- •Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
- •Жербедер пішіндері, олардың морфометриялық сипаттамасы
- •Жербедері жасын анықтау әдістері
- •Эндогенді және экзогендік процестердің өзара байланыстары және олардың жербедерінде көрінісі
- •Орта мұхиттық жоталар, олардың құрылысы, карта бетінде бейнеленуі
- •Бедертүзілуіндегі экзогенді процестер туралы жалпы сипаттама.
- •Топографиялық карталарда гравитациялық бедер пішіндерін бейнелеу және оның маңызы.
- •-9Флювиалдық морфомүсін, оның таралуы, негізгі пішіндері
- •10. Өзен аңғарларының морфологиялық типтері, олардың топографиялық карталарда бейнелеу ерекшеліктері
- •11 Өзен аңғарларының тектоникалық типтері
- •12 Лесс, оның таралуы және қалыптасуы
- •13 Карстылы бедердің қалыптасуындағы қолайлы жағдайлар
- •16. Термокарст, оның мәні және таралуы
- •Условия развития термокарста
- •19 Көпжылдық тоңның пайда болу уақыты мен себептері
- •20. Дефлюкция және солифлюкция, олардың себептері және таралуы Дефлюкционные склоны
- •21. Шөлдер типтері, олардың жербетінде таралу заңдылықтары.
- •22. Дефляция және корразия, олардың әрекеттілік нәтижелері.
- •23. Бархандар мен дюналар, олардың қалыптасуы және таралуы.
- •24. Жазықтар типтері, олардың таралу заңдылықтары.
- •25. Таулар, олардың типтері және таралу заңдылықтары.
- •26. Деструкция мен денудация процестері, олардың нәтижелері.
- •27. Морфоқұрылымдық ілім, оның қалыптасуы.
- •28. Тегістелі беттері. У. Дэвис және в. Пенктің ілімдері.
- •29. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Материктердің су асты шеткейі.
- •30. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Өтпелі зона, оның типтері.
- •31. Мүхит түбі морфоқұрылымдары. Мүхит түбі, оның құрылысы
- •32. Карсталық процестер және бедер пішіндері.
- •33. Минералдар мен тау жыныстардың жаратылысы және классификациясы
- •1.Магматикалық тау жыныстары.
- •2.Метаморфиялық тау жыныстары
- •3. Шөгінді шыныстар
- •35. Қар мен мұздың бедержаралу әрекеті
- •36. Фациялар мен формациялар тұралы ұғымдар. Олардың палеогеографиялық зерттеулердегі маңызы.
- •37. Рифтер, авлакогендер тұралы ұғымдар. Орта мұхит жоталары, олардың құрылысы және дамуы.
- •38. Мұздықтар, олардың қалыптасуы және қоректенуі
- •39. Қазіргі мұздықтардың типтері.
- •40. Мұздықтардың бедертүзу әрекеті және онымен байланыст ы бедер пішіндері.
- •41. Флювиогляциалдық үрдістер және олармен байланысты бедер пішіндері.
- •42. Экзогенді үрдістер тұралы жалпы мәліметтер, өзенаралық ассиметрия, оның себептері.
- •43. Геоморфологиядағы негізгі терминдер мен анықтамалар.
- •44. Төрттік мұздану, оның себептері, орталықтары, таралуы және бедертүзу нәтижелері. Карта бетінде белгіленуі
- •Мұзбасу орталықтары
- •Мұзбасу сатысы
- •45. Жер бедерін классификациялау негізіндегі белгілер. Морфологиялық (морфографиялық, морфометриялық) классификациялауы.
- •46. Үгілу прроцестері, олармен қалыптасқан бедер пішіндері.
- •47. Криогенді процестер және бедер пішіндері. Оларды картографиялау белгілері және маңызы
- •49. Дефлюкция және солифлюкция, олардың бедертүзу әрекеті.
- •50. Бедертүзу процестердің жұмысы. Морфоқұрылымдық ілім, оның негізі және маңызы.
