Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РЭС сборник.docx
Скачиваний:
202
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
447.77 Кб
Скачать

1. Түсіндірме жазба

«Кинопроекциялық техника» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты бойынша 1306000 - «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығының техникалық және кәсіптік білім беру деңгейі 1306113 «Техник-электроник» біліктілігіне сәйкестендірілген үлгілік оқу жоспарымен білім беруді оқыту бағдарламасына сәйкес (№ 150 24 сәуір 2013 жыл ) негізінде құрастырылды.

Осы үлгілік оқу бағдарламасы «Кинопроекциялық техника» пәні бойынша міндетті мазмұнына және дайындау деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптарды жүзеге асыруға арналған.

«Кинопроекциялық техника» пәнін оқытуда білім алушылардың физика, машина бөлшектері және конструкциялық материалдар, электротехника мен электр машиналары пәндерінен алған білімдерді негізге ала отырып және «Кинопроекциялық аппаратураның техникалық пайдалануы» пәнін оқып білуге негіз болады.

«Кинопроекциялық аппаратура» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы киноаппаратураның механизмдері мен бөлшектерінің тозығын және оның көрніс пен дыбыс шығару сапасың әсерін қарастырады.

Білім алушылардың оқу материалын сапалы игеру үшін өндірістік жағдайда тәжірибелік білімдерін нығайту үшін,өзіндік жұмысты меңгертуді виртуальды кітапхананы, Интернетті, EDIUS,VIDEO STUDIA-9-11, ADOBE PRIMER, Компас График V 11 жүйелерін және кинематографиялық бағдарламаларды кеңінен қолданылуы керек.

Жұмыстық оқу бағдарламасын құруда білім беру мекемесі құқылы:

  • циклға бөлінген оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарында пәнді оқытуға бөлінген оқу уақыты көлемін 25% аралығында өзгертуге (ҚР ЖҚ №1080 23.08.2012 жылғы);

  • оқудың жалпы сағат көлемін бөлімдер мен тақырыптарға бөлуге (пәнді оқытуға бөлінген жалпы бюджеттік сағат көлемінде);

  • бағдарлама материалдарын оқытуда бірізділікті сақтай отырып өзгертуге;

  • жекелеген тәжірибелік және зертханалық жұмыстарды мазмұндас жұмыстармен алмастыруға;

Бөлімдер мен тақырыптардың тізімі аймақтық компоненттердің енгізілуі есебінен, жұмыс берушінің талабы мен жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып өзгертілуі мүмкін

2. Пәнді оқытудың жоспарланған нәтижелері

Үлгілік оқу жоспарында және білім беру бағдарламасында жоспарланған құзыреттер

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Студенттер келесідей құзыреттіліктерге ие болады

Базалық құзыреті:

БҚ1Жұмыс орнын ұйымдастыру

БҚ2Өмір сүру қауіпсіздік техника ережелерін сақтау;

БҚ3Қойылған мақсат бойынша өз жұмысын жоспарлау;

БҚ4Еңбек жолында өзінің білімділігімен іскерлігін жаңалату;

БҚ5Технологиялық процесстерінде қарастырылған іс әрекеттерін жасау;

БҚ6Ең таңдаулы тәсілдермен құралдардың қызметін жұзеге асыру;

БК7Жоғары білімділігі бар мамандардың қол басшылығымен жұмыс атқару;

Пәнді оқыту барысында студенттер төмендегідей құзыреттерге ие болады:

біледі:

- кинопроекциялық аппаратуралардың құрылғыларын және қосалқыларын;

-техникалық мінездемелерді және өндірістік кинофильмдерге арналған аппаратураның конструкциялық ерекшеліктерін;

меңгереді:

-жалпы кинопроектрды және қосалқыларды бақылаудың әдістерін қолдануды;

-кино, теле және бейне қондырғылардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуді;

дағдысын қалыптастырады:

-жарық аспаптарының монтажын өндіруді;

құзыретті:

-кинопроектор түрлерінің жүйесін және қосалқылардың керекті реттеулерін өндіруді.

Кәсіби құзыреттілік:

  1. Кино, теле және бейнежабдықтардың жаңа шығарылған түрлерінен хабардар болу;

  2. Бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен бөлшектердің қолдану мерзімін бақылау;

  3. Электрлік схема мен шамаларын оқу, өлшеу және есептеу

  4. Жұмыс бабында электронды есептеуіш машина құрылғыларын және бағдарламалық қамсыздандыруларды қолдану;

  1. Жүйе мен блоктардың жұмыс істеу режиміне тексеру жүргізу;

КҚ3.11.6 Кино‑, теле‑ және бейне жабдықтарының техникалық қалпын анықтау және оларға кішігірім жөндеу жүргізу;

біледі:

-кинопленка форматын;

-кинопроекция түрлерін;

-барлық кинопроектор-лардың техникалық сипаттамаларын;

меңгереді:

- фильмкөшірмелерін техникалық жағдайын анықтау және жөндеу жұмыстарын жүргізуді;

дағдысын қалыптастырады:

-кинопроекциядағы аппаратуралардың шамдарын ауыстыру жұмысын жүргізуді

құзыретті:

-кинопроектор түрлерінің шашу жұмысын атқаруды, дыбысты және проекциялы фильмдердің көмегімен ремонтталған кинопроекцияларды бақылауды.