Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
анара тарих шпоры.doc
Скачиваний:
166
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
329.22 Кб
Скачать

34. Кіші жүздегі с.Датұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс (1783-1797).

Жауабы: С.Датұлының ұлт азаттық көтерілісі 1783-1897 . Сырым бастаған қозғалыстың басталуы 1783 ж уақиғаға байланысты болды. Сол жылы Сырым ауылының үстіне орыс саудагері Филип Григорев өтіп бара жатқанда, қазақтар шабуыл жасап тонайды.Бұдан кейін сырымды тополин бекінісіне тұтқындап, Орал қаласында түрмеге жабады. 1784 жылы тамыз айынан бастап Жайық қазақтары Сырым мен нұралы ханның ауылына шабул жасай бастайды.сол себепті 1784 ж Нұралы Сырымды 70 жылқы мен 350 сом ақша беріп , шығарып алады.Сырым мен Барақ 1000 адамдай қал жинап, төменгі Орал ж/е Елек бекіністеріне шабуыл жасайды. 1785 ж көктем айында сырым бастаған қазақтар қозғалысыеың негізі ауданы – төменгі Орал маңында ірі шайқастар болды. 1783-1785 ж арасында Сырымнан басқа Тама руының старшиналары – Қадыр мен садыр айтарлықтай ерлікпен күрес жүргізді. Сырымның ұлт – азттық қозғалысы өз заманында қазақ даласында қазақ даласындағы ең ауыр екі жағдайдан алып шыға алды. Отаршылдық тынымсыз шабуылын тыйдырса , өрісі таралған Жайықтың арғы шүйгін жайылымдарына шығуға жол ашты.

35,19ғ 3Қазақстанның материалды4 рухани мадениети .Материалдық мәдениет. Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің бірі мал шаруашылығымен, егіншілікпен, үй кәсіпшілігімен және қолөнермен байланысты еңбек құралдары болып табылады. XIX ғасырдың орта шенінде шалғымен қоса темір айыр да кеңінен қолданыла бастады. Ең көп таралған қару түрі үш метрлік «сойыл», одан соң «шоқпар» болды. XIX ғасырдың орта шеніне дейін аң аулау кезінде садақ қолданылды.

Көшпелі қазақтардың негізгі тұрғын үйлері көші-қонға ыңғайлы киіз үйлер болатын. Қазақтың киіз үйлері олардың үлкендігімен, яғни тігілген киіз үйде қанат деп аталатын кереге санымен анықталатын. Қанаттар саны 4 қанаттан 12 қанатқа дейін және одан да көп болатын. Сыртқы түрі бойынша күмбез тәрізді және шошақ болып келетін. Қысқы қыстаулар орналасқан өзендердің аңғарлар мен тау шатқалдарына қазақтардың киіз үйлері тұрақты үлгімен салынатын. Бұлар жер бетіне киіз үй сияқты етіп тастан (шошала), қамыстан (доғара) тұрғызылған құрылыс түрінде, тік бұрышты жеркепе және жертөле, жер бетіне тік бұрышты етіп салынған шым үй және саз балшықтан домбаздалған соқпа там болды. Дәстүрлі ағаш жәшіктер – кебежелердің, көрпе-төсек жинауға арналған жүкаяқтардың және ескіден келе жатқан төс-ағаштардың орнына, қазақтардың тұрмысында әйнектелген ыдыс қоятын шағын шкафтар, жақтаулы ағаш кереуеттер, іші құлыпталатын, көлемі әр түрлі сандықтар пайда болды.

Қазақ әдебиеті. XIX ғасырда орыс ғалымдары мен қазақ зиялыларының жекелеген өкілдері ақындар, суырыпсалма жыршылар, жыраулар туралы мәліметтер жинап, тіпті олар шығарған әндер мен жырлардың мәтіндерін жазып ала бастады. Ақындар мен жыршылардың кейбіреулері өз туындыларын жазып отырды. Соның арқасында олардың өлеңдерінің түпнұсқа мәтіні сақталып қалған. XIX ғасырдың ортасынан бастап жекелеген ақындардың өлеңдері мен жырлары жариялана бастады. Бұл жекелей поэзиялық шығармашылықтың айқын көрініс тапқан және дами бастаған дәуірі болды.

Музыка өнері. Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмірі және еңбек әрекетімен біте қайнасқан рухани мәдениетінің етене саласы музыка болды. Дәстүрлі орныдаушылық – жеке ән салу мен аспапты жеке тарту кең тараған, әнді қосылып айту сирегірек; шығармалардың негізгі түрлері — ән мен күй.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]