Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.54 Кб
Скачать

75. Геоморфология ғылымы оның геология жане географиямен байланыстары.

Геология және геоморфология – өзара тығыз байланысқан, бірақ өздерінің жеке нысандары мен зерттеу әдістері бар, Жер туралы ғылымдар. Геология жер қыртысының және жалпы Жердің құрамы, құрылымы, процестері мен даму тарихын, ал геоморфология — жер бетінің бедерін, оның пайда болуын, эволюциясын және Жердің басқа қабықтарымен байланысын зерттейді. Геология мен геоморфология қалыптасуының қысқаша тарихы. Қазіргі заманғы геология мен геоморфологияға өздерінің міндеттері мен ерекше зерттеу әдістері бар, бірнеше пәндерге тармақталу тән. Табиғи процестерді зерттегенде теориялық білімдер, далалық бақылаулар және жиі жергілікті жерді үлгілеу қолданылады, лабораторияларда арнайы қондырғылар (аэродинамикалық трубалар, қайықтар, бассейндер және т.б.) және математикалық үлгілеулер пайдаланылады. Геология мен геоморфологияда топографиялық карталар кең қолданылады. Сонымен бірге қазіргі заманғы картография геологиялық-геоморфологиялық ғылымдармен терең, тығыз байланыста болмаса, оның дамуы мүмкін емес. Картографияланатын территорияның геологиялық, геоморфологиялық және жалпы физикалық-географиялық ерекшеліктерін жанжақты білгенде ғана жоғары сапалы картографиялық жұмысқа қол жеткізе аласың. Халық шаруашылығындағы карталарға қойылатын жоғары талаптарды қанағаттандыру үшін жергілікті жер құрылымының ерекшеліктерін және бедер түзуші процестердің даму бағыттарын дұрыс көрсету керек. Бұл талаптар келесілер: 1) бедер бейнесі географиялық тұрғыдан шындыққа сәйкес келуі керек (бедер ерекшеліктерін дұрыс көрсету қажет); 2) бедер нақты бейнеленуі керек (белгілі масштабтағы карталар үшін қойылған нұсқаулар шегінде) 3) бедер бейнесі көрнекті болуы тиіс, яғни бедер пішінінің кеңістіктік орналасуы туралы айқын көріністі беруі қажет. Картографтармен бұл міндеттер геологиялық-геоморфологиялық және географиялық дисциплиналардан (пәндерден) жақсы білімі болған жағдайда ғана орындалады. Дұрыс құрастырылған және жақсы безендірілген топокарта жергілікті жерді бағалау үшін, табиғи және антропогендік процестерді анықтауда, табиғи ортан қорғау іс-шаралары үшін құнды материалдардың бірі болып табылады. Жер қабығы – жер шарының жоғарғы қатты қабықшасы. Қазіргі таңда бізге оның орташа құрамы, құрылымының жалпы кескіні, құрлық шегіндегі бедер пішіні, олардың кеңістіктік орналасуы, басты процестері мен даму жолдары белгілі. Жер қабығының құрылысы мен дамуының көптеген мәселелері әлі де болжау сатысынан шыққан жоқ. Мысалы, тектогенездің жалпы қабылданған теориясы жоқ, жер қабығындағы вертикальді және горизонтальді қозғалыстардың рольдері жөнінде пікір-таластар бар және т.б.

77.Эрозия бащисі, оның өзгеру себептері

Эрозия базисі – су ағыны құйылатын айдын деңгейі. Дүниежүз. мұхит деңгейі тұрақты (немесе басты) Эрозия базист болып саналады. Жергілікті (немесе уақытша) Эрозия базистне ағынды көлдер, басты өзенге саланың құйған жері, т.б. жатады. Эрозия базист биіктігінің өзгеруі (теңіз деңгейінің ауытқуы, жер қыртысының ғасырлық қозғалысы) аңғарлардың тереңдеуіне немесе шөгінділерге толып, таяздануына байланысты болады.

