- •3.Планиметр бөлік бағасын анықтау
- •1. Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
- •3.Ситуациялық планды құру
- •2.Тура есеп
- •2.Электронды техеометрлерді қолдану аймақтары
- •2.Техникалық теодолиттердің тексермесі
- •3.Жарма дегеніміз не?
- •2.Кері есеп
- •3.Тура геодезиялық есептің мәні
- •3.Вертикаль бұрыштар мен теодолиттің но анықтау
- •3. Алаңдарды полярлық планиметрмен өлшеу
- •1.Горизонталь және вертикаль ара қашықтықтарды анықтауға жер қисықтығынын әсері
- •2.Кері геодезиялық есептің мәні
- •2.Меридиандардың жақындасуы дегеніміз не? Және ол нүктенің ендігіне қалай тәуелді және өстік меридианға қатысты қалай тәуелді?
- •3.Магнит тілінің ауытқу бұрышы дегеніміз не?
- •Ендік және бойлық дегеніміз не?
- •2.Алаңдарды анықтаудың графикалық тәсілі
- •3.Карталар номенклатурасы.
- •1.Қиманың биіктігі және салынды деген не?.
- •2.Горизонтальдар бойынша нүктенің белгесін қалай анықтайды және берілген көлбеулікпен сызықты қалай жүргізеді?
- •2.Абсолютті биіктік
- •2.Горизонтальдар арасында жатқан бұрыштың биіктік белгісін қалай анықтаймыз?
- •3. Еңістік дегеніміз не және қандай формуламен анықтауға болады?
2.Кері есеп
3.2Т30 теодолитпен бұрышты өлшеу дәлдігін бағалау. 2Т 30 теодолиті горизонталь ж/е вертикаль дөңгелектер шкалаларын бағалау бөлігі 5’-тік шкалалық микроскопты қолданады. Есептеулер бұл кезде шкала бөлігінің ондық үлесіне дейінгі дәлдікпен, 0,5’-қа дейін жүргізіледі.
1.Горизонтальдар қасиеттері. -Бір горизонтальдың бойында жатқан барлық нүктелердің биіктіктері бірдей болады;
-Тұйықталған горизонталь төбе не қазаншұңқырларды білдіреді. Оларды бергштрих немесе жазулар арқылы айыруға болады;
-план мен карталардағы горизонтальдар үздіксіз болуы тиіс;
-Горизонтальдар бір-бірімен қиылыспайды;
2.Карталар мен пландар. Жер бетінің н/е оның жеке бөлшектерінің кішірейтіліп арнаулы деректері толық көрсетіліп, жазықтық бетке кескінделуін карта дейді. Ал, шағын аймақтың дәл осындай кескінін, яғни ірі масштабтағы картаны план дейді. Негізгі ерекшеліктері: -Планда жердің шағын аймақтары үлкен масштабпен алынса (1:500, 1:2000), карталарда үлкен аймақтар ұсақ масштабпен (1:50000, 1:100000) алынады. –Картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде сызылады, ал план бетінде тік бұрышы координаталық тордың кескіні ғана болады. –Планда жердің дөңестігі ескерілмейді.
3.Тура геодезиялық есептің мәні
1.Жазық және кеністік координаталар жүйелері. Геодезияда колданылатын барлық координаталар жүйелері кеңістік және жазыктық жүйелері болып екіге бөлінеді. Координаталардың кеңістік жүйелерінің ішінде көпшілікке танымалысы-географиялык координаталар жүйесі. Бұл жүйеде нүктенің жер бетіндегі орны жалпы дүниежүзілік масштабта анықталады. Оларды географиялық ендік- және географиялық бойлық-λ дейді. Геодезиялык (φ) экватор жазықтығы мен бекітілген Р нүктесі арқылы өтетін тіктеуіш сызық арасындағы бұрыш. Ендік экватордан бастап, берілген нүктеге дейінгі географиялык меридианның доғасымен өлшенеді де, экватордан екі жаққа солтүстікке қарай 0° тан 90°-қа дейін өзгеріп отырады. Географиялық координаталар жүйесі бүкіл жер шарына ортақ және олар астрономия, сфералық геометрия, картография, ғарыш мәселелерін шешуде жиі қолданылады. Жазық координаталар жүйелері ішінде геодезияда ең кеңінен тарағандары-тік бұрышты және полярлық координата жүйелері. Тік бұрышты жазық координаталар жүйесі. Шағын аймақтары біршама қысқа арақашықтықтарға байланысты есептерді шешкенде, тік бұрышты X және У осьтерінен тұратын жазық координаталар жүйесі пайдалынады. Бүл жүйеде координаталар басы шартты түрде алынады, яғни еркін бір нүктеден басталады.
Тік бұрышты координаталар жүйесінде X осі-абсцисса, ал У- ордината осьтері болып белгіленеді. Горизонталь жазықтық координата осьтерімен төрт ширекке бөлінеді. Математикада колданылатын декарттык тік бұрышты жүйеден геодезиядағы бұл жүйенің айырмашылығы-ширектердің оң жаққа карай нөмірленулері, яғни солтүстік-шығыс ширектен басталып, сағат тілінің бағытымен есептеледі. Әлбетте, мұның өзі геодезиялық есептеулер кезінде тригонометриялық формулаларды ешбір өзгеріссіз пайдалануға мүмкіндік береді.
