Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6-c аз тіл.doc
Скачиваний:
821
Добавлен:
15.02.2015
Размер:
1.71 Mб
Скачать

4. Кіріккен сөзді тап.

А) Мөлдір су В) Ақыр заман орнату С) күздігүні Д) Қазақстан Республикасы

Е) Қабағынан қар жауды.

5. Қысқарған сөзді тап.

А) Көз шырымын алды В) Әлек салды С) Кетіп бара жатыр

Д) Оқуды үздік оқиды Е) педколледжді бітірді

6. Қысқарған сөзгге қате жалғанған қосымшаны тап.

А) АҚШ-қа В) медбикеге С) ТМД-на Д) БҰҰ-ны Е) см-ден

7. Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді тап.

А) ағалы-інілі В) басқа-басқа С) жекпе-жек Д) оқта-текте Е) жап-жасыл

.8. Туынды сөзді тап.

А) жазып отыр В) От ала келу С) Жиналысқа қатысу Д) қуыс мойын Е) Сіздің ойыңыз

9.Қайталама қос сөзді тап.

А) балапандар В) бала-шаға С) анда-санда Д) бетпе-бет Е) киім-кешек

10. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді тап.

А) балалар В) қалалық С) жауырын Д) қауырсын Е) дауыл

«Қосымша» тақырыбы бойынша

1. Көптік жалғауынсыз көптік ұғым беретін сөзді белгіле.

А) Құм,қымыз В) дәптер,біз С) әркім,өзен Д) келу,бөкен Е) қазақ, ақын

2. Жай септелу үлгісіндегі сөзді тап.

А) Әділдігі В) Кітабымды С) Сәніңізге Д) баламның Е) Адасқанның

3. Табыс септік жалғауындағы сөзді тап.

А) барады В) құлды С) асыранды Д) ағызды Е) оқыған-ды

4. Сөз түрлендіруші жұрнақты тап.

А) кең маңдайлы В) екеуле С) тыңайтқыш Д) үйшік Е) алма ағаш

5. Қай тіркесте септік жалғауы жасырын тұрған жоқ?

А) Тіл ұстарту В) өнер шашпақ С) Сөзді ұғу Д) ой байлығы Е) алма ағаш

6. Тәуелдік мағына тудыратын жұрнақты тап.

А) –лар,-лер,-тар В) –ның,-нің,-дың С) –ым,-ім-м Д) –нікі-дікі, Е) –мын,-сыңдар,-мыз

7. Жіктік жалғауының көпше түрінің I жағын көрсет.

А) Онда кеше барғанбыз. В) Орманға еніп бір-ақ тынықты. С) Неткен жақсы едің!

Д) Таратып ап кетіңдер анау үйлеріңді. Е) Сен Асанның кіші баласысың ба?

8. Ортақ тәуелдеу үлгісіндегі сөзді тап.

А) Өлеңім—менің бөбегім В) Байлықтың атасы—еңбек С) Баламызға доп алдық

Д) Ердің көркі—ел Е) Аталарымның өнегесі

9 Оңаша тәуелдеуді көрсет

А) Дәптер біздікі В) Сендердің жұмыстарың С) Оның өзі

Д) Оларға тапсырылған Е) Мен жазыппын

10 Сөз тудырушы жұрнақты тап.

А) Айтқалы,жаза В) балгер,тарсыл С) көрсе,естір Д) әкей,еркежан

Е) көрпеше,түйіршік

«Зат есім» тақырыбы бойынша

1. Дара зат есімді тап.

А) тұрғын В) оқу С) тасбақа Д) қиял Е) ата-ана

2. Күрделе зат есімді тап.

А) зейін В) білгіш С) әдеп-ғұрып Д) самғау Е) бос

3. Жалпы есімді тап.

А) «Абай жолы» В) Құлагер С) Балқаш Д) «Жас Алаш» Е) Тау

4. Негізгі зат есімді тап.

А) күнделік В) көркем С) ұлық Д) қол Е) ұғу

5. Сөйлемдегі зат есім қай сөз табынан жасалып тұр?

Мен кеше күрегімді жоғалтып алдым.

А) сын есім В) зат есім С) үстеу Д) етістік Е) ар-ұят

6. Деректі зат есімді тап.

А) тас В) шабуыл С) дәулет Д) азап Е) ар-ұят

7. Дерексіз зат есімді тап.

А) алтыбақан В) жер С) даңқ Д) дария Е) жусан

8. Зат есімнің рең мәнін тудыратын жұрнақтарын тап.

А) –лық,-лік В) –жан,-еке С) –ғы,-гі Д) –ым, -ім Е) –к,-ік

9. Жанама толықтауыш қызыметіндегі зат есімді тап.

А) Олар найманды шүйелемей қоймас.

В) Су ағын,жел соғуын тоқтатып,даланың қайғылы мұңын талай тыңдағаны рас. С) Еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігінің бастауы—желтоқсан оқиғасы. Д) Ол өзінің ағасына хат жазды.

Е) Ана тілі ғасырлар бойында жасала да,жасара да береді.

10 Жалқы есімі бар сөйлемді тап.

А) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.

В) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.

С) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.

Д) Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек,қызыл пүліш камзол.

Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол

«Сын есім»тақырыбы бойынша

1. Заттанған сын есімнен жасалған толықтауышты тап.

А) Ілім-дария көл, надандық-сусыз шөл. В) Жаманға сөз айтсаң,ақыл таппас жауап айтады.

С) Ақымақ бұзуға бар,түзеуге жоқ. Д) Ердің атын еңбек шығарады.

Е) Жаман өз үйінде өзі қонақ.

2. Анықтауыш қызыметін атқарып тұрған қатыстық сын есімді тап.

А) Сәтжанның қабағы қатулы. В) Омар сабақты жақсы оқиды.

С) Қоңыр шашының арасынан бас құйқасы көрінеді.

Д) Бірі—сұлу,бірі—мықты, бірі—жүйрік.

Е) Адам—тастай берік,гүлдей нәзәк жаратылыс.

3. Күрделі сын есімнен жасалған анықтауышты тап.

А) Керегетастың азу-азу ирек-ирек тас биіктеріне күн сәулесі ілінді.

В) Күздің әдемі күні туып келеді. С) Ақшыл бұлттан аспан ашылды.

Д) Зейнеп—көргенді,тәрбиелі қыз.

Е) Жан-жақтан көк шалғынның,жусанның иісі аңқиды.

4. Негізгі сын есімнен жасалған бастауышты тап.

А)Арман—адам қанаты. В) Көрмес—түйені де көрмес.

С) Айла—алтау,ақыл—жетеу Д) Көне сөз—жаңа сөздің қазығы. Е) Жақсы байқап сөйлер,жаман шайқап сөйлер.

5. Салыстырмалы шырай қатысқан сөйлемді анықта.

А) Әуе тұп-тұнық,жібектей жұмсақ

В) Көкшенің қыр арқасы көкшіл гауһар тас сияқтанып тұр

С) Күнге шағылысқан аппақ қар көзіңді аштырмайды.

Д) Жуас торы ат үріккен жоқ.

Е) Ақкөңіл,өте қарапайым адамдар екен.

6. «Көкпеңбек,аппақ» сөздері қай шырайда қолданылып тұр?

А) жай шырай В) асырмалы шырай С) күшейтпелі шырай

Д) шырайы жоқ Е) салыстырмалы шырай

7. Сапалық сын есімнен жасалған баяндауышты тап.

А) Өнерлі бала сүйкімді. В) Көп сөз—күміс С) Ел жасымен көрікті

Д) Халық сөзі—қаһарлы. Е) Отан—оттан да ыстық.

8. Туынды сын есімді тап.

А) жылтыр В) биік С) момын Д) кенді Е) жұмсақ

9. Дара сын есімді тіркесті тап.

А) хош иісті зат В) аппақ қар С) киім тазаланды

Д) көгілдір аспан Е) теп-тегіс жол

10. Негізгі сын есімді тап.

А) түртіншек В) батыл С) шыдамды Д) адам Е) рухани

«Сан есім» тақырыбы бойынша

1. Күрделі сан есімді тап.

А) мыңдап В) елулерде С) жүз Д) екеу Е) екі бүтін оннан үш

2. Қай қатардағы сан есімдер арасына дефис қойылмайды?

А) он оннан В) отыз қырықтарда С) екеу үшеу

Д) төрт мың Е) үш төрт

3. Сан есімнің сөйлемде атқаратын негізгі қызметі не?

А) бастауыш В) баяндауыш С) толықтауыш Д) анықтауыш

Е) пысықтауыш

4. Шығыс септігінде тұрып,пысықтауыш болатын сан есім түрі қайсы?

А) есептік В) реттік С) жинақтық Д) бөлшектік Е) топтау

5. «-ншы» жұрнағы жалғанатын сан есімді тап.

А) екі В) он сегіз С) жиырма алты Д) он Е) мың

6. Реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған?

А) X –сынып В) 2004-жылы С) 24-қараша Д) 1-інші үй Е) 3-алма алды

7. Баяндауыш қызметіндегі сан есімді тап.

А) Той өтті үшеуімізді күрсіндіріп. В) Екі жастың қуанышы тойланды.

С) Сіз бірінші орынға адамзаттың қара күшін қойдыңыз.

Д) Екеуіне сүйсінумен өтермін. Е) Ән айтатын өнерпаздар—осы үшеуміз

8. Қай сөйлемде сан есім емлеге сай жазылған?

А) 1845-жылы ұлы Абай дүниеге келген.

В) Жолдастарымның кеткеніне екі үш күн болды.

С) Сағат 6 ға 10 минут қалғанда Азамат пәтерінен шықты.

Д) 30-40-тай адам жиналған екен. Е) Біз 2-еу едік.

9. Есептік сан есім қатысқан сөйлемді тап.

А) Күллі ақыл мен ғалымды тоздыратұғын төрт нәрсе бар.

В) Құрдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген.

С) Арада жыл жарым өтті. Д) Бір үйден он бес-жиырмадан мал өреді

Е) Мен 11-сыныпта оқимын.

10. Сан есім қандай жағдайда пысықтауыш қызметін атқарады.

А) Барыс,жатыс,шығыс,табыс септіктері тұлғасында

В) Заттанып,ілік септік жалғауы тұлғасында

С) Заттанып,атау септік тұлғасында

Д) Жіктеліп не көмекші етістікпен тіркесіп Е) Етістіктің алдында келіп.

«Есімдік» тақырыбы бойынша

1. Күрделі есімдіктер қатарын тап.

А) күллі,барша,тегіс В) өзім,өзді-өзі, өздеріңіз С) қашаннан? Қайсысы?

Д) әркім, қайсыбір,ешқашан Е) мынау,осыңыз,соным

2. Пысықтауыш қызметіндегі есімдікті тап.

А) Олар жиналысқа түгел қатысты. В) Мұны ертеңге қалдыруға болмайды.

С) Оның ағасы ешкімге тиіспейді. Д) Бұлардың ойы іске аспады.

Е) Барлық есті кісілер ертеңін ойлауға тиіс.

3. Жалпылау есімдігі қатысқан сөйлемді тап.

А) Ешкімге тіл қатушы болма. В) Саған тай сатып әперемін.

С) Өзің үлкен,қылығың—бала-шаға.

Д) Еріншектік—күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.

Е) Әрбір жинақылықтың түбі—кеніш.

4. Тәуелденген тұлғадағы сілтеу есімдігін тап.

А) кіміңіз? Несі? В) бұнысы,мынауымыз С) соның,анаған

Д) өздерің,өзіңіз Е) барлығынан,бәрінің

5. Қай қатар есімдіктің бір мағыналық түріне жатпайды?

А) әркім,кейбіреу,әлденеше В) олар,мен,біз С) кім, қашан, неше

Д) біреу, ешбір,қайсыбір Е) бәрі,түгел,барша

6. Емлеге сай жазылған есімдіктер қатарын тап.

А) Еш уақытта, еш қашан В) әлде кім,әр адам

С) әркім,ешқайда Д) кей ағаң, кей біреу Е) бүгін,еш теңе

7. Есімдік сөйлемде қандай қызмет атқарып тұр?

Батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.

А) толықтауыш В) баяндауыш С) пысықтауыш

Д) бастауыш Е) анықтауыш

8. Болымсыздық есімдігін көрсет.

А) бірнеше В) саған С) дәнеңе Д) әлдекім Е) түгел

9. Тұлғасы өзгеріліп септелген есімдікті тап.

А) осынау В) оған С) әрне Д) кейбіреулер Е) ештеңе

10. Дұрыс септелген есімдікті тап.

А) менге В) сенмен С) сода Д) бұдан Е) сеннің

«Етістіктің түрлері» тақырыбы бойынша

1. Құранды етістікті тап.

А) уәде бер В) айта бар С) келе сал Д) айтып сал Е) барып қал

2. Туынды түбір етістікті тап.

А) қараған В) байымайды С) кеспейді Д) қадалды Е) батырыпты

3. Негізгі түбір етістікті тап.

А) ойлан В) сана С) шақыр Д) тазала Е) басқар

4. Қай етістік табыс септігіндегі сөз арқылы анықталады?

А) салт В) сабақты С) құранды Д) көмекші Е) құранды

5. Жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алмайтын етістіктің түрін көрсет.

А) салт В) сабақты С) болымсыз Д) көмекші Е) құранды

6.Болымсыз етістікті тап.

А) Қалам бар (ма) В) Бұл—шығар(ма) С) Сабақтан қал(ма)

Д) Қызық жарна(ма) Е) Атым Ал(ма)

7. Етістіктің қай түрі іс-әрекеттәң жүзеге аспағанын білдіреді?

А) болымды В) күрделі С) болымсыз Д) негізгі Е) туынды

8. Болымды етістікті тап.

А) Бет қаратар емес В) Жалған айтып суыспа

С) Енді топтың ішін көрмек емес Д) Жүйрік алысқа шабады.

Е) Енді бұлай істемегейсің.

9.Күрделі етістіктің қатарын белгіле.

А) балтала,ойлан,ақылдас

В) жұлқылады,тарсылдады,ойбайлады

С) жүре бер,әуре-сарсаңға түсті,әперді

Д) көңілден,ағар,үшеуле

Е) жаздыртты,оқытты,сөйлесті.

10Сабақты етістікті тап.

А) Келгеніне қатты қуанып еді.

В) Дала тіршілігі басталғалы тұр.

С) Қаңтардың қақаған қарлы бораны да келіп жетті.

Д) Ғарышкер болғысы келеді.

Е) Тәжірибесін үйретумен келеді.

«Есімше», «Көсемше» тақырыптары бойынша

1. Бұрынғы өткен шақ көсемшенің жұрнағын тап.

А) –қан В) –атын С) –ып Д) –ды Е) –а

2. Қай қосымша жіктелмейді?

А) –атын В) –ғалы С) –ған Д) –ар Е) –с

3. Ауыспалы өткен шақ жасайтын есімшенің жұрнағы қайсы?

А) –атын В) –ған С) –ар Д) –мақ Е) –с

4. Көсемшелі сөз тіркесін тап.

А) айтқалы келді В) жазбақ екен С) айтып берді

Д) айта салды Е) жаза тұр

5. Көсемше жұрнақтарының қатарын тап.

А) –ған,-ген,-қан,-кен В) –а,-ып,-ғалы,-й С) –атын,-етін,-р

Д) –е,-іп,-ар,-ер Е) –с,-атын,-гелі,-п

6. Көсемше тұлғалы етістіктің жіктеліп тұрған түрін тап.

А) келгелі,үйренгелі В) айттым,қалдым С) бітіпті,тозады

Д) табатын,үндемес Е) барған емеспін,келер еді

7. Есімшенің тәуелденген түрін көрсет.

