Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

Мазмұны

бет

1.

Түсіндірме жазба

4

2.

Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері

5

3.

3.1

3.2

Тақырыптық жоспар және пән мазмұны

Пәннің тақырыптық жоспары

Пәннің үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны

6

6

7

4.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

11

5.

Әдебиеттер тізімі және оқыту құралдары

12

1. Түсіндірме жазба

«Бейнетехника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№150 “24” сәуір 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Бейнетехника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасының рөлі мен маңыздылығы еңбек нарығында бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау, бейнетехника және аудио-теле- және бейне жабдықтарды пайдалану құрылғылары мен қондырғыларына техникалық қызмет көрсету жүйесінің негізгі түсінігін қалыптастыруға негізделген.

«Бейнетехника» пәні оқу барысында төменде көрсетілген пәндермен интегрленеді:

  • қорек коздері;

  • электрорадио өлшеуіш;

  • күшейткіш құрылғылар

Теориялық білімдерді бекіту үшін зертханалық және тәжірибелік сабақтармен ұштастырыру үлгілік оқу бағдарламада қарастырылған.

Студенттердің оқу материалын сапалы игеру үшін техникалық және аудиовизуалды, мультимедиялық оқыту құралдарымен өткізу, автоматты технологиялық жүйелердің өндірістегі жағдайда тәжірибелік білімдерін нығайту үшін техникалық жабдықтар мен машиналардың құрылысын анықтауда анықтамалық, техникалық, нормативтік құжаттар мен әдебиеттерді, виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық бағдарламаларды кеңінен қолдану керек.

Пәнді оқыту тәжірибелік бағытта және жұмыс берушілердің талаптарына сай тығыз байланыста өткізілгені жөн.

Аталған «Бейнетехника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы пәнді ақпараттық инновациялық коммуникативтік технологияларды, мультимедиялық құралдарды, білім алушылардың танымдық белсенділігін ұйымдастыруға бағыттайды.

Үлгілік оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ 1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге(пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін.