Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.54 Кб
Скачать
  1. Жербедер пішіндері, олардың морфометриялық сипаттамасы

Бедер туралы жалпы мәліметтер: Әр алуан даму сатысында жатқан, бір-бірімен күрделі қатынаста, әрі қоршаған ортамен күрделі өзара байланыстағы көлемі, құрылысы және пайда болуы әр түрлі жер бетінің пішіндер жиынтығын бедер деп атайды. Бедер пішіндерін табиғи деп атайды, ал қазір геометриялық фигуралармен (конус, пирамида, призма) салыстыруға болатын қарапайым жасанды денелер мен қуыстарды да жиі атайды. Бедердің күрделі пішіндері қарапайым пішіндердің тұтастығынан қалыптасады және олар өте үлкен көлемдерге жете алады, мысалы, материк, теңіз ойысы, таулы аймақ. Бедер элементтері: ж а қ т а р — беткейлер беттері, қ ы р л а р — жақтардың тоғысу сызықтары, суайрықтар, беткей табаны, тальвегтер, жарқабақ с ы з ы қ т а р ы , шыңдар, седловин, аңғар сағалары, жыралар н ү к т е л е р і ж ә н е т . б .Бедер типі — Бедер типі — кеңтерриторияларда қайталанылатын және түзілуі, құрылысы және дамуы ұқсас нақты пішіндер жиынтығы. Бедер жіктемесі төмендегі белгілері бойынша жүргізіледі. Сыртқы белгілері бойынша (морфологиялық) және көрші жатқан кеңістіктегі бедер пішінімен салыстыра отырып оң және теріс болып бөлінсе, олар ары қарай өз алдында тұйық және ашық болып бөлінеді; сонымен қатар тегіс (нейтралды) формалар да болады. Тек бірдей морфологиялық сипаттамаларды ала отырып, бедерді толық сипаттау мүмкін емес. Морфометрияның міндеті болып саналатын, пішін көлемін (мөлшерін) көрсету маңызды толықтыруларға жатады. Өлшемі бойынша бедерді келесідей түрлерге болады: 1. Ең үлкен (планетарлық) пішіндер. 2. Аса ірі (мега) формы. 3. Ірі (макро) формы. 4. Орта (мезо) формы. 5. Ұсақ (микро) формы. 6. Өте ұсақ (нано) формы. 7. Өте уақ (топографиялық кедір-бұдырлар) формы. Бедердің сыртқы түрі мен өлшемі бойынша олардың түзілімі мен құрылымы туралы нақты айтуға болмайды. Бұл сұрақтың жауаптарын генетикалық классификация (жіктеме) береді. Түзілуі (тегі) бойынша бедерді үлкен екі топқа бөледі:а) ішкі күштердің (эндргендік) ісәрекетінен жасалынған пішіндер б) сыртқы күштердің (экзогендік) іс-әрекетінен жасалынған пішіндер. Біріншілері өз алдында жанартаулық және жер қыртысының қозғалыстарымен байланысты пішіндерге бөлінеді. Екіншілері үгілу процестерімен, мәң гі тоңның дамуымен, ағынды сулардың, жер асты суларының, теңіз, қар және мұз, жел, өсімдіктер, жануарлар, адамдар іс-әрекеттерінен және метеориттердің құлауынан пайда болған (ғарыштық) пішіндер. Көптеген бедер түзуші агенттерге бұзу, тасымалдаушы және аккумулятивтік іс-әрекеттер тән. Сыртқы геологиялық агенттердің бұзу әркетін деструкция, тасымалдауды (шайылу, ысырылу) – денудация, ал заттардың жиналуын аккумуляция деп атайды. Қандай да болмасын геологиялық агенттің іс-әрекетін сипаттағанда арнайы терминология қолданылады. Бедерді генетикалық ( тектік тұрғыдан) жіктеу геоморфологияда кең қолданылады. Ол жеке пішіндерді сиапаттағанда ғана емес, сонымен қатар олардың кешендерін – бедердің генетикалық типтерін сиапттағанда ыңғайлы, кез-келген табиғи агенттер әсеріндегі бедер дамуының басты заңдылықтарын зерттеуді жеңілдетеді. И. П. Герасимов бедерді басты геоморфологиялық факторлар бойынша үш топқа бөлугеұсынады: геотектура, морфоқұрылым және морфомүсін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]