- •57.Уақытша ағынды сулар әрекеті, олардың бедерде көрінісі және картада бейнеленуі
- •58Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •59 Жер қабығының құрылымдық элементтері. Қайта жаңарған платформалар немесе эпиплатформалық таулар (орогендер), олардың қалыптасуы және құрылысы.
- •60. 7.Қазіргі борпылдақ шөгінділер типтері, олардың таралуы және карта бетінде бейнеленуі. Антропогендік бедертүзулуі.
- •61. Антропогенді процестер және бедер пішіндері. Олардың белгілері.
- •62. Жерсілкіністер мен цунамилер, олардың бедержаралу маңызы.
- •63. Меандрлеу процесі, меандрдың құрылысы.
- •64. Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •66.Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •67.Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •68.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •69.Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық типтері. Олардың карта бетінде анықталуы.
- •70.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •71.Карта бетінде бедерді бейнелеудің ғылыми және практикалық маңызы.
- •72.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •73.Геоморфологиялық карта, оның типтерi және мазмұны
- •74.Геоморфологиялық карта, оның типтері. Аналитикалық және синтетикалық геоморфологиялық карталар, оларды бейнелеу негізгі әдістері
- •75. Геоморфология ғылымы оның геология жане географиямен байланыстары.
- •77.Эрозия бащисі, оның өзгеру себептері
- •78.Космогенді жер бедері, оның қалыптасуы жане көрінісі
- •79. Жер бедері зерттелуіндегі негізгі бағыттар.
- •80.Геоморфологиялық карталардың жасалуында қолданылатын негізге тәсілдер
- •81.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •1. Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
Бедертүзілуіндегі экзогенді процестер туралы жалпы сипаттама.
Экзогендік үрдістерге үгілу, жер беті мен жер асты суларының іс-әрекеттері, теңіз, мұздық,организмдер (жануарлар мен өсімдіктер), адам қоғамының іс-әректтері және т.б. жатады. Бұл процестер энергиясының басты көзі – Күн. Экзогенді үрдістердің негізгі бағыты – эндогенді процестермен қалыптасқан бедердің оң пішіндерін бұзу, теріс пішіндерді тасындылармен толтыру. Бұл жұмыс тау жыныстарының бұзылысымен, олардың түзілімдері мен бұзылыс өнімдерін тасымалдау мен ұстап алу жолымен іске асады. Сыртқы агенттердің бедерді өңдеу қарқындылығы тау жыныстардың беріктілігі мен экзогенді процестердің энергиясына тәуелді. Тау жыныстардың беріктілігі минералдардың химиялық құрамы мен физикалық қасиетіне тәуелді. Химиялық құраммен - химиялық үгілуге қарсы тау жыныстардың беріктілігі, ерігіштігі, ал физикалық қасиетпен (қаттылығы, жіктілік, жарықшақтылығы) тау жынысының температуралық әсер мен жарықшақтарда су қатуынан болатын бұзылыстарға қарсылығы және т.б. анықталады. Бедертүзуші агенттің әсер ету энергиясы климатпен, бедермен және сол агенттің басқа геологиялық үрдістермен өзара әсерлесуінен жасалатын, көптеген себептерге тәуелді. Эндогенді және экзогенді күштердің өзара әрекеттесуін ескеру қажет, өйткені ішкі күшердің әсеріннен жасалынған бедер контрастылығы жоғары аумақтарда бұзылыстар қарқынды жүреді, және баяу қозғалысты жерлерде аз дамиды. Сыртқы агенттер әсеріндегі тау жыныстардың өңделуі бұзылыс өнімдерінің айтарлықсыздай жылжуынсыз жүре береді. Аналық жыныстың бетінде жатқан, бұзылыс өнімдерінің жиналған массалары э л ю в и й деп аталады.
Топографиялық карталарда гравитациялық бедер пішіндерін бейнелеу және оның маңызы.