А) аяқта,ұқ В) бұзар,шабар С) егер,ендеше

Д) көргенің,айтарым Е) жазым,басылым

8. Есімшенің қысқарған түрін тап.

А) Көрмес—түйені де көрмес. В) Мен отырман билерше бос мақалдап.

С) Мен келем тау ішінде түнделетіп Д) Алаған қолым береген.

Е) Қазіргі уақытта көреген кісілер аз.

9. Бастауыш қызметін атқарып тұрған есімшені тап.

А) Көп күн өтіп кетті ғой сен кеткелі В) Туған жердей жер болмас.

С) Ел аралаған сыншы болар. Д) Ат айналып қазығын табар.

Е) Айыратын жаман бар,қосатын жаран бар.

10. Пысықтауыш қызметіндегі көсемшені тап.

А) Абай өзін де,айнала жұртты да тегіс ұмытыпты.

В) Адам сөйлей-сөйлей шешен болады.

С) Тарантас зырлап келеді.

Д) Жанар орнынан тұрып қонақтарды қарсы алды.

Е) Жел басылып қалған екен.

«Етістіктің шақтары»тақырыбы бойынша.

1. Қай сөйлем сөйлеп тұрған уақытқа дейін әрдайым болып тұрған іс-әрекетті білдіріп тұр?

А) Біз жазда өзенге шомылуға баратынбыз.

В) Мен сабаққа дайындалдым. С) Олар ертең балық аулауға бармақшы.

Д) Ол үйде жалғыз отыр Е) Ол ертең келеді.

2. Баяндауышы мақсатты келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді көрсет.

А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.

В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. С) Кешке алтыбақан құрамыз.

Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне піріндей сенеді.

Е) Көрмес—түйені де көрмес.

3. Сөйлеп тұрған кезде болып жатқан іс-әрекетті тап.

А) Марат маған айтып тұрды. В) Олар сенің кітабыңды кеше сыныпта алып жүрген. С) Ол екі бұрын қалаға бара жатқан.

Д) Салтанат сабақ түсіндіріп тұр. Е) Мақсатым—тіл ұстартып,өнер шашпақ.

4. Баяндауышы ауыспалы келер шақ тұлғасындағы етістіктен жасалған сөйлемді тап.

А) Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.

В) Түн ортасында аттарды жемдеп алармыз. С) Кешке алтыбақан құрамыз.

Д) Олардың ақылдылығына ,білімділігіне піріндей сенеді

Е) Атасы бәрін түсінетін.

5. Күрделі нақ осы шақты тап.

А) айтып тұрды В) алып жүрген С) бара жатыр еді

Д) оқымай жүр Е) Сурет салып отырмақшы

6. Етістіктің болжалды келер шақ түрін тап.

А) сөйледі В) сөйлеген С) сөйлер Д) сөйлейді Е) сөйлеп отыр

7. Етістіктің жедел өткен шақ түрін көрсет.

А) жеткізер В) жеткізген С) жеткізетін Д) жеткізеді Е) жеткізді

8. Ауыспалы өткен шақ тұлғасындағы сөзді тап.

А) Қадірледі В) қадірлейтін С) қадірлеген емес

Д) қадірлейді Е) қадірлепті.

9. Қалып етістігін тап.

А) жүр В) е С) ет Д) де Е) кел

10. Бұрынғы өткен шақта тұрған сөзді тап.

А) танысқан екен В) танысты С) танып тұрмын

Д) таниды Е) танитынмын

«Етістіктің райлары» тақырыбы бойынша

1. Шартты райлы етістікті тап.

А) Бір көрсем,арманым болмас еді. В) Содан кейін мені бір сына.

С) Өзің білесің,біз момақан шаруамыз.

Д) Теңді шештірме,үйге де әбігер болма.

Е) Тамақ жегім келмей тұрғаны.

2. Қай сөйлемде бұйрық рай қолданып тұр?

