Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.54 Кб
Скачать

31. Мүхит түбі морфоқұрылымдары. Мүхит түбі, оның құрылысы

Мұхит түбі — литосфераның дүниежүзілік мұхит суымен көмкерілген беткі жазықтығы; жербедер ерекшеліктері түрғысынан ірі-ірі төрт бөлікке бөлінеді: материкке таяу саяз өңірлер; ауыспалы (материктен мұхитқа) белдем; мұхит төсеніші; орталық-мұхиттық жоталар.

Мұхит түбінің жер бедерін зерттеу. Таулар мен жазықтар тек материктерде ғана емес, мұхиттарда да тараған. Мұхиттардың жер бедері де материктердің беті сияқты алуан түрлі.

Өткен ғасырда адамдар мұхит түбінің жер бедері мен жыныстары туралы аз білетін. Мұхиттардың түбі материктер жағасынан қашықтаған сайын біртіндеп төмендей береді де, оның негізгі бөлігі – мұхит шарасы шөгінді жыныстар басқан терең сулы жазық деп жорамалданатын. Бұрын мұхит тереңдігі болат сымның немесе арқанның ұшына салмақты зат байланған, бойына м, см өлшемдері белгіленген қарапайым құрал көмегімен өлшенетін. XX ғасырдың 20-жылдарында эхолотты (эхо – «жаңғырық») ойлап табу және қолдану мұхит түбінің жер бедерін зерттеуге бастама болды. Кемеге орнатылған бұл құралдан жіберілетін дыбыс мұхит түбіне жеткен соң, одан жаңғырып, қайтадан құралға жетеді. Осыған орай мұхит тереңдігі неше метр екенін есептеп білуге болады. Эхолотты балықшылар мен ғылыми-зерттеу экспедициялары тиімді пайдаланады.

32. Карсталық процестер және бедер пішіндері.

Карсттық бедер - негізінен, әктастардыңдоломиттердіңгипстердің және т.б. тау жыныстарының суда еруі нәтижесінде қалыптасқан бедер типі. Жер бетінде каррларшұңқырларқазаншұңқырлар, ал жер астында құдықтар мен үңгірлер түрінде таралған бедердің тұйык және теріс пішіндері басым болады. Тропиктерде бедердің оң пішіндері (мұнараларконустаркүмбездер және т.б.) жиі кездеседі. Құрғауға жақын өзендер тән келеді.

Карст, карстық құбылыстар  (нем. Karst)— суда еритін және су өткізгіш тау жыныстарынан — ізбестастардан, доломиттерден, гипстен, тау тұзынанқұрылған жерлерге тән рельефтің өзгеше формалары мен гидрологиялықрежимі. Осындай жерлерде ағын және жер асты суларының тау жыныстарын ерітуінің салдарынан жер бетінде орлар, шұңқырлар, үлкен дөңгелек қазан шұңқырлар, ал жер астында үлкен бос кеңістіктер, үңгірлер пайда болады. Мұндай жерлерде өзендер жер жарығына, шұңқырға құйылып, жер астында, сонан кейін қайта жер бетіне шығып ағады. Жұмсақ және борпылдақ жыныстарға су әсер ететін болса, шөлдік климат жағдайларында суға ерігіш жыныстарда (сазды мергельде) «жалған карст» немесе саздық карст пайда болады. Бұл жағдайда рельеф өте қатты бедерлі болып келеді. Карстық құбылыстар Қырымда, Кавказда, Орта Азияда, Оралда, Сибирьдің кейбір аудандары мен европалық бөліктегі Горький, Тула, Архангельск, Калинин облыстарында кең тараған. [2] [3]

Карст дамуы үшін: тегіс және шамалы еңіс бет; Карст жаралатын таужыныстардың қалындығы біршама, жер асты суларының деңгейі төмендеу болу керек. Карст қуыстары терендік жағдайы бойынша терең және саяз түрлерге бөлінеді. Қопсық жабынының дамуы бойынша: ашық (Жерорта теңізі, Қырым) және жабық (Орал) Карсттар болады; 2) біршама тез еритін таужыныстардан (гипс, әктас, доломит, тас тұз) тұратын өңірлерде пайда болатын

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]