Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.54 Кб
Скачать

44. Төрттік мұздану, оның себептері, орталықтары, таралуы және бедертүзу нәтижелері. Карта бетінде белгіленуі

Мұзбасу атмосфераның жалпы айналысына әсер етті. Мұздықтарға жақын аймақтарда климат құрғақ болды да, қоңыржай белдеудің орманды белдемі кішірейіп, тундра белдемі кей жерлерде даламен шектесіп жатты (плейстоценде). Төрттік жүйенің ең басты биологиялық оқиғасы – адамның қарқынды дамуы. Төрттік жүйенің табиғи жағдайларын сипаттағанда екі факторға назар аударылады:

  • мұзбасу кезеңі мұз аралық кезеңдер.

Мұзбасу орталықтары

Құрлықтық мұзбасулар солтүстік жарты шарды қамтыған. Мұзбасу орталықтары Балтық және Канада қалқандарында орналасқан, оларды басқан мұз қалыңдығы 3 км-ге жеткен. Қалың мұз теңіз суы есесінен пайда болғандықтан мұздану кезінде мұхит деңгейі 80 – 120 м-ге дейін төмендеп, мұзаралық жылымық кезінде орнына келіп, эвстатиктік ауытқуларға ұшырап отырған. Мұхит деңгейінің төмендеген кездерінде Солтүстік Еуразия мен Солтүстік Американың материктік қайраңы көп таяздап, кейде құрғап та отырды. Осының салдарынан Британ аралдары бірнеше рет Еуропамен қосылып, Берингов бұғазы арқылы Азия мен Америка арасында пайда болған “көпірмен” Еуразияға бұғылар, Америкаға мамонттар өткен. Соңынан бұл бұғаз арқылы Американы адамдар қоныстана бастады. Үлкен мұз жабындары Еуропада солтүстік ендіктің 50 градусына, ал солтүстік Америкада 40 градусынақа дейін жеткен. Мұз қалқаны АльпіКарпатКавказТянь-ШаньАлтайОралГималай, т.б. таулар мен жоталарды етегіне дейін басып жатқан. Оңтүстік жарты шардағы мұзбасу Антарктида мұзының қалыңдығын екі есеге арттырып, Оңтүстік АмерикаАфрикаАвстралия тау массивтерін ғана жапқан.

Мұзбасу сатысы

Альпі үшін жасалған климатостратиграфиялық шкаланың эталоны бойынша (1909 жылы жасалған) 4 мұзбасу сатысы ажыратылады:

  • гюнц миндель рисс вюрм

Мысалы, Шығыс Еуропадағы бастапқы төрттік варяг және ока мұзбасулары гюнц және миндельге, ал төрттік пен соңғы төрттіктегі днепр мен валдай мұзбасулары рисс және вюрм мұзбасуларына сәйкес келеді. Ең қуатты мұзбасу днепр мен москва мұзбасулары. Төрттік жүйеде Каспий теңізінің деңгейі де көп өзгеріске ұшыраған. Ең үлкен трансгрессия кезінде оның ауданы екі есе артып, деңгейі 100 м-ге көтерілген. Плейстоценде ол мұхиттың ешқандай әсері жоқ алып көлге айналған. Төрттік жүйенің басталуынан ортаңғы плейстоценге дейін Қазақ жерінің оңтүстік аймағы тау жоталарының астынан келген жылу мен Үнді мұхиты алабынан соққан жылы әрі ылғалды ауа массаларының ықпалында болып, ҚаратауАлатау бөктерлері және Сарыарқа даласының онтүстігіндегі қолайлы табиғи жағдайлар қалыптасып, сақталып қалды.

45. Жер бедерін классификациялау негізіндегі белгілер. Морфологиялық (морфографиялық, морфометриялық) классификациялауы.

Жер бедері пішіні биіктігі немесе тереңдігі, ұзындығы немесе ендігі бар жер бетінің жекеленген көлемді категоиясы көлемді құрылым түріндегі жер бетінің тегіс емес бөлігін құрайды. Жер бедері пішіндері жәй, (төбе, жыра) және күрделі (жазықтық жота) болып бөлінеді. Олар әр түрлі көлемде: ұсақтан бастап планетарлық көлеміне дейін болады. Жер бедерінің ірі пішіндері күрделі болып саналады. Жер бедерінің оң және теріс пішіндері болады.

