Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.54 Кб
Скачать

35. Қар мен мұздың бедержаралу әрекеті

Қар — атмосферадан түсетін әр түрлі пішінді ұлпа мұз кристалдары түріндегі жау-ын-шашын. Су буының суб-лимациясы нәтижесінде өте шағын (0,1 — 0,2 мм) крис-талдар үлкейіп Қ. жұлдызшаларына айналады. Атмосфе-радағы турбуленттік қозғалы-стың салдарынан ауадағы Қ-дың жеке жұлдызшалары бір-бірімен ұйыса бірігеді, яғни жерге жапалақ Қ. (диам. 8 -10 мм) жауады. Ауа температурасы 0°С-тан төмендегенде бұлттардан жауады. Қоңыр-жай ендіктерден бастап солт-тің және оңт-тің жоғары ендіктерінс қарай жайласқан аймақтарда Қ-дың көп түсуі нен Жердің қар жамыл ғысы пайда болады. Қазақстан аймағында Қ., қазан-қараша айларынан бастап (қиыр оңт-ндегі жазық өңірлерін қоспағанда) түседі; Қ. жамылғысының қалынд. солт. облыстарда 25-30 см, оңт-ндегі жазық жерлерінде 10 см-дей; Жетісу (Жоңғар) Алата-уында және Алтайдың батыс беткейінде 60 см-ге жетеді. Өскемен, Петропавл, Қостанай қалаларының төңірегінде Қ. 150-165 күндей (республикадағы ең ұзақ мерзім), Қызылорда, Шымкент атыраптарында 49-61 күндей (ең қысқа мерзімі) жатады.

Мұз — Н2 О. Судың қатты түрі. Химиялық құрамы: О 88,8%, Н 11,2%; кейде оның құрамында газ немесе қатты зат қоспалары болады. Қаттылығы 1,5 меншікті салмағы 0,917.

Сингониясы гексагондық; дигексагондық-дипирамида.

Кристалдық ішкі құрылысы. Молекулалық решеткасының координадия саны 4. Тетраэдр түрінде оның екі бұрышы оң, екі бұрышы теріс зарядты деуге болады.

Оптикалық оңқай Ng = 1,310, Nm 1,309.

Мұз бен қардың кристалдары.

Кристалдарының сырт бейнесіне келгенде оның ең тамаша түрлері белгілі қар мен қыраудың кристалдары болып табылады. Олар гексагондық симметрияның неше түрлі алты сәулеленіп өсуінің тамаша формаларын құрады. Мұздың дендрит түрлері де, басқ а әшекей гүл сияқты түрлері де болады. Үңгірлерде мұздың алты бұрышты пластинка түрлері, биік тауларда алты қырлы жіңішке призмалары кездеседі. Мұздың сауысты сталактит түрлері де жұртқ а мәлім. Тұтас мұз, қ а р мұздақ массалары да бұрыннан белгілі.

36. Фациялар мен формациялар тұралы ұғымдар. Олардың палеогеографиялық зерттеулердегі маңызы.

Ландшафт морфологиясы - географиялық ландшафтылардың морфологиялық құрылысын, яғни ландшафт ішіндегі морфологиялық бөліктерінің— фацияларын, қоныстарының және жерлерінің өзара орналасуын, олардың генетикалық және динамикалық арақатынастарын зерттейтін ландшафттанудың бөлімі. Фациялар – қарапайым табиғи геожүйелер.Фация (лат. facіes – келбет, түр) – бір стратиграфиялық горизонттың таралу аумағындағы тау жыныстарының қалыптасу жағдайы. Фация терминін Швейцария геологы А.Грессли ұсынған (1941). Фация:ТеңіздікҚұрлықтық Өтпелі: А –геологиялық бөлік Б - елді мекендердің өзен аңғарындағы сызбасы Карбон әктері Юра дәуірінің саз балшықтары Теңіз астындағы құмдар: Морена Көшкін Ылғалды жыралардағы көшкін,Құрғақ ойыстар,Жағалау Елді- мекен шекаралары

37. Рифтер, авлакогендер тұралы ұғымдар. Орта мұхит жоталары, олардың құрылысы және дамуы.