Көктемгі су тасқыны кезінде өзеннің су шығыны жоғары (максималды) болады, сондықтан ол өзен арнасында орасан зор бұзу жұмысын жүргізеді, ал су азайғанда оның жылдамдығы бәсеңдеп бедер құру әрекеті де төмендейді. Өзен ағысының жылдамдығы оның еңістігіне байланысты. Еңістік - өзеннің құлау биітігінің (падение) оның ұзындығына қатынасы. Құлау биітігі деп бастауы мен сағасының нақты (абсолютті) биіктіктері арасындағы айырманы айтады.

Еңісітік өлшемі ондық бөлшектер түрінде, немесе өзеннің құламалы (м/км), яғни промиль арқылы өрнектеледі. Мәселен, өзеннің орташа еңістігі 0,07% немесе 0,07 м/км делік. Әрине, өзеннің еңістігі неғұрлым мол болса, соғұрлым оның жылдамдығы жоғары болып, өзен өз арнасын. Мейлінше бұзып эрозия әрекетіне ұшырытады.

Өзеннің бойлық жылдамдығымен қатар әр түрлі көлденең циркуляциялық ағыстары бар. Өзен, яғни иін бөлішкшесінде алдымен өзен түбінің ағысы (донное течение) қалыптасады. Ол арнаның жар қабақ ойыңқы жағасынан жайпақтау келгеншығыңқы жағасына қарай ағады, ал компенсациялық (орын толтыру) немесе беткі ағыс, керісінше, өзен бетімен арнаның шығыңқы жағасына қарай ұмтылады.

Сөйтіп ағын бойында судың көлденең циркуляциясы жүзеге асады. Жоғарыда айтылып кеткендей, осындай ағынның көлденең циркуляциясынан басқа, өзеннің бойлық ағыны да бар. Бұл екі ағын қосылып шиыршық тәрізді (спираль тәрізді) ағыс түзеді. Спираль тәрізді ағыс өзен бұрылысында ең жоғарғы амплитудаға жетіп, бірте-бірте екі өзен иінінің ортасында оның қарқыны азаяды. Осыған байланысты ағын судың жылдамдығы бәсеңдегеннен кейін, екі иіннің ортасында аллювиалдық материал жиналып, өзеннің саяз жері – қайраң (перекат) қалыптасады. Бұдан төмен қарай спираль тәрізді ағыс кері айнала бастайды да, арна ағысы қайта дамиды. Сөйтіп, айтылған процесс жаңадан қайталанады. Өзен ағысының көлденең циркуляциясының пайда болуы нәтижесінде арна ағысының негізгі заңдылықтарының бірі – меандрлану құбылысы пайда болуының мүмкіндігін туғызады. Нәтижесінде, су ағынының әрекетінен арнаның ойыңқы жарлауыт жағасы қопарылып бұзылады да, содан қалыптасқан топырақ бөліктері өзен түбінің ағысымен шығыңқы жағада үйіліп, арна бойындағы малтатастан және құмнан құрылған арна бойы жалдар (прирусловые валы) құрады.

Өзен ағысы өзінің ағу барысында арна айналасындағы таужыныстарын бұзып, ағызып әкетіп, жаңа өзен арнасын қалыптастырады, яғни арна эрозиясын түзеді. Басқаша айтқанда эрозия деп таужыныстарының су ағындары әсерінен шайылуы. Бұл процес үш түрлі әрекеттер нәтижесінде жүзеге асуы ықтимал.

Эрозиялық әрекеті ағып жатқан судың кинетикалық энергиясы (тірі күш) арқылы жүзеге асады.

Өзендер мен, жылғалар суы құйылатын су қоймасының (өзен, көл, теңіз, мұхит) деңгейі эрозия базисі деп аталады. Еділ өзенінің эрозия базисі – Каспий теңізінің деңгейі, Іле өзені үшін – Балхаш көлінің деңгейі, Енисей, Обь, Лена, Сібір өзендерінің эрозия базисі – Солтүстік мұзды мұхит, ал Кама өзені үшін – Еділ өзінінің деңгейі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]