А) Оның қазақ тілін үйренгісі келеді. В) Осы сұрақтың жауабын түсіндіріңіздер

С) Менің дәптерімді табыңдар. Д) Олар үйге ертерек жетсін.

Е) Күн жылы болса,тауға шығамыз.

3.Шартты райлы етістікті тап.

А) Бір түрлі ұйықтағым келіп тұрғаны. В) Үйге тезірек келсейші

С) Осы сұраққа жауап берсеңіз екен. Д) Қазір демалыс болса ғой!

Е) Жазсам,бітіріп тастаймын.

4. Қалау райды тап.

А) Тез жазып бітір В) Бүгін бізге келерсің С) Үйге ертерек барса игі еді.

Д) Жазса,тез бітіреді. Е) Оған айт,үйге тез жетсін.

5. Бұйрық райдың 3-жағын тап.

А) табыңдар В) түсініңіздер С) үйренгісі келеді

Д) жетсін Е) ұнатты.

6. Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы райдың қай түріне тән?

А( шартты рай В) ашық рай С) ешбірі Д) қалау рай Е( бұйрық рай

7. Қалау райлы етістікті тап.

А) толқыса В) алса игі еді С) оқысаңыз Д) айтсаңшы Е) көрген

8. Қалау райдың қосымша жасалу жолын тап.

А) –ғай,-қай В) –мақ,-бақ С) –са,-се Д) –сын,сін Е) –ған,қан

9. Шартты райды тап.

А) Қазір әкем келсе ғой! В) Бүгін үйге келсеңізші.

С) Тезірек жазып болсай. Д) Келгісі келсе,келсін.

Е) Қап,сонда айтсамшы.

10. Қалау,ниет сияқты ойды білдіретін бұйрық райды тап.

А) Тезірек болсайшы! В) Кел,балалар,оқылық!

С) Айтып болдыңыз ба? Д) Түсте асханаға барайын.

Е) Маған көмектесіңізші.

«Етіс», «Тұйық етістік тақырыптары бойынша»

1. Қай етістің жұрнағы салт етістікті сабақтыға айналдырады?

А) өзгелік В) өздік С) ырықсыз Д) ортақ Е) ешбірі

2. Бірыңғай етіс жұрнақтарын тап.

А) –ар,-ып,-ыр В) –т,-с,-л С) –а,-е,-й Д) –ғыз,-ған,-ғалы

Е) –р,-с,-п

3. Қай етісте іс-қимыл өздігінен орындалғандай болады?

А) ортақ В) өздік С) өзгелік Д) ырықсыз Е) ешбірі

4. Өзгелік етістің жұрнағын тап.

А) –ын,-ін,-н В) –ыл,-іл,-л С) –ыс,-іс,-с

Д) –дыр,-гіз,-т Е) –ған,-ар,-с

5.Емлеге сай жазылған тұйық етістікті тап.

А) тасыу В) кепу С) жуу Д) жайу Е) суыу

6. Дұрыс жазылған етістікті тап.

А) жуыу В) байыу С) кею Д) сыйу Е) төку

7. Ырықсыз етіс қатысқан сөйлемді тап.

А) Алғысын жаудырды. В) Қасиетті туған жерді көркейт.

С) Дұрыс қанаттанған түзу ұшар Д) Жиналыс өткізілді.

Е) Тайынбаған тауды жығады.

8. Қимылдың атын білдіретін,шақпен,жақпен байланысты болмайтын етістіктің тұлғасын көрсет.

А) Тұйық етістік В) Сабақты етістік С) құранды етістік

Д) Көмекші етістік Е) Болымды етістік

9. Етіс нені білдіреді?

А) Сөйлеп тұрған сәтке қатысты қимылдың өту кезеңін білдіреді.

В) Іс-әрекеттің орындаушыға,қимыл иесіне қатысын айқындайды.

С) Сөйлеушінің сөзі арқылы қимылдың шындыққа қатысын білдіреді.

Д) Шақпен,жақпен байланысты болмай,қимыл іс-әрекеттің атын білдіреді.

Е) Әрі есім,әрі етістік мәнінде жұмсалатын етістіктің ерекше түрі.

