
- •1) Жас ұрпаққа тәрбие ж/е білім берудегі Қаз/н тарихы курсының маңызы мен орны.
- •2.Тас дәуіріндегі қ/н
- •3.Қола дәуіріндегі қ/н: шаруа-ғы мен мәдениеті
- •6. Ғұн тайпалық одағы. Ұлы қоңыс аудару.
- •7. Үйсін және қаңлы тайпалық одақтары.
- •8. Түрік және Батыс түрік қағанаты.
- •10. Оңтүстік Қаз. Арабратдың жаулап алуы Ислам дін. Таралуы.
- •11. Yi-X ғғ. Қазақстанның мәдениеті.
- •12. Қарахан әулетінің мем: саяси тарихы, Шаруаш. Және қоғамдық құрылысы.
- •14. Қыпшақ хандығы шаруаш. Және қоғамдық құрылысы.
- •15. Әл-Фарабидің ғылыми мұралары.
- •16. Шыңғыс ханның қ/н жеріне шапқыншылығы
- •18. Ақ Орда шаруашылығы және қоғамдық құрылысы.
- •19. Ноғай хандығы шаруа. Және қоғ.Құр.
- •20. Моғолстан шаруа. Және қоғ. Құр.
- •22. XIII-xy ғғ. Мәдениет.
- •24. Xy ғ. Соңғы үштен бірі мен xyi ғ. Бір. Жарт. Қазақ хандығы.
- •26. 17 Ғ. Қазақ хандығы.
- •27. 16-17 Ғ. Қазақтардың шаруашылығы мен мәдениеті.
- •28. Жеті – Жарғы – қазақ халқының заңдар жинаңы.
- •29. 18 Ғ. Басындағы Қазақстанның әлеуметтік экономикалық ж/е саяси жағдайы.
- •30. Ақтабан шұбырынды *.
- •31.Кіші жүз бен орта жүздің Рессей империясының бодандығын қабылдауы.
- •32 Патшалық Ресейдің 18 ғ Қазақстандағы отарлау саясаты.
- •34. Кіші жүздегі с.Датұлы бастаған ұлт- азаттық қозғалыс (1783-1797).
- •36. 19 Ғ бірінші жартысындағы қ/н саяси ж/е әлеуметтік, экон/қ жағдайы Сібір
- •37. Бөкей ордасындағы и. Тайманұлының басшылығындағы халық көтерілісі.
- •38. К.Қасымұлының басшылығындағы ұлт азаттық қозғалыс.
- •39Жанкожа и есет
- •40. 19 Ғ, 60жж.Қазақ жерлерін Ресей мемлекетінің жаулап алуының аяқталуы.
- •42, 1863-1869 Жж. Орал торгай обл. Жане 1870 ж. Мангыстау казактар котерлиси.
- •43.Патшалық Ресейдің Қазақстандағы хіХғ.Екінші жартысы мен хХғ.Басындағы қоныс аудару саясаты.
- •44ХХғ.Б. Қаз-ң әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы.
- •45. Қ/да 1916 ж. Ұлт азаттық көтеріліс.
- •47. 1917 Ж. Ақпан револ. Патша құл. Кейінгі Қаз.Ғы саяси жағдай.
- •51Алаш автономиясы
- •54. Жана экономикалык саясат
- •62№ Тын игеру.
- •63. 1965-1985 Ж.Ж. Қазақстан.
- •64, Кайта куру жылдары 1985-1991
- •65. 1986 Ж. Желтоқсан оқиғасы.
- •1945-1991 Жж казакстаннын мадени омири
- •68. Егемендік туралы диклорациясы
- •69. 1991-2007Жж. Қаз-ғы әлеум-эконом-ық реформалар.
- •71.Билим гылым мадениети
- •72. Қ.Р. 1991-2007 ж сыртқы саясат.
- •73. Қазақстан 2030
- •75,.Сатбаев атындагы университет
- •78№ Тарих толкынында атты енбеги.
15. Әл-Фарабидің ғылыми мұралары.
