- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарының көшірмесі
- •1.6. Пәннің мақсаттары мен міндеттері
- •1.7. Пәнді оқытудың міндеті:
- •1.9. Тапсырмаларды орындауға ұсынылатын
- •Негізгі әдебиеттер:
- •Қосымша әдебиеттер
- •1.10. Студенттердің білімін бағалау жүйесі
- •Бақылаудың барлық түрлерін өткізу бойынша
- •Күнтізбе кестесі
- •«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»
- •Пәні бойынша
- •Модульдар мен аралық аттестация бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •Аралық аттестацияға арналған сұрақтар:
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу
- •Қазақ ресми іс қағаздары тілінің қалыптасу тарихы
- •Ескерткіштеріндегі ресми іс қағаздарына тән тілдік элементтер
- •Орындалуға міндетті жұмысты жүктеу туралы
- •Жұмысқа қабылдау туралы өтініш
- •23.05.2011 _____________ А. Д. Қайырова
- •25.12.2010 Қолы_____________ж.Қасымова. Кандидаттық диссертацияны қабылдау туралы
- •Жалақыны өндіріп алу туралы
- •Ескерткіштеріндегі қазақ іс қағаздары тілінің тарихы
- •Мөр басылады.
- •1. Сенімхат белгілі бір тұлғаның ................... Растайды.
- •2. Сенімхатқа ................... Қолы қойылады.
- •3. Сенімхаттағы мәлімет ................ Баяндалады.
- •Қазіргі іс қағаздары құрылымының негізгі бөліктері
- •2010 Жылдың 25 маусымы, сағат 12.00.
- •Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
- •480013, Алматы, Пушкин 22, қр ұға Ядролық физика институты. Директорға.
- •480020, Алматы, Сәтбаев 22, ҚазҰту. Ректорға
- •Бұйрық-жарлық құжаттары
- •XIV ғасырда жазылған жарлықтар тілінің зерттелуі
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Қазақ тілі кафедрасы бойынша жарлық №10
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Қазақ тілі кафедрасы бойынша жарлық №12
- •(Резолюция)
- •XVIII ғасырда жазылған іс қағаздары
- •Т а н ы с қ ы (Визитка)
- •Ресми іс қағаздарындағы тілдік норма
- •Ақпараттық-анықтамалық құжаттар
- •1. Бетті бастым. Бетті сөзі сөйлемнің қай мүшесі?
- •2. Қай сөйлемнің бастауышы мен баяндауышының
- •3. Қысқарған сөздердің қатарын табыңыздар.
- •Қызметтік хаттардың түрлері
- •Қазақ мемлекеттік ғылыми- техникалық ақпарат ғылыми-зерттеу
- •7. Мінездеме берілген күні, айы, жылы көрсетіледі.
- •8. Қосымша (егер бар болса).
- •Тіл білімі институтының экспериментальды-фонетика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Нұргүл Ержұманқызы Шаймерденоваға
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен институтының II курс студенті Жаманкеев Нұрлан Қамалұлына
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ә.Бүркітбаев атындағы Металлургия институтының аға оқытушысы Қуаныш Өміртайұлы Әлихановқа
- •1. Мінездеме қандай стильде жазылады?
- •2. Мінездеме мәтінінде қолданылатын стандартты
- •3. Мінездеме қандай құжат?
- •4. Мінездемедегі мәлімет нешінші жақта
- •Факс. Факс арқылы жіберілетін құжаттар
- •Ресми іс қағаздары терминдерінің қалыптасуы
- •XIX ғасырдағы ресми іс қағаздары тілінің қалыптаса бастауы
- •Бұйрық-жарлық құжаттары
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Қазақ тілі кафедрасы мәжілісінің
- •II. Мәжілістің өткізілген орны мен күні. Мысалы:
- •IV. Мәжіліске төрағалық етуші. Мысалы:
- •V. Күн тәртібі. Мысалы:
- •VI. Тыңдалған мәселелер туралы мәлімет. Мысалы:
- •IX. Төрағаның және хатшының қолы. Мысалы:
- •Жаңа түркі дәуіріндегі ресми іс қағаздары
- •Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
- •1. Хаттамаға .......................... Қолы қойылады.
- •Ресми іс қағаздары тілінің стилі
- •Қосымша демалыс беру жөнінде
- •Еңбек демалысынан шақыру туралы
- •Т ү й і н д е м е (Резюме)
- •Т ү й і н д е м е (Резюме)
- •1. Ашық буынды сөзді табыңыздар.
- •Анықтама-ақпарттық құжаттар
- •Өмірбаян және оның түрлері
- •Өмірбаянның құрылымы төмендегідей болып келеді:
- •Өмірбаянның грамматикалық ерекшеліктері
- •Анықтамалық-ақпараттық құжат
- •Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы
- •11. Жұмыс істеген орындары, лауазымы, жұмыс істеген жылдары
- •16. Отбасы жағдайы (отбасы мүшелерінің аты-жөні, туған жылы
- •1. Жеке іс парағында ............ Мәлімет жазылады.
