Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
алтын жане уран кендери.doc
Скачиваний:
13
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
683.01 Кб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ. И. Сәтбаев Атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Ө. А. Байқоныров атындағы Тау-кен металлургия институты

Асыл металдар металлургиясы және пайдалы қазбаларды байыту кафедрасы

М.Р.Шаутенов

АЛТЫН құрамды ЖӘНЕ УРАН КЕНДЕРІН өңдеу

Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулық

5В073700 – «Пайдалы қазбаларды байыту» мамандығының студенттері үшін

АЛМАТЫ 2014

ЖОК 622.07

Құрастырған: Шаутенов М.Р.

Алтын және уран кендерін өңдеу. Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар (5В073700 – Пайдалы қазбаларды байыту мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған) – Алматы, Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2014 ж. Б.1-

Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар кен байытушы мамандығының біліктілік сипаттамасын және зертханалық жұмыстарды жұргізу талаптарына сәйкес құрастырлған.

Бұл әдістемелік нұсқаулар студенттердің кен байытуда қолданылатын процестердің негізгі түрлерін жете түсінуге және тәжірибе жүргізу арқылы оларды реттеудің тәсілдерін іс жүзінде үйренуге дағдылануды көздейді.

Тәсілдік нұсқаулар 5В073700 – “Пайдалы қазбаларды байыту” мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған.

Кесте – 3, әдебиеттер тізімі – 5 атау.

Пікірші: техника ғылымының докторы, профессор Бугенов Е.С.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2014 жылғы типтік оқу жоспарына сай басылады.

© ҚазҰТУ, 2014 ж

КІРІСПЕ

Алтын және уран кендерін өңдеуде гравитациялық, флотациялық , радиометриялық, гидро және пирометаллургиялық ж.т.б. әдістер қолданылады. Қазіргі заманғы сорбциялық, ион алмасу, бактериялық шаймалау, экстракция сондай – ақ басқада кен өңдеу әдістері алтын мен уранды байытуда кеңінен қолдануда.

Кен шикізатының металлургиялық өңдеу ретімен жүретін процестерден тұрады, олардың әрбірінде металдың үлесі өсіп, соңында таза металл алынады.

Өңделінетін материал балқытумен балқытылып, балқыған масса тығыздықтарына қарай араласпайтын сүйықтықтарға бөлінеді. Дистилляцияда бөлініп алынатын металдар немесе олардың қосылыстары булану негізінде, үш ойықтардан бөлінеді. Алынған булар сонан конденсацияланады, соның негізінде айтарлықтай таза түрдегі металдар және олардың қоспалары алынады.

Гидрометаллургияда өңделінетін шикізат таңдамалы ертінділеумен (шаймалау), пайдалы компонентке (металл) және бос жыныстарға бөлінеді, мұнда металл ертіндіге өтеді. Ерітіндіден металл электорлиз немесе цементациялаумен бөлініп алынады.

Дайындалған зертханалық жұмыстардың мақсаты, студенттерге негізгі металлургиялық әдістермен және оларды қолдану негізінде кендерден және концентраттардан металдарды алу процестерімен таныстыру болып саналады.

Жұмысты орындауға кірісер алдында, алдын – ала оның мазмұнымен танысып, жүргізу тәсілін біліп алу қажет. Студент жұмысты орындауға тапсырманы тек оқытушымен жұмыстың мазмұны туралы кеңескеннен кейін алдынғы істелген зертханалық жұмыс туралы есеп тапсырған соң алады.

Зертханалық жұмыстарды әр студент және 3 – 4 адамнан тұратын бригада орындайды.

Жұмысты төмендегідей тәртіппен жүргізеді:

  1. Оқытушы әрбір студентті қауіпсіздік техника ережелерімен таныстырады да, бұл туралы тиісті журналға белгі жасайды (студентерге қол қойдырады) ;

  2. Студент кезекті зертханалық жұмысын оқытушыдан сабақ болудан бір апта бұрын алады. Зертханалық жұмыстың сипаттамасында көрсетілген әдебиетті пайдаланып, берілген жұмысқа дайындалады;

  3. Әрбір сабақтың басында оқытушы студенттің зертханалық жұмысты орындауға дайындығын тексереді. Бұл үшін студент теория бойынша және зертханалық қондырығы жөнінде бірнеше сұрақтарға жауап беруі керек. Тек осыдан кейін студентке жұмысты орындауға рұқсат беріледі;

  4. Аппараттың конструкциясымен танысу және оның эскизін сызу, тәжірибелік жұмысты жұргізу;

  5. Алынған тәжірибе нәтижелерін өңдеу және оларды кестелермен графиктер түрінде келтіру. Студент орындалған зертханалық жұмысты қорғайды;