- •3.Планиметр бөлік бағасын анықтау
- •1. Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
- •3.Ситуациялық планды құру
- •2.Тура есеп
- •2.Электронды техеометрлерді қолдану аймақтары
- •2.Техникалық теодолиттердің тексермесі
- •3.Жарма дегеніміз не?
- •2.Кері есеп
- •3.Тура геодезиялық есептің мәні
- •3.Вертикаль бұрыштар мен теодолиттің но анықтау
- •3. Алаңдарды полярлық планиметрмен өлшеу
- •1.Горизонталь және вертикаль ара қашықтықтарды анықтауға жер қисықтығынын әсері
- •2.Кері геодезиялық есептің мәні
- •2.Меридиандардың жақындасуы дегеніміз не? Және ол нүктенің ендігіне қалай тәуелді және өстік меридианға қатысты қалай тәуелді?
- •3.Магнит тілінің ауытқу бұрышы дегеніміз не?
- •Ендік және бойлық дегеніміз не?
- •2.Алаңдарды анықтаудың графикалық тәсілі
- •3.Карталар номенклатурасы.
- •1.Қиманың биіктігі және салынды деген не?.
- •2.Горизонтальдар бойынша нүктенің белгесін қалай анықтайды және берілген көлбеулікпен сызықты қалай жүргізеді?
- •2.Абсолютті биіктік
- •2.Горизонтальдар арасында жатқан бұрыштың биіктік белгісін қалай анықтаймыз?
- •3. Еңістік дегеніміз не және қандай формуламен анықтауға болады?
2.Электронды техеометрлерді қолдану аймақтары
3. Геодезиялық негіз бен түсіріс торлары туралы түсінік. Түсіріс торлары да пландық және биіктік торлары болып бөлінеді. Пландық түсіріс жүйелері теодолиттік, тахеометриялық және мензулалық жүрістер немесе триангуляция арқылы құрылады.Торлардың тығыздығы түсіру масштабына, жердің-рельефіне тікелей байланысты. Теодолиттік түсіріс -өлшеу аспабы теодолиттің атына байланысты аталған.Егерде өлшеу кезінде тек горизонталь бұрштар мен қашықтықтар өлшееніп,ситуация ғана түсірілсе,онда оны контурлық теодолиттүсірісі дейді.Ал,егер теодолиттік түсірісте горизонталь бұрыштар мен ұзындықтарды өлшеумен қатар,вертикаль бұрыштар өлшеніп,өзара биіктіктер анықталса және ситуациямен қатар рельеф түсірілсе, ондай түсірісті биіктік –теодолит түсірісіне жарқызамыз.Тахеометриялық түсіріс-тахеометр аспаптарымен жасалынады.Ол аспаптармен горизонталь және вертикаль бұрыштар,өзара биіктіктер және горизонталь қашықтықтар өлшенеді.Топографиялық планды алу үшін инжинерлік практикада тахеометрлік түсіріс жиі қолданылады.Бұл түсірістің орындалу технологиясы биік –теодолит түсірісіне ұқсас.Мензулалық түсіріс-мензула мен кипрегель аспаптарымен орындалады.Мензулалық түсірістің құндылыңы-түсіріс кезінде жер бетінің бейнесін сызба түрінде алуға болады және оны түсірілген жердің элементтерімен және контурларымен тікелей салыстыруға болады.
1.Референц-эллипсоид туралы түсінік. Референц-эллипсоид дегеніміз нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі бір түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид. 1945 жылдан бастап геодезиялық ж/е картографиялық жұмыстар үшін Ф. Н. Красовскийдің рефернц-эллипсоидының мына өлшемдері бекітілді: а=6378245 м; b=6356863 м; α=1:298,3;
2.Техникалық теодолиттердің тексермесі
3.Жарма дегеніміз не?
1.Жер бедерін горизонталь иректермен кескіндеу. Топографиялық түсірістер нәтижесінде жер бетіндегі нүктелердің пландық орны мен биіктіктері алынады. Осы нүктелер биіктіктері негізінде жердің бедері горизонтальдар арқылы бейнеленеді.Ол үшін ең алдымен жер бедері қимасының биіктігі таңдалып алынады. Содан кейін бір еңістікте жатқан нүктелер түзу сызықпен қосылады да, сол сызықтар бойынан жер бедері қимасының биіктігіне сай келетін нүктелер табылады. Бұл әрекетті интерполяциялау дейді. Интерполяциялау үшін негізі параллель сызықтар жүргізілген мөлдір қағаз (калька) қолданылады. Калькадағы параллель сызықтарды жер бедерінің қималары мен пландағы нүктелерінің биіктіктеріне сай етіп цифрлайды. Палетканы интерполяция жасайтын нүктелердің үстіне дәл орналастырады да, негізгі нүктенің үстіне инемен бекітіп қояды. Сосын 2-нүктенің төңірегінде айналдырады. Сосын 1-2 сызығының палеткадағы параллель сызықтармен шаншып, әрбір нүктенің қасына сәйкес биіктіктерін жазады. Дәл осылай басқа нүкте араларын интерполяциялайды. Содан кейін пландағы пландағы биіктіктері біркелкі нүктелерді бірқалыпты қисық сызықтармен қосып, жер бедерінің кескінін горизонтальдар арқылы алады.
