Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.54 Кб
Скачать

24. Жазықтар типтері, олардың таралу заңдылықтары.

Жазық — беті тегіс немесе сәл толқынды болып келетін жердің үлкен алапты алып жатқан рельеф формасы.

Жазық ойпатты да, үстіртті де болуы мүмкін және оның көпшілігі бір жағына қарай сәл еңістеу келеді.

Жазық — салыстырмалы биіктігі бірдей және географиялық құрылымы біртектес жер бедерінің пішіні; Жер шары бедерінің басты бөліктерінің бірі. Құрлықтағы және мұхит пен теңіз түбіндегі (суасты Ж-ы, абиссальдік Ж.) әр түрлі биіктіктер мен тереңдіктерде кездеседі. Құрлықта Ж-тар абс. биіктіктеріне қарай ойысты (теңіз деңгейінен төмен жататын), ойпатты (абсолюттiк биіктігі 200 м-ге дейін), қыратты (абсолюттiк биіктігі 200-ден 500 м-ге дейін) және таулы-үстіртті (абсолюттiк биіктігі 500 м-ден жоғары) болып ажыратылады. Жер бедеріне қарай тегіс, ылдилы, ойыс, дөңес Ж. деп бөледі. Бедер пішініне қарай жайпақ, сатылы, ойлы-қырлы, жонды-төбелі Ж. болып жіктеледі. Пайда болу тегіне қарай Ж-тың бастапқы, аккумуляттік, жанартаулық, денудациялық түрлері бар. Бастапқы Ж. теңіз суының қайтуы нәтижесінде құрлықта пайда болады (мыс., Каспий ойпаты ежелгі теңіз шөгінділерінен түзілген). Аккумуляттік Ж. жер бетінің төмен түскен тұстарына аллювийлік, көлдік, желдік, флювиогляциялық, т.б. борпылдақ жыныстар қат-қабатының ұзақ уақыт қорлануынан құралады. Жазық пайда болуы жөнінде мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. байырғы немесе бастапқы;

  2. аккумулятивті немесе үйінді:

    1. аллювиалды

    2. көлдік — төмен түскен көлдің орнында

    3. желдік — желдің үрлеуінен;

  3. флювиогляциальдық (мұздық-өзендік), көбінесе мұздың өзендердің ысырынды конусынан пайда болады

  4. вулкандық (лавалық) үстірт

  5. қалдық жазық.

25. Таулар, олардың типтері және таралу заңдылықтары.

Тау жыныстары

Тау жыныстары дегеніміз литосфера қабатында немесе жер бетінде әртүрлі геологиялық үдерістердің нәтижесінде қалыптасатын табиғи минералды агрегаттар.

Ал бедер дегеніміз бұл тау жынысын түзетін минералдар агрегаттарының немесе тау жынысының бөлшектерінің кеңістіктегі орналасуын айтады.

Тау жыныстарының түрлері:

  1. Магмалық тау жыныстар

  2. Шөгінді (гипергенді) минералдар мен тау жыныстар

  3. Метаморфты минералдар мен тау жыныстар

Магмалық тау жыныстардың химиялық құрамы мен құрылысы әртүрлі және магманың химиялық құрамының бірдей болмауымен және оның суыну және кристалдануы себепші болған.

Шөгіді тау жыныстары келесідей түрлерге бөлінеді: сынықты (құмдар, малтатастар және т.б.), сазды – химиялық қайта түзілу мен физикалық бұзылулар өнімдері, химиялық (тасты тұз, гипс және т.б.), органогендік (ағзалық) (әктастар, шымтезектер және т.б.), аралас - әртүрлі жағдайларда қалыптасқан минералды массалардың қосындылары (мысалы, сазды әктастар)

Метаморфты минералдар мен тау жыныстар жоғарғы температура мен қысым және ыстық бу мен газдар әсерінен түзіледі. Метаморфтануға магмалық, сонымен қатар шөгінді жынытар да ұшырауы мүмкін. Метаморфтану кезінде тау жыныстарының жаңа минералдармен байуы, қайта кристалдануы және т.б. өзгерістер жүруі мүмкін. Метаморфтану кезінде таза кварцты құмдар мен құмтастар кварцитке, әктастар – мәрмәрға, саздар сазды және слюдалы тақтастарға айналады. Негізгі және ультранегізгі магмалық жыныстардың метаморфтану нәтижесінде әртүрлі тақтатастар түзіледі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]