- •Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
- •Жербедер пішіндері, олардың морфометриялық сипаттамасы
- •Жербедері жасын анықтау әдістері
- •Эндогенді және экзогендік процестердің өзара байланыстары және олардың жербедерінде көрінісі
- •Орта мұхиттық жоталар, олардың құрылысы, карта бетінде бейнеленуі
- •Бедертүзілуіндегі экзогенді процестер туралы жалпы сипаттама.
- •Топографиялық карталарда гравитациялық бедер пішіндерін бейнелеу және оның маңызы.
- •-9Флювиалдық морфомүсін, оның таралуы, негізгі пішіндері
- •10. Өзен аңғарларының морфологиялық типтері, олардың топографиялық карталарда бейнелеу ерекшеліктері
- •11 Өзен аңғарларының тектоникалық типтері
- •12 Лесс, оның таралуы және қалыптасуы
- •13 Карстылы бедердің қалыптасуындағы қолайлы жағдайлар
- •16. Термокарст, оның мәні және таралуы
- •Условия развития термокарста
- •19 Көпжылдық тоңның пайда болу уақыты мен себептері
- •20. Дефлюкция және солифлюкция, олардың себептері және таралуы Дефлюкционные склоны
- •21. Шөлдер типтері, олардың жербетінде таралу заңдылықтары.
- •22. Дефляция және корразия, олардың әрекеттілік нәтижелері.
- •23. Бархандар мен дюналар, олардың қалыптасуы және таралуы.
- •24. Жазықтар типтері, олардың таралу заңдылықтары.
- •25. Таулар, олардың типтері және таралу заңдылықтары.
- •26. Деструкция мен денудация процестері, олардың нәтижелері.
- •27. Морфоқұрылымдық ілім, оның қалыптасуы.
- •28. Тегістелі беттері. У. Дэвис және в. Пенктің ілімдері.
- •29. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Материктердің су асты шеткейі.
- •30. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Өтпелі зона, оның типтері.
- •31. Мүхит түбі морфоқұрылымдары. Мүхит түбі, оның құрылысы
- •32. Карсталық процестер және бедер пішіндері.
- •33. Минералдар мен тау жыныстардың жаратылысы және классификациясы
- •1.Магматикалық тау жыныстары.
- •2.Метаморфиялық тау жыныстары
- •3. Шөгінді шыныстар
- •35. Қар мен мұздың бедержаралу әрекеті
- •36. Фациялар мен формациялар тұралы ұғымдар. Олардың палеогеографиялық зерттеулердегі маңызы.
- •37. Рифтер, авлакогендер тұралы ұғымдар. Орта мұхит жоталары, олардың құрылысы және дамуы.
- •38. Мұздықтар, олардың қалыптасуы және қоректенуі
- •39. Қазіргі мұздықтардың типтері.
- •40. Мұздықтардың бедертүзу әрекеті және онымен байланыст ы бедер пішіндері.
- •41. Флювиогляциалдық үрдістер және олармен байланысты бедер пішіндері.
- •42. Экзогенді үрдістер тұралы жалпы мәліметтер, өзенаралық ассиметрия, оның себептері.
- •43. Геоморфологиядағы негізгі терминдер мен анықтамалар.
- •44. Төрттік мұздану, оның себептері, орталықтары, таралуы және бедертүзу нәтижелері. Карта бетінде белгіленуі
- •Мұзбасу орталықтары
- •Мұзбасу сатысы
- •45. Жер бедерін классификациялау негізіндегі белгілер. Морфологиялық (морфографиялық, морфометриялық) классификациялауы.
- •46. Үгілу прроцестері, олармен қалыптасқан бедер пішіндері.
- •47. Криогенді процестер және бедер пішіндері. Оларды картографиялау белгілері және маңызы
- •49. Дефлюкция және солифлюкция, олардың бедертүзу әрекеті.
- •50. Бедертүзу процестердің жұмысы. Морфоқұрылымдық ілім, оның негізі және маңызы.
