Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
анара тарих шпоры.doc
Скачиваний:
166
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
329.22 Кб
Скачать

26. 17 Ғ. Қазақ хандығы.

Жауабы: Тәуекел хан 1598 жылы Бұхара қаласын қоршауда жараланып, Ташкент қаласында қаза болады.

Оның орнына болан Есім хан өзбектермен бітім шартын жасасты. Бұл шарт бойынша Ташкент қаласы өзінің аймаңымен қоса Қазақ хандығына кірді.

Қазақтар 1798 жылға дейін Ташкент қаласында билік жүргізді. Есім ханның тұсында Бұхар ханы Иманқұл, Ташкент, Түркістан аймағын қайтару үшін 1612-1620 жылдары қазақтарға бірнеше рет соғыс ашты . Бұл соғыстарда қазақтар өз жерлерін қорғап қалды.

Сонымен бірге Есім хан кезінде қазақ жеріне ойрат тайпалары да бірнеше рет шапқыншылық жасады. Бұл шапқыншылықтарға қазақтар тойтарыс беріп отырды. Есім ханнан кейін таққа оның баласы Жәңгір отырды.

Жәңгір хан басқарған жылдары қазақтар мен жоңғарлар арасында үш ірі соғыс болған. Біріншісі 1635 ж , екіншісі 1643 ж, үшіншісі 1652 ж. Жінгір хан 1652 жылы кезекті қазақөжонғар соғысында қаза табады. 17 ғ қазақ хандығының тарихында Тәуке хан да айрықша орын алады . Тәуке хан тұсында Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласы болады.

Тәуке хан Қасм хан мен Есім хан тұсында жасалған қазақтың әдет-ғұрып , заң жолдарын бірізге түсіріп * Жеті жарғы* заңдар жинағын жасады. Үш жүздің басын біріктіріп , олардың көшу қону қонысын белгіледі. Әр руға таңба үлестіріп , ұранын айқындады.

Тәуке хан тұсында хан кеңесі , билер кеңесі сияқты органдар жүмыс істеді.

27. 16-17 Ғ. Қазақтардың шаруашылығы мен мәдениеті.

Жауабы: Қазақтардың негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болды. Деректемелердің кейбір хабарларынан қазақтардың егіншілікпен шұғылданғаны байқалады. Қазақ шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды. Қазақтар ежелден тері өңдеп , киіз басу ж/е оларды түрлі түске бойауды білген, олар теріге, металға ж/е тағы басқа материалдарға батыру арқылы өрнектеуді, құрап жамау ж/е кестелеп тігу тәсілін шебер менгерген.

Дербес мемлекеттік, оны қорғау мен нығацту қажеттілігі жағдайында бір мезгілде әрі көреген суырып салма ақын , әрі халықтың бас идиологі , әрі хандардың серігі мен кеңесшісі , әрі тайпаның жауынгер басшысы ретінде көрінген жыраулардың рөлі едәуір арта түсті.

16-17 ғғ жыраулар поэзиясының аса ірі өкілдері : - Шалкиіз Тіленші ұлы 1465-1560 , Доспамбет 1490-1523 ш , жиембет 17 ғ , марғасқа 17 ғ , Ақтамберді 1675 -1768 , Тәтіқара ақын 18 ғ, Үмбетей жырау 1693-1787

Қазақ хандығының мемлекеттік құрлысының өзіндік ерекшклігі, халық өмірінің ерекше жағдайлары мен өзіндік ерекшелігі бар қазақ қоғамы *билер сөзі* *билер айтысы * *билер дауы* *төрелік айту* *шешендік сөздер* деп аталатын көркемдік мәдениетінің бірегей түрін туғызадды.

28. Жеті – Жарғы – қазақ халқының заңдар жинаңы.

Жауабы: тәуке хан хандықтың ішкі жағдайына ерекше көңіл бөледі . Ж/е оның мақсаты мемлекеттің күш қуатын арттыру . Сол мақсатпың түп қазығы – Төле ,Әйтеке, Қазбек билердің қатысыуымен дүниеге келген *Жеті жарғы* еді. Жарғының негізі *Қасым ханның қасқа жолы* *Есім ханның ескі жолы* сияқты байырғы қазақ хандарының мемлекетті басқару мен халықты билеудегі қалыптасқан үлгі, жобаларынан алынды. Жаңадан шыққан бұл заң тарихта *Тәуке ханның заңдары* деп аталды. Бұл заңдар қазақ халқында ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келген әдет-ғұрыптық ережелер негізінде жасалды.Ел бірлігін сақтауда хандық биліктің заң негізінде күшеюі өз үлесін қосты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]