- •Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
- •Жербедер пішіндері, олардың морфометриялық сипаттамасы
- •Жербедері жасын анықтау әдістері
- •Эндогенді және экзогендік процестердің өзара байланыстары және олардың жербедерінде көрінісі
- •Орта мұхиттық жоталар, олардың құрылысы, карта бетінде бейнеленуі
- •Бедертүзілуіндегі экзогенді процестер туралы жалпы сипаттама.
- •Топографиялық карталарда гравитациялық бедер пішіндерін бейнелеу және оның маңызы.
- •-9Флювиалдық морфомүсін, оның таралуы, негізгі пішіндері
- •10. Өзен аңғарларының морфологиялық типтері, олардың топографиялық карталарда бейнелеу ерекшеліктері
- •11 Өзен аңғарларының тектоникалық типтері
- •12 Лесс, оның таралуы және қалыптасуы
- •13 Карстылы бедердің қалыптасуындағы қолайлы жағдайлар
- •16. Термокарст, оның мәні және таралуы
- •Условия развития термокарста
- •19 Көпжылдық тоңның пайда болу уақыты мен себептері
- •20. Дефлюкция және солифлюкция, олардың себептері және таралуы Дефлюкционные склоны
- •21. Шөлдер типтері, олардың жербетінде таралу заңдылықтары.
- •22. Дефляция және корразия, олардың әрекеттілік нәтижелері.
- •23. Бархандар мен дюналар, олардың қалыптасуы және таралуы.
- •24. Жазықтар типтері, олардың таралу заңдылықтары.
- •25. Таулар, олардың типтері және таралу заңдылықтары.
- •26. Деструкция мен денудация процестері, олардың нәтижелері.
- •27. Морфоқұрылымдық ілім, оның қалыптасуы.
- •28. Тегістелі беттері. У. Дэвис және в. Пенктің ілімдері.
- •29. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Материктердің су асты шеткейі.
- •30. Мұхит жер қыртысынң морфоқұрылымдары. Өтпелі зона, оның типтері.
- •31. Мүхит түбі морфоқұрылымдары. Мүхит түбі, оның құрылысы
- •32. Карсталық процестер және бедер пішіндері.
- •33. Минералдар мен тау жыныстардың жаратылысы және классификациясы
- •1.Магматикалық тау жыныстары.
- •2.Метаморфиялық тау жыныстары
- •3. Шөгінді шыныстар
- •35. Қар мен мұздың бедержаралу әрекеті
- •36. Фациялар мен формациялар тұралы ұғымдар. Олардың палеогеографиялық зерттеулердегі маңызы.
- •37. Рифтер, авлакогендер тұралы ұғымдар. Орта мұхит жоталары, олардың құрылысы және дамуы.
- •38. Мұздықтар, олардың қалыптасуы және қоректенуі
- •39. Қазіргі мұздықтардың типтері.
- •40. Мұздықтардың бедертүзу әрекеті және онымен байланыст ы бедер пішіндері.
- •41. Флювиогляциалдық үрдістер және олармен байланысты бедер пішіндері.
- •42. Экзогенді үрдістер тұралы жалпы мәліметтер, өзенаралық ассиметрия, оның себептері.
- •43. Геоморфологиядағы негізгі терминдер мен анықтамалар.
- •44. Төрттік мұздану, оның себептері, орталықтары, таралуы және бедертүзу нәтижелері. Карта бетінде белгіленуі
- •Мұзбасу орталықтары
- •Мұзбасу сатысы
- •45. Жер бедерін классификациялау негізіндегі белгілер. Морфологиялық (морфографиялық, морфометриялық) классификациялауы.
- •46. Үгілу прроцестері, олармен қалыптасқан бедер пішіндері.
- •47. Криогенді процестер және бедер пішіндері. Оларды картографиялау белгілері және маңызы
- •49. Дефлюкция және солифлюкция, олардың бедертүзу әрекеті.
- •50. Бедертүзу процестердің жұмысы. Морфоқұрылымдық ілім, оның негізі және маңызы.
- •57.Уақытша ағынды сулар әрекеті, олардың бедерде көрінісі және картада бейнеленуі
- •58Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •59 Жер қабығының құрылымдық элементтері. Қайта жаңарған платформалар немесе эпиплатформалық таулар (орогендер), олардың қалыптасуы және құрылысы.
- •60. 7.Қазіргі борпылдақ шөгінділер типтері, олардың таралуы және карта бетінде бейнеленуі. Антропогендік бедертүзулуі.
