- •Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
- •Жербедер пішіндері, олардың морфометриялық сипаттамасы
- •Жербедері жасын анықтау әдістері
- •Эндогенді және экзогендік процестердің өзара байланыстары және олардың жербедерінде көрінісі
- •Орта мұхиттық жоталар, олардың құрылысы, карта бетінде бейнеленуі
- •Бедертүзілуіндегі экзогенді процестер туралы жалпы сипаттама.
- •Топографиялық карталарда гравитациялық бедер пішіндерін бейнелеу және оның маңызы.
- •-9Флювиалдық морфомүсін, оның таралуы, негізгі пішіндері
- •10. Өзен аңғарларының морфологиялық типтері, олардың топографиялық карталарда бейнелеу ерекшеліктері
- •11 Өзен аңғарларының тектоникалық типтері
- •12 Лесс, оның таралуы және қалыптасуы
- •13 Карстылы бедердің қалыптасуындағы қолайлы жағдайлар
- •16. Термокарст, оның мәні және таралуы
- •Условия развития термокарста
- •19 Көпжылдық тоңның пайда болу уақыты мен себептері
- •20. Дефлюкция және солифлюкция, олардың себептері және таралуы Дефлюкционные склоны
- •21. Шөлдер типтері, олардың жербетінде таралу заңдылықтары.
- •22. Дефляция және корразия, олардың әрекеттілік нәтижелері.
- •23. Бархандар мен дюналар, олардың қалыптасуы және таралуы.
- •24. Жазықтар типтері, олардың таралу заңдылықтары.
- •25. Таулар, олардың типтері және таралу заңдылықтары.
- •26. Деструкция мен денудация процестері, олардың нәтижелері.
- •27. Морфоқұрылымдық ілім, оның қалыптасуы.
- •28. Тегістелі беттері. У. Дэвис және в. Пенктің ілімдері.
- •29. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Материктердің су асты шеткейі.
- •30. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Өтпелі зона, оның типтері.
- •31. Мүхит түбі морфоқұрылымдары. Мүхит түбі, оның құрылысы
- •32. Карсталық процестер және бедер пішіндері.
- •33. Минералдар мен тау жыныстардың жаратылысы және классификациясы
- •1.Магматикалық тау жыныстары.
- •2.Метаморфиялық тау жыныстары
- •3. Шөгінді шыныстар
- •35. Қар мен мұздың бедержаралу әрекеті
- •36. Фациялар мен формациялар тұралы ұғымдар. Олардың палеогеографиялық зерттеулердегі маңызы.
- •37. Рифтер, авлакогендер тұралы ұғымдар. Орта мұхит жоталары, олардың құрылысы және дамуы.
- •38. Мұздықтар, олардың қалыптасуы және қоректенуі
- •39. Қазіргі мұздықтардың типтері.
- •40. Мұздықтардың бедертүзу әрекеті және онымен байланыст ы бедер пішіндері.
- •41. Флювиогляциалдық үрдістер және олармен байланысты бедер пішіндері.
- •42. Экзогенді үрдістер тұралы жалпы мәліметтер, өзенаралық ассиметрия, оның себептері.
- •43. Геоморфологиядағы негізгі терминдер мен анықтамалар.
- •44. Төрттік мұздану, оның себептері, орталықтары, таралуы және бедертүзу нәтижелері. Карта бетінде белгіленуі
- •Мұзбасу орталықтары
- •Мұзбасу сатысы
- •45. Жер бедерін классификациялау негізіндегі белгілер. Морфологиялық (морфографиялық, морфометриялық) классификациялауы.
- •46. Үгілу прроцестері, олармен қалыптасқан бедер пішіндері.
- •47. Криогенді процестер және бедер пішіндері. Оларды картографиялау белгілері және маңызы
- •49. Дефлюкция және солифлюкция, олардың бедертүзу әрекеті.
- •50. Бедертүзу процестердің жұмысы. Морфоқұрылымдық ілім, оның негізі және маңызы.
- •57.Уақытша ағынды сулар әрекеті, олардың бедерде көрінісі және картада бейнеленуі
- •58Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •59 Жер қабығының құрылымдық элементтері. Қайта жаңарған платформалар немесе эпиплатформалық таулар (орогендер), олардың қалыптасуы және құрылысы.
- •60. 7.Қазіргі борпылдақ шөгінділер типтері, олардың таралуы және карта бетінде бейнеленуі. Антропогендік бедертүзулуі.
- •61. Антропогенді процестер және бедер пішіндері. Олардың белгілері.
- •62. Жерсілкіністер мен цунамилер, олардың бедержаралу маңызы.
- •63. Меандрлеу процесі, меандрдың құрылысы.
- •64. Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •66.Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •67.Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •68.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •69.Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық типтері. Олардың карта бетінде анықталуы.
- •70.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •71.Карта бетінде бедерді бейнелеудің ғылыми және практикалық маңызы.
