Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

3. Пкр – құрылымы мен жұмыс істеу принципі.

Көтеріп-түсіру операциясы кезінде жетекші құбырдың қысқышы ротордан шығады, ал құбырлар тізбегін ұстап тұру үшін элеватор немесе пневматикалық жетекті сынылы қысқыш қолданылады. Көбінесе пневматикалық сына қысқыш (ПКР)қолданылады.

ПКР – втулкадан, сына астында конусты сақинасы бар екі қаптамадан, плашкалы сыныдантұрады.

Билет № 11

1. Бұрғылау шығырларының таспалы тежегішінің құрылымы.

БШ негізгі тежегіш ретінде 2 таспалы, ал қосымша ретінде – гидродинамикалық және электрлі тежегішшетірді қолданады.

2 таспалы тежегішті негізгі етіп таңдау себептері:

  • Жұмыстағы сенімділігі (бір таспасының істен шыққан кезінде де жұмыс қабілеттілігін сақтайды)

  • Тежегіш момент екі шкивке таралады, яғни контактті қысым екі есеге азаяды, сәйкесінше тежегіш шкивтері мен колодкалардың ұзақ тұрақтылығы артады.

  • Жұмыс істеу принципі келесідей: болат таспалар фрикционды төсемелермен бірге тежегіштің цилиндрлі шкивтерін, шығырдың барабанын айналады. Таспаның ұштары иінді біліктің балансирі мен шатунды мойындарымен бірігеді. Балансирмен жалғанған ұшы – қуушы, шатун мойынымен жалғанған ұшы – қашушы деп аталады.

  • Бұрғылау шығырының таспалы тежегішінің кинематикалық сұлбасы

2. Бұрғылау сораптарының компенсаторлары.

Пневмокомпенсаторлар сораптағы поршеньдердің жылдамдықтарының әрт үрліліген байланысты сұйықтың әркелкі берілуі тербелістен туатын қысым пульсациясын теңестіру үшін арналған.

Пневмокомпенсатор сығылған ауа немесе азотпен толтырылған жабық ыдыс болып келеді. Сұйықты беру кезінде газдың көлемі азайып, нәтижесінде газдың бастапқы қысымы сораптың жұмыс қысымына дейін өседі. Сораптың жұмыс кезінде пневмокомпенсатордағы газ көлемі периодты түрде сорап берілісінің бір қосжүрісі кезіндегі аралықта ауысып отырады.Пневмокомпенсаторлардың бітеулі типтегі диафрагмалы, шартәріздес (сфералы), пошенді түрлері сериялы өндірісте шығыралады.

3. Плашкалы превентордың конструкциясы мен жұмыс істеу принципі.

Плашкалы превенторлар мұнай-газ атқылауынан сақтандыру мақсатында ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін қолданылады. Плашкалар жабылғаннан кейін, бұрғылау тізбегі қозғалмайтын болады. Қажет болған жағдайда құбырларды кесетін арнайы плашкалары болады.

Егер плашка деңгейінде бағыттаушы құбыр, бұрғылау құлпы, муфта және диаметрлері мен геометриялық формалары орнатылған плашкаларға сәйкес келмейтін құбырлары тізбегінің басқа да бөлшектері орналасқанда саңылаусыздықты қамтамасыз ете алмайды. Жабық превентор жағдайында тізбектің баяу қозғалуына жол беріледі, ал бұрғылау тізбегінің айналуына, көтеріп және түсіруіне жол берілмейді.

Билет № 12

1. Әмбебап превенторлар, тағайындалуы, конструкциясы мен жұмыс істеу принципі.

Әмбебап превенторлар кең мүмкіндіктерге ие. Әмбебап превенторлар бұрғыланатын мұнай және газ ұңғылар сағасын саңылаусыздандыру, бұрғылау тізбегін бұру және құбырларды муфталарымен қоса тарту үшін қолданылады, яғни ол ППГ превенторларына қарағанда мүмкіндіктері кең. ПУ тығыздалатын заттың диаметрі мен геометриялық формасына тәуелсіз ұңғыма сағасын саңылаусыздандыра алады.

2. Екі жақты әсерлі бұрғылау сорабы – конструтивтік ерекшеліктері, кинематикалық сұлбасы.

Дуплекс сораптарда поршеннің бір жүрісі кезінде сұйықтықты айдаушы коллекторға айдау және қабылдаушы коллектордан поршень мен цилиндрлі төлкенің жасайтын аумағына соруы жүреді. Дуплекс сораптарының жұмыс істеу принципі келесідей: поршеннің оңнан сол жаққа клапан 4 арқылы қозғалысы кезінде оң жақтағы аумаққа сұйықтың сорылуы болады және бір уақытта клапан 1 арқылы сол жақтағы аумақтан сұйықтықтың айдаушы колллекторға айдалуы болады. Кейін қарай жүрісі кезінде клапандар 1 және 4 жабылып, 2 мен 3 клапандары ашылады, солар арқылы сұйықтықты сору және айдау болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]