- •61. Антропогенді процестер және бедер пішіндері. Олардың белгілері.
- •62. Жерсілкіністер мен цунамилер, олардың бедержаралу маңызы.
- •63. Меандрлеу процесі, меандрдың құрылысы.
- •64. Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •66.Биогенді процестер және бедер пішіндері (суреттеп сипаттама беру).
- •67.Жайылма, оның қалыптасуы, құрылысы, типтері. Топокарта бетінде анықталуы.
- •68.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •69.Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық типтері. Олардың карта бетінде анықталуы.
- •70.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •71.Карта бетінде бедерді бейнелеудің ғылыми және практикалық маңызы.
- •72.Ағынды сулар әрекетінің нәтижесі, оның картографиялық маңызы.
- •73.Геоморфологиялық карта, оның типтерi және мазмұны
- •74.Геоморфологиялық карта, оның типтері. Аналитикалық және синтетикалық геоморфологиялық карталар, оларды бейнелеу негізгі әдістері
- •75. Геоморфология ғылымы оның геология жане географиямен байланыстары.
- •77.Эрозия бащисі, оның өзгеру себептері
- •78.Космогенді жер бедері, оның қалыптасуы жане көрінісі
- •79. Жер бедері зерттелуіндегі негізгі бағыттар.
- •80.Геоморфологиялық карталардың жасалуында қолданылатын негізге тәсілдер
- •81.Жербедері картографиялауында қолданылатын негізгі материалдар
- •1. Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері
69.Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық типтері. Олардың карта бетінде анықталуы.
Өзен ақғары деп жер бетіндегі өзі аса енді емес, әдетте ұзына-бойы ирелеңдеп созылып жатқан ойыстау, жалпы еңістігі өзеннің бастауынан сағасына қарай бағытталған жерді айтамыз. Бірнеше аңғарлар бірімен бірі қосылып ірі аңғарлар құрайды, еш уақытта бір аңғар екінші аңғарды кесіп өтпейді. Олар бір-бірінен тереңдігі, ені және ұзындығымен ерекшеленеді.
Өзен аңғар типтерін көптеген белгілері бойынша бөлуге болады, олардың ішінде көлденең кескін пішіні мен жалпы морфологиялық сипаттары бойынша бөлу принципі жалпы қабылданғаны (әсіресе картографиялық мақсат үшін)болып саналады.
Көлденең кескіннің пішіні бойынша өзен аңғарларын шаттарға, каньондарға, шатқалдарға, V-тәріздестерге, U-тәріздестерге, жәшік тәріздес, корыта тәріздес, трапеция түріндегі және террасаланғандарға бөлінеді. Сонымен қатар аңғарларды симметриялы және асимметриялыларға бөлуге болады. Аңғар мен суайрықтардың ассиметриялық кескініне ассиметриялы қырқалар – куэсттерді жатқызады.
Эпигенетикалық аңғарлар. Жергілікті жер базис эрозиясынан айтарлықтай жоғары көтерілгенде, өзен аңғары сәйкес тереңдікке соқтығысады. Өзендер, көмілген құрылымдарды кездестіріп, өз арналарынан шыға алмай, осы құрылымдарға және берік тау жыныстарына соқтығысуға тура келеді, оларды өңдей эпигенетикалық аңғарларды жасайды.
Аңғардың дамуы, бедерде неғұрлым тұрақты берік пластары мен тау жыныстары массивтерінің ерекшеленуіне, моноклинді бедер пішіндерінің дамуына ықпалын тигізеді, ал кейбір жағдайларда терең аңғарларда ағатын немесе төмен эрозия базисі мен жылдам ағысы бар, бір өзендердің басқа өзендерді қамту құбылысымен бірге жүреді. Өзен аңғарларын қамту түрлері. Қамтулар таулы аймақтармен бірге, көлемді жазықтарда да байқалады.
Жер бетіндегі бедер түзуде ағынды сулардың маңызы зор. Әр түрлі пішіндегі және көлемдегі өзендер, жылғалар, уақытша ағын сулар аңғарлары жергілікті жерде бір-бірімен үйлесе, территорияның басты тілімдену ерекшеліктерін анықтайды. Жер бетінде келісідей тілімдену типтері ерекшелінеді: кулисты, ағаштәріздес, қауырсынды, торлы, көлденеңді және т.б.
