Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.54 Кб
Скачать

38. Мұздықтар, олардың қалыптасуы және қоректенуі

Мұздық— ұзақ уақыттар бойына сақталатын ұдайы қозғалыстарда болатын негізінен жауын-шашындар, әсіресе қар есебінен қалыптасатын ірі мөлшерлі кристалды мұз шоғыры; таулы өлкелерде, қарлы деңгейден жоғары аймақтарда қалыптасқан М. өз салмағымен төмен қарай жылжи отырып, қарлы деңгейден төмен аймақтарда абляцияға ұшырайды.[1] Мұздық - ауқымды су қоймасы. Достастықтағы мұздықтардың мұз массасының өзi 7 мың текше шақырым су құрайды екен. Бұл бұрынғы Кеңес Одағы территориясының өн бойын шарлаған өзендердiң төрт жылғы ағын суы. Ал осы мұздықтар ерiген күнде Әлемдiк мұхит атаулы 5 сантиметрге көтерiледi.

Мұздықтар - ғажайып тiршiлiк, мәселен, бiр қарағанда мұздықтар жылжиды дегенге сену қиын-ақ. Соның әсерi ме, ұзақ жылдар бойына бұл жағдайға онша мән берiлмей келедi.

Мұздықтардың жылжуы

Аталмыш құбылыс XVI ғасырдың аяғында Альпi тұрғындарының жылнамасында алғаш көрсетiлдi, ал, жүз жылдан соң исландиялық ғалым Т. Вигалин жазбаларында мұздықтардың қозғалатыны жайында мәлiметтер кездестi. Тек, О. Соссюраның XVII ғасырда Альпiге жасаған саяхаты ғана мұздықтар жылжуының өзгеше мәнiн ашып бердi.

39. Қазіргі мұздықтардың типтері.

Мұздықтардың түрлері.Климатқа, жер бедеріне, қорлану және ағын жайларына байланысты мұздықтар үш типке бөлінеді: 1) таулы (альпілік), 2) материкті (жабынды), 3) екеуінін аралас түрі.

Т а у м ұ з д ы қ т а р ы қар жиналып, онын глетчерге айналатын қорлану аймағына және онын төменгі ағын аймағына жіктеледі. Қорлану аймағы (фирн бассейні) қар жиегінен жоғарғы үш жағынан тау беткейімен қапталған цирк секілді ой-шұнкырда (9,1-сурет) немесе тауын жазықталған тебесінде орналасады. Мұзарттып ұзындығы фирн бассейнінін аумағы мен қалындығына байланысты.

Фирн қоры неғұрлым мол болса соғұрлым мұздық төмен жылжиды (ағады). Тау анғарлы мұздықтар жеке немесе күрделі (полмскнтетикалык) түрлерге бөлінедг Жеке мұздықтар бір-бірікен бөлек, олардын. фирн аймағы да, ағын анғары да жеке-жеке. Күрделі мұздықтар жеке мұздықтардын төкенгі жолында бірігіп қосылуынан пайда болады. Мысалы, Памирдегі ұзындығы: 72 км Федченко мұздығы жол бойында 20 саласын қосып алады. Мұзынын қалындығы орта тұсында 700— 1000 м, төменгі тұсында сүйірленіп, 300—400 метрге түседі.

Қ а р (тепші) м ұ з д ы ғ ы деп тау басыпын төскей беттеріндегі колтаққа ұқсас шұнкырда түзілген түрін атайды (9.2-сурет). Олар көбінесе мұз цирктерінен жоғары немесе мұз анғарларынын төбе беттерінде орналасады. Кар мұздықтарынын келемі шамалы, өлі де болса кемеліне жетпеген немесе көне мұздыктын жұрнагы бо-лады. Олардын ағыны жоқ, тұйық.

(Аспа мұздықтар таудын тік беткейіндегі кіші-гірім шұнқырлары толтырады да, одан шамалап қана шығады. Сонда жарқабақтан асылып тұрады да кенеттен үзіліп төмен кұлдырайды.

М а т е р и к т і к м ұ з д ы қ т а р бүтін аралдарды, құрлықты бүркейді) Олардын сипаттамалары: 1)өте қалың Антарктидада мұз күмбезінін қалындығы 4 км, Гренландияда 3,5 км); 2) мұз жабудан бұрынғы кене жер бедеріне өсер тигізбейді; 3) мұзы жан-жағына радиалды жылжиды, ал тау мұздьны болса, анғарды бойлап «құлайды»; 4) мұз қабатынын беті орта тұсына қарай қалқан төрізді дөнес бітеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]