- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.7. Пәнді оқытудың міндеті:
- •1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша
- •Күнтізбе кестесі
- •«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»
- •Пәні бойынша
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •Аралық аттестацияға арналған сұрақтар:
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
- •Қазақ ресми іс қағаздары тілінің қалыптасу тарихы
- •Ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына тән тілдік элементтер
- •Орындалуға міндетті жұмысты жүктеу туралы
- •Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
- •23.05.2011 _____________ А. Д. Қайырова
- •25.12.2010 Қолы_____________ж.Қасымова. Кандидаттық диссертацияны қабылдау туралы
- •Жалақыны өндіріп алу туралы
- •Ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы
- •Мөр басылады.
- •1. Сенімхат белгілі бір тұлғаның ................... Растайды.
- •2. Сенімхатқа ................... Қолы қойылады.
- •3. Сенімхаттағы мәлімет ................ Баяндалады.
- •Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері
- •2010 Жылдың 25 маусымы, сағат 12.00.
- •Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
- •480013, Алматы, Пушкин 22, қр ұға Ядролық физика институты. Директорға.
- •480020, Алматы, Сәтбаев 22, ҚазҰту. Ректорға
- •Бұйрық-жарлық құжаттары
- •XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттелуі
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Қазақ тілі кафедрасы бойынша жарлық №10
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Қазақ тілі кафедрасы бойынша жарлық №12
- •(Резолюция)
- •XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары
- •Т а н ы с қ ы (Визитка)
- •Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма
- •Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
- •1. Бетті бастым. Бетті сөзі сөйлемнің қай мүшесі?
- •2. Қай сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының
- •3. Қысқарған сөздердің қатарын табыңыздар.
- •Қызметтік хаттардың түрлері
- •Қазақ мемлекеттік ғылыми- техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу
- •7. Мінездеме берілген күні, айы, жылы көрсетіледі.
- •8. Қосымша (егер бар болса).
- •Тіл білімі институтының экспериментальды-фонетика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Нұргүл Ержұманқызы Шаймерденоваға
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен институтының II курс студенті Жаманкеев Нұрлан Қамалұлына
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ә.Бүркітбаев атындағы Металлургия институтының аға оқытушысы Қуаныш Өміртайұлы Әлихановқа
- •1. Мінездеме қандай стильде жазылады?
- •2. Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандартты
- •3. Мінездеме қандай құжат?
- •4. Мінездемедегі мәлімет нешінші жақта
- •Факс. Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы
- •XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы
- •Бұйрық-жарлық құжаттары
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Қазақ тілі кафедрасы мәжілісінің
- •II. Мәжілістің өткізілген орны мен күні. Мысалы:
- •IV. Мәжіліске төрағалық етуші. Мысалы:
- •V. Күн тәртібі. Мысалы:
- •VI. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет. Мысалы:
- •IX. Төрағаның және хатшының қолы. Мысалы:
- •Жаңа түркі дәуіріндегі ресми іс қағаздары
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
- •1. Хаттамаға .......................... Қолы қойылады.
- •Ресми іс қағаздары тілінің стилі
- •Қосымша демалыс беру жөнінде
- •Еңбек демалысынан шақыру туралы
- •Т ү й і н д е м е (Резюме)
- •Т ү й і н д е м е (Резюме)
- •1. Ашық буынды сөзді табыңыздар.
- •Анықтама-ақпарттық құжаттар
- •Өмірбаян және оның түрлері
- •Өмірбаянның құрылымы төмендегідей болып келеді:
- •Өмірбаянның грамматикалық ерекшеліктері
- •Анықтамалық-ақпараттық құжат
- •Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
- •11. Жұмыс істеген орындары, лауазымы, жұмыс істеген жылдары
- •16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы
- •1. Жеке іс парағында ............ Мәлімет жазылады.
- •2. Жеке іс парағында қолданылатын
- •3. Орта дәрежелі оқу орны.
- •4. Монография .......... Авторы ..........
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •18. Екі жақтың мекен-жайы толық көрсетіледі.
- •19. Екі жақ қол қояды.
- •20. Шартқа қол қойылған күн толық жазылады.
- •21. Келісімге қосымша құжаттар болса, ол көрсетіледі.
- •Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •25 Маусым 2011 жыл Күндізгі бөлімде ақылы негізде оқитын студентті оқудан шығару туралы
- •20 Сәуір 2000 жыл Алматы қаласы
- •Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында
- •Тапсырмаған студенттер туралы
- •Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында
- •Тапсырмаған студенттер үшін
- •«Aser» компаниясында қызметін көтеру, жұмысқа қабылдау туралы
- •2009 Жылдың 19 қарашасында компанияда шығарылған
- •«Дат» спорттық тауарлар компаниясының
- •Қызметкерлерін шетелдік іссапарға жіберу туралы
- •Компанияның 2008 жылдың 15 желтоқсанында
- •Шығарылған № 5469 қаулысына сәйкес
- •Соөж тақырыптары Тапсырмалардың тізімі мен түрлері
- •2.3 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы
Қазақ іс қағаздары терминдерін жасау, қалыптастыру, жүйелеу, реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою, жалпы даму бағытын белгілеу – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Соңғы жылдары термин мәселесіне айрықша көңіл бөлініп, тілші ғалымдардың, жалпы көпшіліктің жаппай пікір білдіріп, атсалысып жатқандығына қарамастан, қазақ іс қағаздары терминдерін қалыптастырудың өзіндік проблемалары аз емес.