Кейбір синеклизалардың табанына жақын екі шегі тектоникалық жарықтармен шектелген тар, көмілге көне рифтер болады да оларды авлакогендер (грекше авлак — жырық, ор) дейді. Мысалы, Украин синеклизасының астында Днепр—Дон, жалпақ Мәске) синеклизасының табан шегінде Орталық Орыс авлакогендері орын тепкен. Авлакогендердің шөгінділер жабуы аса қалың (8—10 км), олар шамалы қатпарланған, арасында сілтілі-базальтты магма жыныстары кездеседі.

Авлакоген (гр. 'anti' — жырынды, op және gen — туу) — платформаның іргетасын қиып өтетін терең жарылымдарымен шектеліп, ұзынша созылған қозғалмалы тектоник құрылым. Авлакогеннің ұзындығы жүздеген километрге, ені ондаған километрге созылады. Кейде жақын орналасқан геосинклинальдармен байланыста болады.[2] Авлакогенді қалыңдығы мыңдаған м күрделі қатпарлы тау жыныстарытолтырады. Авлакоген толтыратын жыныстарының формациялық кұрамына қарай миогеосинклинальдарға ұқсайды.

Терминді 1960 жылы Н. С. Шатский ұсынған. Оны қарапайым Авлакоген (жай синклиналь құрылымды грабендер) және күрделі Авлакоген (қатпарлы жүйе құрылымды) деп екі түрге бөледі. Авлакоген платформаның белсенді қозғалысқа түскен аймағында пайда болады.

Кедертас, риф (нидер. rіf, ағылш. reef)- Суасты немесе жоғарғы бөлігі су бетіне азын-аулақ шығып тұратын, кемелер қауіпсіздігіне ұдайы қатер туғызатын жартастар.

Кедертас қалыптастырушылар (кедертас құрылысшылары). Қаңқалары ізбестен тұратын, су алаптары түбіне жабыса өсуі нәтижесінде құжынама күйде тіршілік ететін, қазба күйінде тірі кезіндегі қалпын сақтайтын организмдер жиынтығы.

Кедертас -

кеме жүзуіне бөгет жасайтын су астындағы немесе су деңгейінен сол биік тұратын теңіздегі жартастар;

тропиктік жылы теңіздердің тайыз жерлерінде тіршілік ететін інжулердің қаңқаларынан түзілген аралдар және су беті мен су астында таралған қырқалар.

Үлкен тосқауыл риф – күндердің күнінде тірі жәндіктер салған, ең үлкен геологиялық түзіліс. Австралияның солтүстік-шығыс жағалауында орналасқан кедертас көлемі 340 мың шаршы шақырым және салмағы миллиард тонна. Бұл – Маржан теңізінің мөлдір көгілдір суында орналасқан, бірнеше мыңдаған рифтер жиынтығы. Өзінің алып көлеміне қарамай, бұл табиғат ғажайыбы титтей теңіз жәндіктерінен тұрады. Олардың қаңқалары мыңдаған жылдар бойы жиналып, қазіргі рифті түзген

Рифтің ішкі бөлігі – Рифтің теңізге шығып жататын шеті мұхиттан келеін үлкен толқындармен шайылады. Рифтер құздар тәрізді терең су астында орналасқан, соның нәтижесінде ірі балықтарға, қатырандарға көлемді қоректік орын болып табылады.

Рифтің сыртқы бөлігі – Рифтің толқыннан қорғалған ішкі бөлігі тыныш. Мұнда су таяз, әр жерде ашық құм жазықтығымен бөлінген маржан бақтары бар. Су қайтқан кезде маржандарың нәзік ұштары көрінеді   

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]