Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

1. Түпкі қозғалтқыштардың түрлері, артықшылықтар мен кемшіліктері.

Соңғы кездері ротордан басқа қашауды айналдыруға түпкі қозғалтқыштар да қолданылып жүр. Оларға турбобұрғылар, бұрандалы сораптар және электробұрғылар жатады. Турбобұрғы ротордан және статордан тұрады және ротордың айналу жиілігі бір секциялы турбобұрғыларда 800 айн/мин, және көп секциялыда 200 айн/мин жетеді. Ротордың сатылары статордың сатыларының араларында орналасқан және олар қозғалтқыш білігінде кілтектер арқылы орнатылады. Статордың сатылары айналып кетуден статор шетіндегі ниппельді тартудан болатын үйкеліс күшімен ұсталады. Ротордың секциялары бұрандамен және ротор білігіндегі контрбұрандамен тартылады. Түптік бұрандалы қозғалтқыштың жұмысшы органы статор және ротордан тұратын бұрандалы жұп. Статор ішкеі беті резинамен қоршалған роторға қарай теріс бағытталған 10 бұрандалы тістері бар металл құбыр. Ротордың теріс бағытталған және статор өсіне эксцентрлі орналасқан тоғыз бұрандалы тістері бар. Дұрыс алынған бұрандалы жұп киниматикалық және оның тістерін тиісті пішіндеу жуу сұйығы өткенде ротордың статор тістері арқылы еркін сырғанауын қамтамасыз етеді. Бұл кезде ротор мен статор бүкіл ұзындығына еркін түйіседі. Осының салдарынан жоғарғы және төменгі қысым қуыстары пайда болады да, қозғалтқыштың жұмыс үрдісі іске асырылады.1937-1940 жылдары үш фазалы асинхронды қозғалтқыштың негізінде алғашқы электробұрғы жасалды (авторлары: Островский А.П., Александров А.В. және т.б.) алғашқы ЭВР-12 3/4² электробұрғысы статордан, ротордан, шпиндельден, планетарлы редуктордан және ерітіндінің кіріп кетуінен сақтаушыдан тұратын май толтырылған машинаны білдіретін. Электробұрғының диаметрі 325 мм болатын. Қуаты 90 кВт (макс 127 кВт), айналу жиілігі 1450 айн/мин, кернеуі 100В болғанда.

2. Бұрғылау шығырының қосымша тежегіштері.

Гидродинамикалық және электромагниттік тежегіштер қосымша реттегіш тежегіштерге жатады. Оларды әдетте шығырдың білігімен муфта арқылы жалғап, тізбектерді 200-300 м тереңдіктен бастап және салмағы 100-200 кН тізбекті түсірген кезде қосады. Реттеуші тежегіш жеткілікті түрде қуатты болу керек, өйткені түсіру кезінде қысқа уақытт үлкен қуат бөлінеді (2-5 кВт-қа дейн). Осындай тежегіштер ретінде ротанционды типті гидродинамикалық және эле Бұрғылау шығырларында қолданылатын электромагнитті тежегіштер индукционды және ұнтақты болып бөлінеді.

3. Бұрғылау қондырғысы жетектерінің түрлері, таңдалуы.

Қазіргі заманғы БҚ негізгі және көмекші жетектермен жабдықталған. Негізгі жетектерге бұрғылау шығырының, сорабының және ротордың жетектері жатады. Олардың қуаты 6000 кВт және одан жоғары болады. Жетек қозғалтқыштан, күштілік берілістен және басқару аппаратурасынан тұрады.

Көмекші жетектер компрессорларға, дірілдеткіштеге, сазараластырғыштар мен қашауғаберіліс беру автоматына, майлау сораптарына, көтеріп-түсіру операциясын механизациялаушы агрегаттарға және бұрғылау қондырғысының басқа да механизмдеріне арналған. Оның суммарлық қуаты 400 кВт-тан аспайды.

Қолданылатын қозғалтқыштарына байланысты бұрғылау қондырғыларының жетектері дизельді, газотурбиналы және электрлі болып бөлінеді.

Билет № 7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]