Оң пішіндері - бұл белгілі аумақтың орташа гипсометриялық деңгейінен көтерілетін жер бетінің дөңес беті (тау жотасы, шоқы, төбе, қырат және т.б.).

Жер бедері пішіндері - бұл қарастырылған аумақтың орташа гипсометриялық деңгейінен төмен орналасқан ойыстау келген жер беті (шұңқыр, өзен аңғары, жыра, карст шұңқыры және т.б.).

Жер бедері пішіндері жеке элементтерден – беттерден (тау, төбе, тау беткейі), олардың түйісу сызығнан (тау, төбе етегі) және нүктелерден (тау, төбе шыңы) тұрады.

Сондай-ақ элементтер де пішіндер тәрізді жәй және күрделі болып бөлінеді.

Жер бедерінің генетикалық типі бұл генезисі тұрғыдан бірдей жер бедерінің оң және теріс пішіндерінің заңды түрде үйлескен табиғат құрылысы (жер бедерінің мұздықты, эолды түрлері және т.б.).

Жер бедерінің элементтерін, пішіндерін, және типтерін зерттеудегі негізгі маңызды белгілер: морфологиясы, морфометриясы, генезисі және жасына байланысты жүргізіледі.

Морфография - жер беті бедерінің сандық сипаттамасын зерттейтін геоморфология саласы. Морфометрия – жер беті жер бедерінің сандық сипаттамасын зерттейтін геоморфология саласы. Морфографиялық және морфометриялық сипаттамалар – жер бедерін, жер бедерін құрушы процестерді сапалық және сандық бағалауда үлкен маңызға ие. Жер бедерінің бейнесінде оның пайда болуы мен жасының ерекшеліктері айқын көрініп тұрады, яғни жер бедері пішінінің сыртқы түрі бойынша біз олардың пайда болу уақыты мен генезисін анықтай аламыз. Жер бедерінің бұл қасиеті топографиялық карталарды талдауға аэрофотоматериалдарды, ғарыштан түсрілген суреттерді геоморфологиялық зерттеу.

Тек бірдей морфологиялық сипаттамаларды ала отырып, бедерді толық сипаттау мүмкін емес. Морфометрияның міндеті болып саналатын, пішін көлемін (мөлшерін) көрсету маңызды толықтыруларға жатады.

Өлшемі бойынша бедерді келесідей түрлерге болады:

1. Ең үлкен (планетарлық) пішіндер.

2. Аса ірі (мега) формы.

3. Ірі (макро) формы.

4. Орта (мезо) формы.

5. Ұсақ (микро) формы.

6. Өте ұсақ (нано) формы.

7. Өте уақ (топографиялық кедір-бұдырлар) формы.

Бедердің сыртқы түрі мен өлшемі бойынша олардың түзілімі мен құрылымы туралы нақты айтуға болмайды. Бұл сұрақтың жауаптарын генетикалық классификация (жіктеме) береді.

Түзілуі (тегі) бойынша бедерді үлкен екі топқа бөледі:а) ішкі күштердің (эндргендік) іс-әрекетінен жасалынған пішіндер б) сыртқы күштердің (экзогендік) іс-әрекетінен жасалынған пішіндер. Біріншілері өз алдында жанартаулық және жер қыртысының қозғалыстарымен байланысты пішіндерге бөлінеді. Екіншілері үгілу процестерімен, мәңгі тоңның дамуымен, ағынды сулардың, жер асты суларының, теңіз, қар және мұз, жел, өсімдіктер, жануарлар, адамдар іс-әрекеттерінен және метеориттердің құлауынан пайда болған (ғарыштық) пішіндер.

Көптеген бедер түзуші агенттерге бұзу, тасымалдаушы және аккумулятивтік іс-әрекеттер тән. Сыртқы геологиялық агенттердің бұзу әркетін деструкция, тасымалдауды (шайылу, ысырылу) – денудация, ал заттардың жиналуын аккумуляция деп атайды. Қандай да болмасын геологиялық агенттің іс-әрекетін сипаттағанда арнайы терминология қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]