Координаталардың бұл тікбұрышты жазық жүйесі горизонталь түсірістер жүргізіп және олардың нәтижелері бойынша жердің пландарын жасаған кездерде қолданылады. Зоналық тік бұрышты жазық координаталар жүйесі. Жер бетінің едәуір территориясын планға, картаға түсіру үшін жер бетіндегі нүктелерді эллипсоид бетінен жазық бетке кескіндеу қажет болады. Міне, осындай кескіндеу кезінде мына төменгі шарттар сақталуы керек: 1) жер бетіндегі арақашықтар өзгерістерінің ауытқу мөлшерінің шамалы болуы; 2) жер бетіндегі бұрыштың проекцияға ешқандай өзгеріссіз түсірілуі; 3) географиялық координаталардан тік бұрышты координаталар жүйесіне көшу мүмкіндігі. Осы жоғарыда айтылған шарттарға көлденең цилиидрлік деп аталатын неміс ғалымы Гаусс үсынған проекция тәсілі сәйкес келеді. Бүл проекцияға Жер эллипсоидының беті зоналарға бөлінген. Ол зоналар шығысы мен батысында меридиандармен шектеліп, оңтүстік полюстен солтүстік полюске карай созылып жатады. Зоналардың бойлықтағы ені 6°-тық болып келеді, нөмірлері Гринвич меридианынан шығыска қарай белгіленеді. Қазақстанның кең байтақ территориясы 6°-тық зоналар бойынша есептегенде 8-ден 15-ші зонаға дейінгі аралықты алып жатыр. Гаусс проекциясында зоналардың орталық (осьтік) меридианы жазықтыққа ешқандай өзгеріссіз проекцияланады, ал осьтік меридианнан алыстаған сайын, қашықтықтар аздаған өзгеріске үшырайды. Әрі қарай әр зона осьтік меридианмен экваторға параллель етіп жүргізілген кереге көз сызықтарга бөлініп, олар-тік бұрышты координаталар торы не километрлік тор деп аталынады.
Сөйтіп, әрбір зонаның ортадағы меридианы-осьтік меридиан деп аталады. Шығыс жарты шарындағы кез-келген зонаның осьтік мериданының бойлығы мына формула бойынша аныкталады: λ=6°N-3 (3)
мұндағы N-6°- тық зонаның нөмірі.
2.Топографиялық карталар мен пландардың номенклатурасы. Пландар мен карталарды пайдалану қолайлы болу үшін олар белгілі бір жүйемен белгіленеді. Әрбір планды, картаны белгілеу жүйесін – номенклатура дейді. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады. Осы бөлуден зона шығады.
3. Сызықты бағдарлаудегеніміз не? Азимут және румб дегеніміз не?
1.Тік бұрышты координаталардың зоналды жүйесі Зоналық тік бұрышты жазық координаталар жүйесі. Жер бетінің едәуір территориясын планға, картаға түсіру үшін жер бетіндегі нүктелерді эллипсоид бетінен жазық бетке кескіндеу қажет болады. Міне, осындай кескіндеу кезінде мына төменгі шарттар сақталуы керек: 1) жер бетіндегі арақашықтар өзгерістерінің ауытқу мөлшерінің шамалы болуы; 2) жер бетіндегі бұрыштың проекцияға ешқандай өзгеріссіз түсірілуі; 3) географиялық координаталардан тік бұрышты координаталар жүйесіне көшу мүмкіндігі. Осы жоғарыда айтылған шарттарға көлденең цилиидрлік деп аталатын неміс ғалымы Гаусс үсынған проекция тәсілі сәйкес келеді. Бүл проекцияға Жер эллипсоидының беті зоналарға бөлінген. Ол зоналар шығысы мен батысында меридиандармен шектеліп, оңтүстік полюстен солтүстік полюске карай созылып жатады. Зоналардың бойлықтағы ені 6°-тық болып келеді, нөмірлері Гринвич меридианынан шығыска қарай белгіленеді. Қазақстанның кең байтақ территориясы 6°-тық зоналар бойынша есептегенде 8-ден 15-ші зонаға дейінгі аралықты алып жатыр. Гаусс проекциясында зоналардың орталық (осьтік) меридианы жазықтыққа ешқандай өзгеріссіз проекцияланады, ал осьтік меридианнан алыстаған сайын, қашықтықтар аздаған өзгеріске үшырайды. Әрі қарай әр зона осьтік меридианмен экваторға параллель етіп жүргізілген кереге көз сызықтарга бөлініп, олар-тік бұрышты координаталар торы не километрлік тор деп аталынады.
Сөйтіп, әрбір зонаның ортадағы меридианы-осьтік меридиан деп аталады. Шығыс жарты шарындағы кез-келген зонаның осьтік мериданының бойлығы мына формула бойынша аныкталады: λ=6°N-3 (3)
мұндағы N-6°- тық зонаның нөмірі.