- •72.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •73.Геоморфологиялық карта, оның типтерi және мазмұны
- •74.Геоморфологиялық карта, оның типтері. Аналитикалық және синтетикалық геоморфологиялық карталар, оларды бейнелеу негізгі әдістері
- •75. Геоморфология ғылымы оның геология жане географиямен байланыстары.
- •77.Эрозия бащисі, оның өзгеру себептері
- •78.Космогенді жер бедері, оның қалыптасуы жане көрінісі
- •79. Жер бедері зерттелуіндегі негізгі бағыттар.
- •80.Геоморфологиялық карталардың жасалуында қолданылатын негізге тәсілдер
- •81.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •1. Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
42. Экзогенді үрдістер тұралы жалпы мәліметтер, өзенаралық ассиметрия, оның себептері.
Экзогенді үрдістер жерден тыс орналасқан, сыртқы күштер әсерінен пайда болады. Экзогенді үрдістерге мүжілу, желдің, жауын-шашынның, жер үстіндегі, жер астындағы сулардың әрекеті, мұздықтардың, теңізбен көлдердің, жануарлармен өсімдіктердің геологиялық ықпалы жатады. Экзогенді үрдістер үлкен геологиялық жұмыстар атқарады. Эндогенді үрдістер әсерінен қалыптасқан жер бедерінің бұзылып тегістелуіне экзогендік құбылыстар себепкер болады.
Түбiрлiк таужыныстардың қатты бөлшектерiн желдiң үрлеп, ұшырып және суыруы дефляция(лат. “дефляцио” – үрлеу, суыру) деп аталады.
Жаралатын құм-саз таужыныстар эолдық түзiлiмдер деп аталады, олардың негізгісі– лёсс.
Климаты мейлiнше құрғақ, ашық бетiнен булану атмосфералық жауын мөлшерiнен асып кететiн осындай аумақтар шөл деп аталады. Орақ немесе жарты ай пiшiндi ассиметриялы құм төбелерi – барқандар жатады.
Теңіздің қиратқыш әрекеті абразия деп аталады. Оның үш түрі бар- механикалық, химиялық және термиялық абразия. Механикалық абразия соқпа толқын әсерінен теңіз, көл жағаларыныңбұзылып үгілуі. Химиялық абразия судың химиялық әсері, яғни су бетіндегі және су астындағы жағалық таужыныстарының еруі нәтижесінде жүзеге асады. Термиялық абразия- тоң таужыныстарынан құрылған жағалардың мұзын теңіз суының жылындыруы әсерінен еріп бұзылуы.
43. Геоморфологиядағы негізгі терминдер мен анықтамалар.
Геоморфология(ге- Жер, морфэ– пішін, логос-ілім) Жердің жоғарғы бетінің бедерін, оның жаралуын, эволюциясын және Жердің басқада қабаттарымен байланысын зерттейді.Жердiң iшiнде, материяның терең қойнауларда дамуы нәтижесiнде бөлiнетiн энергияға байланысты процестерiшкi немесе эндогендiк деп аталады. Жер қыртысының планетаның сыртқықабықтарымен(геосфераларымен) әрекеттесу процестерi сыртқы немесе экзогендiк деп аталады.Бедер - әртүрлі өлшемдері, құрылысы және жаралуы, даму стадиялары және бір-бірімен күрделі жағдайда және қоршаған ортамен кездескен жердің жоғарғы бетінің пішіндері(таулар, жазықтар, ойпаң т.б.).Таужыныстардың бастапқы көлбеу жатысынан ауытқуларының барлық түрi дислокация деп аталады. Дислокациялар пликативтiк және дизъюнктивтiк түрлерге бөленедi.Флювий тобындағы түзілімдердің негізгі генетикалық типі аллювий болып табылады, сонымен бірге бұл топқа пролювий және атырау түзілімдері кіреді.Аллювий - дегеніміз арнадағы су ағындарымен келіп, арнаға шөккен түзілімдерді айтады.Пролювий түзілімдері – дегеніміз уақытша және гидрогеологиялық режимі тұрақсыз ағындар сағасына жиналған түзілімдерді атайды.
Антиклиндер – дөңес пiшiндi қатпарлар, олардың қанаттары бiр-бiрiне кері бағытта еңiс орналасады, ал орталық бөлiктерiнде шеттерiндегiлермен (қанаттарымен) салыстырғанда көнелеу таужыныстар жатады. Синклиндер–ойыс пiшiндi қабаттар, олардың қабаттары бiр-бiрiне қарсы еңiс орналасады, ал орталық бөлiктерiнде шеттерiндегiлермен (қанаттарымен) салыстарғанда жастау таужыныстар орналасады.
Антиклинорий – жалпы құрылысы ұсақ антиклин және синклин қатпарлармен күрделеген, ірі, күрделі антиклинді құрылым.
Синклинорий- ұсақ антиклин және синклин қатпарлармен күрделеген, ірі, күрделі синклинді құрылым.
Флексура деп көлбеу немесе еңiс жатқан қабаттардың керпеш тәрiздi иiлгенбұзылысын айтады.