Материалдардың қозғалысы бедердің оң пішіндерінен теріс пішіндеріне және материктерден теңіздер мен мұхиттарға (тұйық облыстарды қоспағанда) жалпы бұзылыс өнімдерінің қозғалысы жүретін, өзендер мен жылғалар басты транспортты артериялар болып табылады. Өзендермен келетін материалдар саны бірқатар факторларға байланысты өте үлкен шекте өзгеріп отырады. Таудан шығарылған материалдардың басты массасы тау етегіндегі жазықта жиналып, көлемді пролювийлік жазықты түзейді. Ол өзара қосылған ішкі атыраулардан тұрады.
Барлық өзендер мен жылғалардың атқарған үлкен жұмысы есебінен, таулар орнында денудациялы жазық қалыптасады, тегістелген кеңістіктердің ішінде берік жыныстардан құралған, кішігірім көтерілімдер кездеседі, ал ойпаңдар орнында тасындылардан құралған, идеалды тегіс кеңістіктер қалыптасады. Екі жағдайда да жер бетінің тегістелуі жүреді – көлемді жазықтар қалыптасады.
Аңғарлардың тік беткейінде өзендермен шайылатын жылжымалар мен опырылымдар және уақытша ағындармен және өзендермен байланысты көптеген үрдістер зерттеулерді талап етеді. Эрозионды және су-аккумулятивті бедер пішіндер кең таралумен пайдаланылады, және олардың өзгешеліктерін дұрыс көрсету, картографтардың карта құрастырғанда және безендіргенде маңызды міндеттері болып саналады.
Аңғарлардың табаны мен беткейлерін құрайтын тау жыныстарының қасиеттеріне байланысты олардың ұзына бойы, көлденең көріністері өзгеріп отырады. Кесе көлденең қимасының сипатына қарай аңғарлар төмендегідей типтерге бөлінеді:
1) саңылау — терең әрі тар аңғар, беткейлері әдетте тік, кейде арнаға карай еңкіш келеді, аңғардың табанын түгелдей су алып жатады. Тек таулы аудандарда кездеседі;
2) каньон — өте құлама беткейлі терең аңғар, әдетте табаны тар, таудан шыға берісте немесе тауларда кездеседі;
3) шатқал—терең жартасты тау анғары, әдетте беткейлері шығыңқы келіп етегіне қарай құламасы өседі;
4) трапецияга ұқсас — шығыңкы немесе түзу көлбеу кең ақғар, Бұл жазықтағы аңғардың сипаты. Бұл типтің бір түрі — жәшік тәрізді табаны тегіс, беткейі құлама аңғар;
5) астау тәрізді — беткейлері ойыс (батыңкы), етегіне жақын біртіндеп көлбей түседі. Мұндай көрініс мұздықтар әрекетінен болған.
Өзен аңғарының элементтері. Өзен аңғарының элементтеріне оның: табаны, тальвегі (фарватері), арнасы, жайылмасы, өзен аңғарының беткейлері, террасалары және аңғардың жар қабағы (кемері) (2.4-сурет) жа-тады.
2.4-сурет. Өзен аңғарының элементтері.
Табаны деп өзен аңғарының тегіс келген еңістігі бар бөлігін айтамыз.
Тальвег — аңғардың табанынын. ең терең нүктелерін қосатын ирек сызық.
Арна — өзен суы үнемі үздіксіз ағатын өзен аңғары-ның бөлігі.
Жайылма — өзен аңғарының тасқын немесе су тасуы кезінде су басатын бөлігі.
Аңғардың беткейлері — өзен аңғарының екі жағалау-ын шектейтін, еңістігі өзен арнасына бағытталған жер беті. Беткейлердің беті жыра, сай және басқа да жуып-шаю әрекеттерінен болған элементтерден тұрады. Эрозиялық кұрылымдар беткейлерді құрайтын топырақ құрамына өсімдік жамылғысына және оның құламалығына қатысты өзгеріп отырады.
Террасалар — тегіс немесе аздаған еңістігі бар аңғар беткейлер шегінде сатылап орналасқан алаңдар. Жайылма ең төменгі терраса болып есептеледі.
Жар қабақ (кемер) — өзен аңғары мен қоршаған кеңістікті шектеуші сызық.
Өзен аңғарының тереңдігі едәуір мөлшерде құбылыгі . Жазық аудандарда аңғарлар саяздау, терекдігі е ондаған метрден, 200...300 метрге дейін; таулар-акғарлардың тереңдігі 2...4 мың метрге дейін жетеді. Өзен аңғарының ені әдетте оның жоғары ағысынан гі ағысына қарай кеңейе береді, ал кейде, өзен ар-юсынын тау қыраттарын басып өтуіне байланысты өзен Ірының жіңішкеруі де мумкін
