Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.54 Кб
Скачать
  1. Эндогенді және экзогендік процестердің өзара байланыстары және олардың жербедерінде көрінісі

Экзогендік үрдістерге үгілу, жер беті мен жер асты суларының іс-әрекеттері, теңіз, мұздық, организмдер (жануарлар мен өсімдіктер), адам қоғамының іс-әректтері және т.б. жатады. Бұл процестер энергиясының басты көзі – Күн. Экзогенді үрдістердің негізгі бағыты – эндогенді процестермен қалыптасқан бедердің оң пішіндерін бұзу, теріс пішіндерді тасындылармен толтыру. Эндогенді және экзогенді күштердің өзара әрекеттесуін ескеру қажет, өйткені ішкі күшердің әсеріннен жасалынған бедер контрастылығы жоғары аумақтарда бұзылыстар қарқынды жүреді, және баяу қозғалысты жерлерде аз дамиды. Ішкі – эндогендік және сыртқы – экзогендік процестердің өзара әсерлесуі нәтижесінде бедер дамуы жүреді. Эндогендік процестер негізгі бедер түзуші маңызға ие, бастысы жер қыртысының қозғалысы. Олармен литосфераның ірі (кедір-бұдыр) беттері – материктер мен мұхит ойпаңдары, көптеген мыңдаған шақырымдарға созылған (геотектуралар) таулы аймақтар, сонымен қатар тау жоталары, тектоникалық жарылымдар, көптеген көлдер ойпаңдары жасалынған. Магмалық процестер жер қыртысы қозғалысымен күрделі өзара әркеттестікте, кейбір геотектоникалық болжамдардың авторларының пікірлері бойынша олар сол қозғалыстардың басты себепкері болуы мүмкін. Магмалық массалар жер бетіне шыққанда көлемді лавалық жазықтар мен ағындар, жанартаулық таулар мен таулы қыраттар қалыптасады. Ішкі күштермен жасалынған бедер пішіндерін бұзуға сыртқы күштердің іс-әректі бағытталған.

  1. Орта мұхиттық жоталар, олардың құрылысы, карта бетінде бейнеленуі

Оларға рифттік терең аңғарлар тән. ОМЖ режимі материктердегі белсенді зоналардың рифті режиміне ұқсас, бірақ орта жоталар мұхиттық қыртыстың мұлдем басқа жағдайларында дамиды. Мұхиттық платформалар әлі де әлсіз зерттелген. Олардың құрылысы материктік платформалардан өзгеше, бедері – суастындағы көлемді жазықтар. Жер қыртысының қозғалысын зерттейтін басты әдістер: геодезиялық, геофизикалық, гидрологиялық, геоморфологиялық, геологиялық және кешенді әдістер.Астеносфера активизациясы, базальтты магманың қыртысқа енуі және оның бетке шығуы, қыртыс ойысы мен геосинклиннің дамуы геосинклиндік режимнен бұрын өтеді. Платформалық режимге астеносфераның әлсіз дамыған белсенділігі тән. Егер астеносфераға төменгі мантиядан импульстар келсе(төменгі мантия шекарасы менядродан да келуі мүмкін), ол жоғарылайды және рифтті режим да ми бастайды. Геосинклин мен рифті режимнің айырмашылығы жиі былай түсіндіріледі: рифті режим нығайған қыртыста дамиды, ал геосинклин материктік пен мұхиттық қыртыс арасындағы ауыспалы зонаға бейімделген. В.В. Белоусов, әсіресе мұхит түбініңқалыптасуына жататын бөлігінде, оның схемасы болжамды екенін айтады. Соңғы жылдары «жаңа глобальды тектоника» деп аталатын болжам дамуда. Оның негізінде қыртыс асты массалардың ағыстарына ұзақ уақыт бойы әсер ететін, мұхит түбінің қалыптасуы туралы ерекше жағдайлар мен мұхит түбімен қатар, материті де қосатын, жер қыртысы блоктарының айтарлықтай қозғалыстары (мобилизм) жөніндегі түсініктер жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]