Әбу Наср әл-Фараби ,Әбу Наср Мұхаммад ибн Тархан ибн Узлағ әл-Фараби (870,Отырар каласы-950,Сирия, шам)- қыпшақ даласынан шыққан ұлы энциклопедист ғалым , ойшыл , философ ,математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасының отбасында дүниеге келген.Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, кейін Харрхан, Мысыр, Халеб, Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүр, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған ғұлама. Оның заманы «Жібек жолы» бойынша қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен мәдениетінің дамуы кезіне дәл келді. Әл-фараби Орта Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл ақындармен, қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректерге сүйеніп айтқанда, 70-ке жуық тіл білген деседі. Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия , логика, этика, метофизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, матиматика, медищина, музыка салаларынан 164 трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек оқымыстарының, әсресе Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады (Аристотельдің « Метафизика» , «Катигория», «Бірінші және екінші аналитика» сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған) . Арабтың атақты ғалымы ибн Хаукалдің «Китаб әл-масалик уәлмамалик» атты еңбегінде және XIII ғасырда өмір сүртен ибн Халиканның өзінің «Уфиат әл-аианфи әз –заман» атты еңбегінде Әл- Фарабидің арғы таталарының аттары таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12-16 жас шамасында керунге ілесіп, білім іздеп, Бағдадға кетеді. Әл - Фараби дүниеге келгенге деін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен Ислам дінін қабылдған . Отырарда ол кездегі санасы ашық әрбір мұсылман Ислам діні ғылымымен шұғылдануды парыз еткен. Әл Фарабидің араб тілді ғалымдар санатына қосылуы осы кезден бастау алады. Қасиетті Құран Кәрим тек діни қағидалар жинағы ғана емес , сонымен қатар талай ілімнің құпия кілтін бойына бүккен ғаламдық кітап болғандықтан , Әл -Фараби бүкіл Ислам ғылымдарына парыз болған иджтихад (ойлау қабілетінің шыңына жету үшін беріле еңбек ету) және муджтахид (иджтихадпен шұғылданған адамның өз жаңалықтарын Құран Кәрим мен Хадис Шариф –парыз Сүннет амалдарына негіздеуі)жолына түскен . Кеңес өкіметі тұсында атеистік идеолоияның ықпалымен Әл-Фараби діннен тас ғалым ретінде көрсетіледі. Әйтсе де, оның ислам бірлігін сақтауға қосқан зор үлесі туралы мындай дерек сақталған.
16. Шыңғыс ханның қ/н жеріне шапқыншылығы
ХІІІ ғ. Бас кезінде Моңгол империясының құрылуы Орталық және Орта Азия, Қазақстан мен Шығыс Еуропа халықтары мен мемлек. Тарихи тағдырына орасан зор ықпал жасады. 1218-1219 жж. Моңғолдар көрші елдердің көптеген халықтарын бағындырады. Моңғолдар Жетісуды ешбір қарсылықсыз басып алады. Тіпті 1210-1211 жж. Қарлық облысының иесі Арыстан хан Шыңғысханның қоластына көшеді. 1217ж. Алмалық облысының билеушісі Бұзар м.ханының вассалына айналады. Баласағұн қаласы моңғол қолбасшысы Жебеге соғыссыз беріледі. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алуы моңғолдардың Оңтүстік Қаз. Арқылы Орта Азияға жол ашты. Шыңғысхан әскерінің жорығы 1219ж. қыркүйекте басталады. Ертіс жағасына, Жетісу арқылы жүреді. Саны 150 мың адам еді, оның 111 мыңы моңғол болатын, қалған вассалдар қарлұқтар мен ұйғырлар. М.армиясының 1219 ж. Мауараннахрға жүретін жолы халқы тығыз тұратын Жетісу үстімен Орта және Төменгі Сырдарияның қалалы аудандарына қарай өтеді. Отырардың билеушісі Қайырхан 80 мың әскермен қаланы бес ай бойы қорғайды. Сыңнақ тұрғындары да өз қаланы жеті күн бойы қорғайды. Қаланы алғаннан кейін мұның да халқын көзі жойылады. Ашнас тұрғындары да тап осындай зауалға кезікті. Жент, Баршынлығкент, Өзгент тоналады. Қалалармен қатар суару жүйелері бұзылып, егіншілік аймақтары құртылады. 1221 жылдың көктемінде моңғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтайды.
Алтын орда
1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды. 1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашы- лардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда- да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы. 1359—1379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Солтүстік пен Батыста Ақсақ Темірдің басқын- шылық жоспарларына Алтын Орда мемлекеті кедергі жасады. Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқас 1395 жылы болды. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес-тартыс Сыпыра жыраудың жырларында бар. Алтын Ордада әскер ісін және дипломатиялық қатынастарды “беклербектер” басқарды. Ал, “басқақтар” алым-салық жинаумен айналысты. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді.
Алтын Орда талқандалды. Алтын Орда ХV ғасырдың ортасына қарай біржола құлады. Шаруашылығы және мәдениеті. Көшпелі мал шаруашылы- ғы мен отырықшы егін шаруашылығы Алтын Орда халықтары- ның басты шаруашылығы осы екеуі. Алтын Орда халықтары, негізінен, мұсылмандар болды. Алтын Орда мемлекетінде ал- ғашқыда көне ұйғыр жазуы негізгі жазу болып қалыптасса, кей- іннен ислам діні ықпалының күшеюіне байланысты араб жазуы да қатар қолданылды.
Хандары:
Бату хан (1242-1256)
Берке хан (1256-1266)
Мөңке хан (1266-1280)
Темір Туда-Мөңке (1280-1287)
Төле-Бұқа (1287-1291)
Тоқты хан (1291-1312)
Өзбек хан (1312-1342)
Жәнібек хан (1342-1357)
Ұлы Дүрбелең (1357-1380)
Тоқтамыс хан (1380-1395)
Едіге хан (1396-1411)
Ұлы Мұхаммед (1419-1423)
Барақ хан (1423-1428)
Ұлы Мұхаммед (1428-1446)
Ахмет хан (1447-1480)