Қазақ халқы өзінің даму тарихының әр кезеңінде түрлі елдермен араласып, әр түрлі қарым-қатынас жасағаны белгілі. Бұл қарым-қатынастың нәтижесінде қазақ тілінің сөздік құрамында бірқатар кірме сөздер пайда болды. Олар негізінен VIII-XI ғасырларда ислам дінінің енгізілуімен байланысты енген араб-парсы және XVIII ғасырдан бастап Ресеймен арадағы қарым-қатынастың күшеюіне байланысты енген орыс сөздері.
Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің көпшілігі қазіргі кезде ана тілінің төл сөздеріндей болып, негізгі сөздік қорынан орын алуда. Солардың бірқатары ресми іс қағаздары тілінде қолданылып, жалпы халыққа түсінікті болып қолданылып келеді.
Олар: нарық, қарыз, емтихан, ақпар, құн, қазына, жәрдем, жарнама, хабар, куә, мөр, саясат, кеден, өкімет, өкіл, құқық, әкім, мәртебе, азамат, айып, мырза, мекеме, мағлұмат, мәжіліс, мемлекет, бұқара, салтанат, абырой, әйел, т.б.
Қазір қолданыста жүрген іс қағаздары атауларының бірқатары араб-парсы тілдерінен енген сөздерден жасалған. Мысалы: арыз, есеп, ереже, үкім, өкім, шарт, кепілдеме, мәлімет, т.б. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде ислам діні халық арасына кең таралып, оқу негізінен мұсылманша болғандықтан, қазақ іс қағаздары тілінде араб-парсы тілдерінің элементтері көп қолданылды. Уақыт ілгерілеген сайын араб-парсы тілдеріндегі элементтердің жаңасы кірмей, олардың сан жағынан азая бастағандығы байқалады. Қазан төңкерісінен кейінгі кезеңде іс қағаздары тілінде қазақтың төл сөздері мен орыс тілінен енген сөздер біршама көбейе бастады.
119-тапсырма. Мәтіннің мазмұны бойынша берілген сұрақтарға жауап беріңіздер.
1. Қазақ іс қағаздары терминдері қалай қалыптасқан? 2. Қазақ халқының даму тарихында әр түрлі елдермен жасаған қарым-қатынасының нәтижесі не берді? 3. Орыс сөздері неге байланысты енді? 4. Араб-парсы тілдерінен енген сөздердің қазақ тілінің сөздік қорындағы орны қандай? 5. Қазақ тіліне сіңіп, төл сөзіміздей болып кеткен кірме сөздерді атаңыздар. 6. Қолданыста жүрген іс қағаздары атаулары қай тілдерден енген сөздерден жасалған? 7. Іс қағаздары тіліндегі тілдік элементтер неге байланысты көп қолданылды? 8. Орыс тілдерінен енген кірме сөздер қай уақыттан бастап көбейе бастады?
120-тапсырма. Орыс тілінен енген кірме сөздерді сөзбе-сөз аударып, қолданудағы жіберіліп келген кемшіліктерден мәлімет алыңыздар.
Қазіргі таңда белең алған бір құбылыс – іс қағаздарын, олардағы терминдерді түгелдей орыс тілінен аударып алып жатыр. Сөзбе-сөз аудару арқылы, сөздердің дұрыс мағынасы берілмейді. Мысалы: орыс тіліндегі делопроизводство термині іс қағаздарын жүргізу болып қалыптасқан. Соңғы кезде орыс тіліндегі нұсқасында қағаз сөзі жоқ болғандықтан, іс жүргізу деп айтылып жүр.
Негізінде іс жүргізу заң саласында қолданылып жүрген термин. Мысалы: істі болды, ісі сотта қаралды, қылмысты іс тоқтатылды, істі жүргізу тапсырылды, т.б.
Олай болса, делопроизводство терминін іс жүргізу деп қолдану дұрыс мағына бермейді. Сондықтан, делопроизводство терминін іс қағаздарын жүргізу деп қолданған дұрыс. Себебі:
Біріншіден, іс қағаздарын жүргізу термин ретінде бұрыннан қалыптасқан.
Екіншіден, ол сөз мағынасын толық, айқын бере алады.
Үшіншіден, іс жүргізу заң термині ретінде қалыптасқан.
Делопроизводство – іс қағаздарын жүргізу; деловые бумаги – іс
қағаздары болып қолданылуға тиіс
121-тапсырма. Іс қағаздарына қандай құжаттар жатады? Жазбаша жазып, іс қағаздарындағы терминдердің бірнешеуімен 5-6 сөйлемдер құрастырыңыздар.
122-тапсырма. Төмендегі тілімізде қолданыста жүрген іс қағаздарына қатысты терминдердің аудармасын есте сақтаңыздар.
анкета – сауалнама аннулирование – күшін жою
адресат – қабылдаушы виза – бұрыштама
адресант – жолдаушы выписка – көшірме
актуальный – көкейкесті дубликат – екінші дана
документирование – құжат рәсімдеу
инструкция – нұсқаулық
административная ответственность – әкімшілік жауаптылық
8-апта. 16-сабақ.
Аралық бақылау жұмысы.
9-апта. 17-сабақ
123-тапсырма. XIX ғасырдың I жартысында ресми іс қағаздары қандай дәрежеде қалыптаса бастады? Өзара ой бөлісіңіздер.
124-тапсырма. XIX ғасырдың II жартысында қандай ілгері дамушылық болды? Пікірталас ұйымдастырыңыздар.
125-тапсырма. Берілген мәліметпен толық танысып, мәтінді мазмұндаңыздар.