10. Бастауыш қызметіндегі тұйық етістікті тап.

А) Үлкенге—құрмет,кішіге—ізет. В) Арақты сатпау керек.

С) Темекі шегу денсаулыққа зиян Д) Нанды жерге тастауға болмайды.

Е) Сауысқанның тамағы шоқуменен табылған.

«Үстеу» тақырыбы бойынша.

1. Күрделі үстеуді тап.

А) бүгін келдім В) кеше бардым С) әрең көтердім

Д) балаша сайрады Е) шикілей әкелді.

2. Мезгіл үстеуін көрсет.

А) өте үлкен екен В) ілгері жүрді. С) әрең ұйықтады.

Д) Қыруар жұмыс істедік Е) Бүрсігүні аттанды.

3. Мекен үстеуін тап.

А) Алға қадам басты. В) Әрең-әрең бара жатты.

С) Қасақана істеген. Д) Амалсыздан үйіне жүрді.

Е) Қолма-қол тапсырды.

4. Мақсат үстеуін тап.

А) әлгінде,емін-еркін В) орасан,әжептеуір С) жорта,әдейі

Д) тысқары,мұнда Е) Амалсыздан,бекерге

5. «тым,ең,кілең» үстеулері үстеудің қай түріне жатады?

А) мекен үстеуі В) мезгіл үстеуі С) күшейткіш үстеуі

Д) мақсат үстеуі Е) себеп-салдар үстеуі

6. Септік жалғауларының түбірге сіңісіп,көнеленуі арқылы жасалған туынды үстеулерді тап.

А) сұңқардайын,осылай В) биыл,соншалық С) әрең-әрең,қыстай

Д) жаздыгүні,күн ұзаққа Е) қапыда,текке

7. Пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын-қимыл үстеуін тап.

А) Поездан әдейі түсіп қалдым. В) Күндіз де,түнде ол Барластың қасынан шықпайды. С) Соншама қандай қуаныш?!

Д) Жоғарыдан бетіме бірдеме тарс ете түсті.

Е) Ыза кернеп зорға тұрмын.

8. «қалай қарай?» сұрағы қай үстеуге тән.

А) мақсат В) мезгіл С) мекен Д) сын-қимыл Е) мөлшер

9. Туынды үстеудің жұрнағын тап.

А) –дай В) –даған С) –ың Д) –ғыр Е) –дық

10. Мөлшер үстеудің сұрағын тап.

А) қашаннан? В) қаншама? С) қайдан?

Д) кімше? Е) қандай?

«Еліктеу сөз», «Одағай» тақырыптары бойынша

1. Одағайға тән ерекшелікті тап.

А) Басқа сөздермен байланысқа түспейді.

В) Сөз бен сөзді байланыстырады.

С) Қимыл,іс-әректтің белгісін білдіреді.

Д) Заттардың қозғалысын,күйін көру арқылы бейнелейді.

Е) Өзінен бұрын тұрған сөзді айқындайды, дәлелдейді.

2. Күрделі еліктеу сөз қатысқан сөйлемді тап.

А) –Сауға,--деді саңқ етіп.

В) Қараторғай көк аспанды матадай дар еткізіп, қақ айырғандай құлдилады.

С) Тар бөлменің іші бұрқ етіп,шаң-тозаңға толып кетті.

Д) Шаңқ еткен мылтық түтіннің ішінде Ұрқия да,қабан да көрінбей кетті.

Е) Сайдағы ауыл жақтан көп иттің арс-ұрс,шәу-шәу етіп үргені естіледі.

3. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған еліктеуішті тап.

А) Үрінді қарды борт—борт басысып қос аттылы Бүркітті бауырын өрлеген.

В) Сейіт күтпеген сөзге селк етті.

С) Су түбінде малта тастар жалтырап,су сылдыр-сылдыр етеді.

Д) Алаң да алаң,алаң жұрт,ақала ордам қонған жұрт.

Е) Аулада асық ойнаған балалардан басқа селт еткен жан жоқ.