- •57.Уақытша ағынды сулар әрекеті, олардың бедерде көрінісі және картада бейнеленуі
- •58Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •59 Жер қабығының құрылымдық элементтері. Қайта жаңарған платформалар немесе эпиплатформалық таулар (орогендер), олардың қалыптасуы және құрылысы.
- •60. 7.Қазіргі борпылдақ шөгінділер типтері, олардың таралуы және карта бетінде бейнеленуі. Антропогендік бедертүзулуі.
- •61. Антропогенді процестер және бедер пішіндері. Олардың белгілері.
- •62. Жерсілкіністер мен цунамилер, олардың бедержаралу маңызы.
- •63. Меандрлеу процесі, меандрдың құрылысы.
- •64. Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •66.Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •67.Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •68.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •69.Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық типтері. Олардың карта бетінде анықталуы.
- •70.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •71.Карта бетінде бедерді бейнелеудің ғылыми және практикалық маңызы.
- •72.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •73.Геоморфологиялық карта, оның типтерi және мазмұны
- •74.Геоморфологиялық карта, оның типтері. Аналитикалық және синтетикалық геоморфологиялық карталар, оларды бейнелеу негізгі әдістері
- •75. Геоморфология ғылымы оның геология жане географиямен байланыстары.
- •77.Эрозия бащисі, оның өзгеру себептері
- •78.Космогенді жер бедері, оның қалыптасуы жане көрінісі
- •79. Жер бедері зерттелуіндегі негізгі бағыттар.
- •80.Геоморфологиялық карталардың жасалуында қолданылатын негізге тәсілдер
- •81.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •1. Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
-9Флювиалдық морфомүсін, оның таралуы, негізгі пішіндері
Құрылық бетінен ағатын барлық суларды аққыш сулар деп атайды: жаңбыр, еріген қар, уақытша және тұрақты өзен сулары. Басқа сыртқы агенттер сияақты (үгілуден басқа) ағынды сулар да еріту, шайылу және сызықтық шайылу – эрозия арқылы ағатын бетін бұзады, материалдарды тасымалдайды және жинайды. Бұл жұмыстың сипаты мен масштабы өте көптеген себептерге байланысты, соның ішінде беткі сулардың ағындық пішіне тәуелді. Олар арналық және арналық емес болып бөлінеді. Өз алдына, арналық емес ағын жазықтық және сорғалап ағатынға бөлінеді. Жазықтық шайылуда шайылу материалы беткей етегінде жиналады, беткейді оның етегіндегі тегіс бетпен теңестіре бастайды. Осындай жолмен беткей етегінде қалыптасқан түзілімдерді делювий деп атайды. Делювий кең таралғанда беткейді және оның маңындағы кеңістіктерді жауып, делювийлік шлейфті түзейді. Грунттардың механикалық құрамы біртекті емес құралған, тік беткейлерде нөсерлі жауын жауғанда өзгеше бедер пішіндері – жер пирамидалары қалыптасуы мүмкін. Ойлы-қырлы жерлерде (тауларда) өсімдігі аз беткейлерде, үгілудің үлкен массаларынан лайлы-тасты тасқындар – селдер туындайды. Бұл жағдайларда нөсерлі жауындар апатты сипаттағы шайылуды қалыптастырады. Су массалары материалдармен араласа (тасшақпа, қойтастар) лайлытасты массаға айналып, беткей етегіне аңғарларға беттейді. Әдетте лайлы және лайлы-тасты массалар қозғалысы тау аңғарлары түбімен жалғасады, олар өзен суымен араласып, жылдамдығы арта түседі. Тау алды жазығына шығып кең кеңістіктерге таралады, селдер егіншіліктерді