Тау беткейлері мен шыңдарында, аңғарларда, кейде жазықты жерлерде үгілу өнімдері қозғалыстары мен жиналуынан пайда болатын, әртүрлі пішіндер мен түзілімдер кең таралған. Тауларда қарқынды дамып жатқан үгілудің нәтижесінде жарлар мен тік жартастарда тас құлауларды түзейтін және салыстырмалы тегіс бетте жатқан, үлкенді-кішілі сынықтардың көп мөлшері аналық жыныстан бөлінеді. Тегіс беттер мен жайпақ шыңдардағы ірі тасты шойтастар мен тасшақпалардың жиналуын тасты теңіздер немесе тасты шашылымдар, ал беткейлерде немесе олардың етегінде жатқандарды тасты сусымалар деп атайды. Беткейлердегі, қолаттардағы және аңғар түбіндегі сусымалардың тар жолақтарын тасты өзендер, тасты мұздықтар деп атайды. Жиі сусымалар беткейдің үлкен бөліктерін жабады, олардың негізіне біртіндеп кеңейе, беткейг жалғасқан конустарды қалыптастырады (олардың көпшілігі Іле Алатауында байқалады). Шашылымдар мен сусымалардың сынықты материалдары әрдайым қозғалыста болады. Тауларда жолдарды салғанда сусымалар үлкен қиындықтарды тудыртады. Бұд құбылыспен күресте үлкен қаражат шығындалады: тежемелі қабырғаларды салу, жолдарға арнайы жабындылар төсеу. Топографиялық карталарда тасты сусымалар мен шашылымдарды көрсету үшін арнайы шартты белгілер қолданылады. Жылдың ылғалды уақытында беткей түзілімдеріндері ісінуімен және қуаңшылықтағы кебумен, сонымен қатар грунттардың қатуы мен еруіне байланысты сусымалар мен шашылымдардың бекітілуінде қозғалыс жүреді. Жоғарғы қабат қозғалысы көктемде күшейеді, еріген сулар еріген қабаттарды қанықтырады, бірақ төмендегі әлі ерімеген қабаттармен тоқтатылады. Суға қаныққан грунт жылжыма қасиетін иемденіп, ақырындап беткей бойымен төмен қарай жылжиды. Бұл үрдіс мәңгі тоң жағдайында дамитын солюфлюкцияға тепе-тең. Беткейлердегі грунттар қозғалысы – кең таралған үрдіс, ол тіпті өте жайпақ беткейлерде де байқалады. Оның қарқындылығы беткей түзілімдері құрамына, беткей еңістігіне, қандай экспозициялық бетте орналасуына, басты жел бағыттарына, температура, ылғалдылық, өсімдік және т.б. себептерге байланысты. Беткейлердегі және тау аңғар түбіндегі үгілудің борпылдақ өнімдері жиналуы, әсіресе құрғақ климат жағдайында нөсерлі жауын-шашын түскенде лайлытасты тасқын – сел жүреді. С ы р ғ ы м а — қатты ылғалданған грунттардың жұқа беттік қабатын қамтитын, беткейлердегі кіші-гірім жылжулар. Олар мәңгі тоң дамыған аудандарда таралады, көбінесе қоңыржай климатта қар еріген кезде дамиды. Тауларда сусымалар, түбірлік жыныстардың үгілу өнімдерімен жабылған, тік беткейлерде қатты жауын жауғанда қалыптасады және лайлы-тасты тасқынның (селдің) бастауы болуы мүмкін. Ж ы л ж ы м а л а р — кейде ұзақ дамитын, үлкен жер массаларының сырғанап жылжуы. Жылжымалар суффозия нәтижесінде, тік беткейлерді өзендер, теңіз толқындары, көлдер, суқоймалар шайғанда, тұрақсыз беткейлерде қандайда бір құрылыстың бар болуынан, грунттардың жаңбыр немесе еріген қар суына қанығуынан, жерсілкінісінде, тіпті транспорт өткенжағдайларда да пайда болады. Әсіресе жылжымалар тік теңіз жағалауларында, өзен аңғарлары беткейлерінде, суқоймалардың тік беткейлерінде жиі байқалады.
