Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
EKZO wpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.54 Кб
Скачать
  1. Суффозиялық процестер және жер бедер пішіндері

Жерасты суларының қызметі тау жыныстары бөлшектерін қамтып алып тасу, басқа жерге үю болып табылады. Жерасты суларының жыныс түйірлерін ұстап және тасып әкетуін, суффозия деп атайды. Дегенмен, ұсақ ерімейтін түйіршіктерді таситын өзіндік суффозияны және негізделуді, яғни ерітінді түрінде тасымалданатын (гипс, тас тұзы, кальцит) коррозияны ажыраты білу керек. Суффозия деп топырақтың ерімейтін бөлшектерінің механикалық шығарылуы, грунт суларының қозғалуы барысында жүреді. Суффозияда жергілікті жерлерде табақшалар мен құймалар түрінде жеркепелер (западиналар) пайда болуы мүмкін. Олардың көпшілігі салыстырмалы тегіс бетте немесе бастаулар шығуының маңында жайпақ беткейлерде пайда болады. Олардың көлемі аса үлкен емес (диаметр 10-20 м, тереңдігі 1-8 м) дегенмен олар қосыла келе кең түрдегі ойпауыттарды құрайды. Әсіресе, беткейлерде олардың қатысуымен суффозиондық цирктер пайда болады. Одан басқа, суффозияның қатысуымен беткейлерде сырғымалар жиі құралады. Сазды карсттың дамыған жерлерінде қатпарлы бедер қалыптасады., эрозиялық кесінділермен кезектесетін құламалар, ұңғымалар мен жер асты қуыстарына кететін сулардың орындары кездесетін атырауы бар қысқа сайлар кездеседі. Карсттық процестердің белсенді қимылы сол аумақтың құрғаумен бірге жүреді, кейде тіпті егістіктердің ортасында жолдың табаны мен ғимараттардың астында пайда болатын шұңқырлар мен ойылымдар түзіледі. Ерітінді тау жыныстар таралған аудандарда ғимараттар тұрғызғанда, алдын ала геологиялық барлаулар тексерістер жүргізіледі. Бірақ бұл жағдайда да кенеттен болатын отырылымдар мен ойылымдар кездеседі; егер тез еритін қасиеті бар гипстер мен тұздар таралған аймақтарда болса, отырулар суффозия кезінде де туындауы мүмкін, одан әрі суармалы жүйелер мен сорғыту канаваларынан да судың келуімен қауіпті шамаға дейін өсуі мүмкін. Ерігіш минералдардың бөлшектеріне бай кеуек топырақты жерлерге тартылған арналардың өне бойынан шөгулердің шұғыл белсенді қимылы байқалады немесе ылғалдануда тығыздалады. Сырғымалар пайда болу кезінде де үлкен апаттар болады. Жерасты суларының әрекетіне байланысты бедердің көптеген пішіндері ірі масштабтағытопографиялық карталарда өз көрінісін табады. Карталарда горизонтальдар көмегімен үлкен карсттық үңгірлер мен қазан шұңқырлар, өзен аңғарлары көрсетіледі. Тіп-тік жартасты керпештер мен жарлар, кар алаңдары, табиғи шахталар, құдықтар, кеіп қалатын өзендер, бастаулар, көлдер шартты белгілермен беріледі. Бедердің суффозиондық пішіндерін беру кезінде ірі западиналар мен шұңқырлар горизонтальдар арқылы көрсетіледі, табиғи сипаттағы шартты белгімен кіші диаметрдегі иірілімдер де белгіленеді.

Ж ы л ж ы м а л а р — кейде ұзақ дамитын, үлкен жер массаларының сырғанап жылжуы. Жылжымалар суффозия нәтижесінде, тік беткейлерді өзендер, теңіз толқындары, көлдер, суқоймалар шайғанда, тұрақсыз беткейлерде қандайда бір құрылыстың бар болуынан, грунттардың жаңбыр немесе еріген қар суына қанығуынан, жерсілкінісінде, тіпті транспорт өткенжағдайларда да пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]