құртып, ауылдар мен қалаларды үлкен бұзылысқа ұшыратады (мысалы, 1921 ж. шілдедегі және 1963 ж. тамыздағы Алматыдағы сел тасқындары). Бұл материалдардың барлығы тау аңғарынан шыққанда жайпақ ысырынды конус түрінде таралады, ысырынды конуста тауға жақын ірі материалдар шоғырланады (5-7 км), ал ұсақтары (40-50 км) тауалды жазығына шығарылады. Осындай жолмен селдік және уақытша тасқындардан түзілген түзілімдер пролювий деп аталады. Арналық ағын уақытша және тұрақты болып бөлінеді. Уақытша арналық ағынның кең таралған мысалына тегіс емес және тілімденген беткейлерден атмосфералық жауын-шашынның ағуын келтіруге болады. Су ойпауыттарда жиналып, оның бұзғыштық әрекеті жазықтықтық шайылудан сызықтық шайылуға – эрозияға ауысады. Тұрақты ағынға жылғалар мен өзендер мысал бола алады. Эрозияның регрессивтік, тереңдіктік, бүйірлік, трансгрессивтік түрлері кездеседі. Ағынның бойлық кескінінде, судың қозғалу күші мен арналық қарсылықтың арасындағы салыстырмалы теңдестікке жетеді, осы теңдестікті теңдестік кескіні деп атайды. Теңдестік жағдайы тұрақсыз, ол арнадағы судың өзгеруінен, ұсақталған материалдың келуінен туындауы мүмкін. Сонымен, ағын, оның арнасы, аңғар беткейлері , барлық су жинау алабы және болып жатқан үрдістер (өсімдіктер дамуы, шайылу, булану және т.б.), жауын-шашын мөлшері мен режимі күрделі динамикалық жүйені құрайды, олардың бұзылыстары ағынның бойлық кескіні мен оның арнасында байқалады. Бойлық кескіннің барлық қисықтары беткей негізінде жатқан нүктеге байланған. Ол бойлық кескіннің ең төменгі нүктесі болып табылады және оны эрозия базисі (жергілікті, әлемдік) деп атайды. Эрозионды пішін жасалғанда түзілетін материалдарағынмен сағаға шығарылып, беткей етегінде жиналады. Бұл материалдардың түзілімі құрлықта өтсе, жайпақ аккумулятивті бедер пішіні – ысырынды конус қалыптасады, ал теңіз немесе көлдегі түзілімдерде ағын сағасында атырау қалыптасады. Бүйірлік эрозия есебінен және бастаудан сағаға дейін иреңделу жолы қалыптасады, ылдилық азайып,ағынның озғалу күші төмендйді, ол өз кезегінде баяу ағысты жерлерде тасымалданып жатқан материалдың шөгуіне жағдай жасайды. Иреңделу дамығанда шайылу бір тік және иілген жағаға тән болады, қарсы жағада тасындылар шөгуі жүреді және ол тегіс, әрі дөңесті болады. бүйірлік эрозия есебінен ағын аңғары кеңейеді. Ағындармен шөккен тасындылар аллювийлік (аллювий) деп аталады. Кейбір жағдайларда уақытша арналық ағын мәдени пласттарды бұзатын, беткейлерді тілімдейтін, эрозионды пішіндерді – жырмалар, шұқанақ пен жыраларды қалыптастырады. Басталып жатқан беткей шайылуының алғашқы белгілеріне атыздар мен жырмалар жатады. Олар жыртылған, өсімдік жамылғысының біртұтастығы бұзылған жерлерде, қолат түптерінде және т.б. пайда болады. Жырмалар ені 0,1 ден 1,0 м-ге дейін, тереңдігі 0,5-1,0 м – ге дейін, ал ұзындығы ондаған метрлерге жетуі мүмкін. Жырмалар ары қарай шайылуда одан ірі пішінге – шұқанаққа өседі, ол өз кезегінде жыраға айналады. Жыралар тереңдігі 40-50 м, ені 150-300 м, ұзындығы 3-5 км жетуі мүмкін. Бедердің белсенді дамып жатқан эрозионды пішіндеріне U-тәріздес кескін, шашылыптөгілген тік беткей, тар түп пен шыңдық құлама тән. беткей бойымен аққан су бұл жерде кішігірім сарқыраманы қалыптастырады ол арнаны шайып, «сулы құдықты» түзейді. Өзендердегі сарқырамалардың шегінуі осындай ұқсас жолмен өтеді.
