Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет БЖ.docx
Скачиваний:
65
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
122.77 Кб
Скачать

1. Бұрғылау шығырының тежегіш түрлері, функциялары.

Тежегіш құрылғылар арналуы бойынша негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізілер БШ барабанын тоқтатуға арналса, қосымшалар – қозғалыс жылдамдығын азайту мақсатында ұзақ тежеуге арналған.

БШ негізгі тежегіш ретінде 2 таспалы, ал қосымша ретінде – гидродинамикалық және электрлі тежегішшетірді қолданады.

Таспалы тежегіштің жұмысшы элементі – фрикционды төсемелері бар иілгіш металл таспа болып табылады.

Жұмыс істеу принципі келесідей: болат таспалар фрикционды төсемелермен бірге тежегіштің цилиндрлі шкивтерін, шығырдың барабанын айналады. Таспаның ұштары иінді біліктің балансирі мен шатунды мойындарымен бірігеді. Балансирмен жалғанған ұшы – қуушы, шатун мойынымен жалғанған ұшы – қашушы деп аталады.

Гидродинамикалық және электромагниттік тежегіштер қосымша реттегіш тежегіштерге жатады. Оларды әдетте шығырдың білігімен муфта арқылы жалғап, тізбектерді 200-300 м тереңдіктен бастап және салмағы 100-200 кН тізбекті түсірген кезде қосады.

2. Ротордың негізгі параметрлері.

Ротор айналдыруға және ұңғыманың тік осі бойынша ілгері орын ауыстыратын бұрғылау тізбегіндегі айналу моментін беруге арналған. Сонымен қатар ротор КТО кезінде бұрғылау және шегендеу тізбегін ұстап тұруға арналған.

Ротор жетегі бұрғылау шығырынан немесе жеке қозғалтқышпен шынжырлы, карданды және тісті берілістермен іске асырылады. Роторлар пневматикалық ұстау сынасымен немесе онсыз да болады.

Роторларды келесі параметрлері бойынша жіктейді:

-ротор үстелінің тесігінің өту диаметрі;

-рұқсат етілетін статикалық жүктеме;

-қуат.

Бұрғылау қондырғыларында роторды ұңғы сағасының үстіне орнатады. Ротор конструкциясы жақтаудан және конустық шестерна мен дөңгелектің көмегімен жылдам жүрісті біліктен айналыс алатын үстелдан тұрады.

3. Дегазаторлардың және центрифугалардың қолданылатын орыны, жұмыс жасау принципі.

Билет № 24

1.Шарошкалы қашаулардың қолданылу мүмкіншілігіне қарай топталуы.

Қашау шарошкалары үш түрге топталады:

  • фрезерлі тісті (М, МС, С, СТ, ТК түріндегі қашаулар үшін);

  • салынбалы қатты балқымалы тістер (МЗ, СЗ, ТЗ, К, ОК түріндегі қашаулар үшін);

  • салынбалы және фрезерлі тісті МСЗ түріндегі қашуға арналған.

Жуу арналарының орналасу және тағайындалуына байланысты қашаулардың келесі түрлері жасалынады:

  • орталықтан жуу – Ц;

  • бүйірден (гидромониторлы) – Г;

  • орталықтан үрлеуші – П (продувной);

  • бүйірден үрлеуші – ПГ.

Қашаулардың конструкциялық ерекшеліктері тербеліс мойынтіректерінде–В, ал екі және одан көп сырғанау мойынтіректерінде – А, бір сырғанау мойынтрегінде (қалғаны тербелу) – Н түріндегі тіректер жасалынады. Егер шарошка тіректері саңылаусыздандырушы қосымша сақиналармен бекітілсе және майлауға арналған резервуары болса онда У әрпі қойылады.

2.Діңгекті мұнаралардың құрылымы, қолданылуы, ерекшеліктері.

Діңгекті мұнара – мұнараны жұмыс күйінде ұстап тұратын 2 аяқтан және тіреуіштен тұрады. Биіктікке байланысты аяқтар 3-5 пісірілген секциядан жиналады. Олар өзара фланецті байланыс арқылы жалғанады. Жоғарғы бқлігінде кронблокасты рама мұнараға беріктік пен геометриялық форма береді. Бұл рамада тіреулер мен кронблокты жөндеуге арналған алаң орналасқан.

Тірегіштер мұнараның аяғымен және мұнараның негізінде орналасқан башмактармен жалғанған. Аяқтар ені бойымен тіреуге жалғанған, ол мұнараны ротор осіне байланысты орталықтандырады. Жоғарғы жұмысшының балконы мен тізбекке арналған дүкен мұнараның аяқтарына кронштейндер арқылы жалғанады.

А-тәріздес мачталы мұнараларды көлденең жағдайда жинайды. Оларды ұщы шығырға немесе көтергіш тракторға жалғанған арқанмен жабдықталған жебе мен блоктардың көмегімен көтереді.

3. Қалақшалы қашаулардың құрылымы, тау жынысын бұзу ерекшелігі.

Қалақшалы қашаулар екі қалақшалы-2Қ, үш қалақшалы-3 және 6Қ болып шығарылады. Жұмыс істеу принципі қажап-кесуші болғандықтан оларды 3ИР және 6ИР деп маркалайды. Олар үлкен маментті қажет ететіндіктен жұмсақ тау жыныстарын бұрғылауда қолданылады. 3Қ 118-445мм диаметрлермен шығарылады және олар әдетте роторлы бұрғылауда қолданылады. Үлкен диаметрі қашаулар сатылы етіп жасалынады және шегендеу тізбегіндегі цемен тығындарын бұрғылау мен ұңғыны калибрлеуде қолданылады. Қашаудың бұл түрі гидромониторлы жуғышымен жасалынады.

Билет № 25

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]