даяшыларды шақыруға болады (әдетте бұл көлікте отырғандардың «апаттық тоқтау» шамдарын жағулары арқылы жасалады), тағам мен сусынға тапсырыс жасай алады.

Даяшылар территорияда шайтанарбамен жүре алады, оның алдына өнімдердің ең өтімді түрлері, темекі мен сусын салынған жинағы салынған себет орналастырылады, болмаса қолына табақ немесе қорап ұстап сырғытпалы конькимен жүреді. Тапсырыс берілген ыстық шұжықтар, хот-догтар немесе картофель үшін даяшылар автокөліктердің есіктеріне пластик табақтар орнатып қяды, кейін жинап алады.

Қосымша сервисті жоспарлау барысында мыналар ескерілді:

Тәжірибе қосымша сервиске арналған бір автокөліктік ауданның 2 – 2,5 м2 болуы керектігін көрсетіп отыр. Бұл бизнес-жобада 150 көлік сыйатын автокинотеатр ашу жоспарланып отыр, демек осы есеп бойынша қосымша қызмет пен сауда алатын аудан 300 м2 кем болмауы керек.

• Өнімдер мен сусындар сақтауға арналған қойма ауданы бір көлік үшін 0,1 м2 кем болмауы тиіс. Есептеулер негізіне 150 көліктік автокинотеатрды ала отырып санасақ қойма ауданы 15 м2 болады.

• барлық белгілеу жолақтары автокинотеатр территориясында тк болады. Егер бұрылу керек болса, онда оның радиусыавтокөліктердің ең үлкен түрының бұрылыс ауқымынан кем болмайды.

• Территорияда автокөліктердің бірнеше қатарда қозғалысы қамтамасыз етілетін болады. Тәжірибеде негізі автокинотеатрлар 150 және одан да артық көліктерге болса кемінде екі жолақты болады, 500 бастап 750 дейін болса – кемінде төртеу, 750 бастап 1000 дейін болса – кемінде алтау, 1000 артық болса – сегіз.

• Мүмкіндік бойынша автокинотеатрға ену бір кассашының екі жолақтағы көліктергебірдей қызмет ете алуын қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылады, егер көліктер өте көп болмаса, егер көлік бірінен соң бірі, көп келсе – бір жолаққа бір кассашы.

• Тәртіпті бақылау пунктіавтокинотеатрдың орталық (көлбеулік) сызығында, кіретін маңайға жақын орналастырылатын болады. Сонымен қатар территорияға өрт сөндіру машиналары мен милиция машиналары келу үшін қосалқы бір-екі кіреберіс қарастырылады.

• соған қоса инфрақұрылымның одан әрі дамуы қарастырылады, сонң ішінде қызметтер желісі мен қосалқы жайлар да бар.

• Жоба бойынша дәретханаға кіреберістер көрермендер жаққа қаратылмаған. Кабина топтамалары көрермендерден жасырын болады және автокөліктердің соңғы қатарынан кейін орналастырылады.

• Медициналық пункт, сауда жайлары, дәмхана және өрт қауіпсіздігі пункттері автокөліктер неғұрлым жиі орналасқан жерге жақын болады. Бұл автокинотеатрдың көрермендер аумағының ортасы болуы мүмкін.

• Автокинотеатрдың орталық (көлбеулік) сызығы бойынша тамақтану орындары мен дәмханаға еркін өту қамтамасыз етілетін болады. Мүмкіндікке қарай "V" әріпі тәрізді екі жол қарастырылады, олар саудалық қызмет көрсету алаңы артында түйіседі және соңғы рампаларға қарай ажырайды. Негізінен осылайша кинотеатрдың автокөліктік аумақтары қозғалыстың қолайлы болуы үшін бес-алты аумаққа бөлінеді.

• Жобаның ұйымдастырушылары сауда алаңы мен дәмханада қызмет көрсету деңгейінің сапасының аса жоғары болуына және қызмет көрсету жылдамдығының жоғары болуына бағытталған жұмыстар атқаратын болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]