- •2. Жеке іс парағында қолданылатын
- •3. Орта дәрежелі оқу орны.
- •4. Монография .......... Авторы ..........
- •11. Жұмысшының еңбек құқын қорғауға қосымша кепілдік беретін мағлұмат:
- •18. Екі жақтың мекен-жайы толық көрсетіледі.
- •19. Екі жақ қол қояды.
- •20. Шартқа қол қойылған күн толық жазылады.
- •21. Келісімге қосымша құжаттар болса, ол көрсетіледі.
- •Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
- •25 Маусым 2011 жыл Күндізгі бөлімде ақылы негізде оқитын студентті оқудан шығару туралы
- •20 Сәуір 2000 жыл Алматы қаласы
- •Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында
- •Тапсырмаған студенттер туралы
- •Қысқы сынақ пен емтиханды уақытында
- •Тапсырмаған студенттер үшін
- •«Aser» компаниясында қызметін көтеру, жұмысқа қабылдау туралы
- •2009 Жылдың 19 қарашасында компанияда шығарылған
- •«Дат» спорттық тауарлар компаниясының
- •Қызметкерлерін шетелдік іссапарға жіберу туралы
- •Компанияның 2008 жылдың 15 желтоқсанында
- •Шығарылған № 5469 қаулысына сәйкес
- •Соөж тақырыптары Тапсырмалардың тізімі мен түрлері
- •2.3 Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
7. Мінездеме берілген күні, айы, жылы көрсетіледі.
8. Қосымша (егер бар болса).
102-тапсырма. Мінездеменің үлгілерімен танысыңыздар.
ҚР-сы Ғылым Академиясы А. Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институтының экспериментальды-фонетика бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Нұргүл Ержұманқызы Шаймерденоваға
М І Н Е З Д Е М Е
Ү л г і:
Н. Шаймерденова А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының экспериментальды-фонетика бөлімінде 1989 жылдан бері кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. Жалпы тіл білімі мен фонетика саласында теориялық дайындығын жетілдіру үстінде. Сол уақыттан бері Н.Шаймерденова өзінің ұқыптылығымен, өзіне тапсырылған жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайтындығымен, жұмысты мұқият орындайтындығымен көрініп келеді.
Бөлімнің жоспарлы жұмысын уақытылы орындап, фонетикалық материалдарды жинап, дайындады. Бөлімнің ұйымдастырған I-ші Бүкілодақтық «Түркі фонетикасы» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясының ұйымдастыру комитетінің мүшесі болып, басқа да ғылыми-теориялық конференцияларға қатынасып, бірнеше рет баяндама жасады. Өзінің терең білімін, ғылыми-зерттеу жұмыстарына деген зор қабілетін көрсете білді.
Қоғам жұмысына, мәдени іс-шараларға, қазіргі қазақ тілі теориясы мен оқыту әдістемесі бағытындағы түрлі жұмыстарға белсене араласып келеді. Ғылым кандидаты дәрежесін алуға қажетті талаптарды толық орындап, 1991 жылдың наурыз айында «Қазақ тіліндегі қосымшалардың ерін үндестігі» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. Соңғы уақытта әр түрлі жоба тақырыптарымен шұғылдануда.
Мінезі жайдары, біртоға, сабырлы, көпшілікпен ортақ тіл табыса біледі, айтылған сынды дұрыс қабылдайды, ағылшын тіліне жетік, жолдастарына адал.
Бөлім Н.Шаймерденованы аға ғылыми қызметкер дәрежесіне көтеруге лайық, ғылыми жұмыс істеуге қабілеті бар деп есептейді.
Бөлім меңгерушісі,
п.ғ.д., профессор ___________ Жақсылықова Күләй
қолы Бәймендіқызы
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті ө.А.Байқоңыров атындағы Тау-кен институтының II курс студенті Жаманкеев Нұрлан Қамалұлына
М І Н Е З Д Е М Е
Ү л г і:
Жаманкеев Нұрлан Қамалұлы 1985 жылы 9 ақпанда Алматы облысы, Ұйғыр ауданы, Шонжа ауылында дүниеге келген. 1991-2001 жылдар аралығында Шонжа орта мектебінде оқыды. Мектепті бітірген соң, 2001 жылы ҚазҰТУ-дың I курсына қабылданды.
Жаманкеев Нұрлан мінезі ашық, әрқашан көңілді жүреді, музыкаға әуес. Достарына адал, олардан көмегін аямайды. Қандай тапсырмаға да жауапкершілікпен қарайды. Өз қателерін түсініп, түзетуге тырысады, сынды дұрыс қабылдайды.
Университет қабырғасындағы қоғам жұмыстарына белсене араласады, спортпен шұғылданады. Университетте жылда өткізілетін «ҚазҰТУ көктемі» атты конкурсқа қатысып, 2-ші орынға ие болды. Базалық білімін жетілдіріп отырады, әдебиеттерді көп оқиды.
Мінездеме Медеу ауданының әскери бөлімшесіне тапсыру үшін берілді.
Тау-кен институтының
директоры,
т.ғ.д., профессор _____________ Искаков Б.И.
қолы
* * * * *