Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.54 Кб
Скачать

33. Минералдар мен тау жыныстардың жаратылысы және классификациясы

Жер қыртысының минералдары

 Жер қыртысының жоғарғы қабаты әртүрлі тау жыныстарынан құралған болып, ол өз ретінде минералдардан тұрады.

Минералдар  бұл табиғи зат, олар химиялық құрамы, және физикалық қасиеттері бойынша бір түрлі болып жер қыртысындағы физикалық-химиялық процестердің нәтижесінде пайда болған. Қазіргі күнде 3000-астам минералдар белгілі. Осылардың ішінде құрылысқа керекті тау жыныстарын құрайтын минералдар небәрі 250-300. Осы тау жыныстарын құрайтын минералдардың ішінде басты (көкейтасты) және екінші дәрежелі минералдар болады. Әрбір тау жыныстарын құрайтын топтың өзіне тиісті минералы бар.

Минералдардың көшілігі кристалдық заттардан тұрады. Олар түзу көпбұрышты болып келеді.

Минералдар химиялық құрамы бойынша классификацияланады. (жіктелінеді). Осылардың ішінде көп таралғаны С.Д.Четвериковтың классификациясы. Бұл классификация бойынша минералдар 10топқа бөлінеді. Олар төмендегілер:

1. Силикаттар              6.Сульфаттар

2.Карбонаттар              7.Галоидтар

3.Тотықтар                   8.Фосфаттар

4.Су тотықтар              9.Вольфраматтар  

5. Сульфидтер             10.Өзінше пайда болған элементте

Осы минералдардың ішінде ең көбі – силикаттар. Олар барлық минералдардың 2/3 бөлігін құрайды, яғни жер қыртысының 85% құрайды.

Минералдарды бір – бірінен ажырату олардың физикалық қасиеттері бойынша анықталады. Негізгі физикалық қасиеттер бұлар: түсі, қаттылығы, біріктірілгендік(жапсырылып біріктірілген, жалтырақтық сынуы және басқалар). 

Жер қыртысының негізгі тау жыныстарын құраушы минералдар: бұл дала шпаты (ортоклазбен плагиоклаздар),мүйіздек алдаушылар (роговая обманка), авгит, оливин, каолинит, кальций, доломит, қоңыр темір, пирит, сұр колгеган, гипс және кейбір басқа да минералдар.

 Тау жыныстарының пайда болуы

 Тау жынысының пайда болуы бойынша (генезисі) төмендегі үш үлкен топқа бөлінеді: магматикалық, метаморфикалық және шөгінді.

1.Магматикалық тау жыныстары.

2.Метаморфиялық тау жыныстары

3. Шөгінді шыныстар

34. Жер қабығының құрылымдық элементтері. Қайта жаңарған платформалар немесе эпиплатформалық таулар (орогендер), олардың қалыптасуы және құрылысы

Жер қыртысының құрылымдық элементтері. Жер қыртысының ең басты құрылымдық элементтері — материктер мен мұхиттар болып саналады. Олардың пайда болу жолдары осы уақытқа дейін толық шешілмеген проблемалардың бірі. Бұл проблеманың. шешілуі Жер қойнауында дамылсыз жүріп жатқан геологиялық процестердің динамикалық механизмін дұрыс түсіне білумен тікелей байланысты.

Планетамыздың ішкі құрылысының өзіндік ерекшеліктері мен даму заңдылықтарын және геодинамикалық қоғалыс механизмін, әсерелеп айтсақ, Жер қойнауының архитектурасын зерттейтін геологияның бір саласын геотектоника деп атайды.

Тектоникалық қозғалыстар: тербелмелі (эпойрогендік), катпар түзуші және үзілмелі-жарылмалы құрылымдар түзетін қозғалыстар болып ажыратылады.

Континенттерді құрайтын геотектоникалық ірі құрылымдар қатарына платформаларды, қатпарлы таулы аймақтарды және геосинклиналды аймақтарды жатқызуға болады. Платформа (француз тілінде “плат” — тегіс, “форм” — пішінді деген мағынаны білдіреді) көптеген жағдайда, екі ярустан құралатын тегіс пішінді, магмалық және тектоникалық әрекеттердің әлсіздігімен гипатталатын, тыныштық күйге ауысқан құрылым болып саналады. Олар геосинклиналды аймақтардың даму барысында, оның ең соңғы даму сатысы “орогенездік” этаптан кейін барып пайда болады. Жасына қарай, төменгі ярус — ескі, фундамент қабатынан құралған болса, ал екінші (жоғарғы) ярус — жас жамылғы қабатынан құралады. Фундамент қабаты әбден қатпарлан ған (метаморфтық әрекеттердің нәтижесінде алғашқы магмалық және шөгінді тау жыныстарынық азды-көпті өзгеріп, қайтадан кристалдануынан пайда болған) әр түрлі метаморфтық тау жыныстарынан қүралады. Жамылғы қабатын құрайтын екінші ярус көлбеу орналасқан жас шөгінді жыныстардан тұрады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]