- •3.Планиметр бөлік бағасын анықтау
- •1. Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
- •3.Ситуациялық планды құру
- •2.Тура есеп
- •2.Электронды техеометрлерді қолдану аймақтары
- •2.Техникалық теодолиттердің тексермесі
- •3.Жарма дегеніміз не?
- •2.Кері есеп
- •3.Тура геодезиялық есептің мәні
- •3.Вертикаль бұрыштар мен теодолиттің но анықтау
- •3. Алаңдарды полярлық планиметрмен өлшеу
- •1.Горизонталь және вертикаль ара қашықтықтарды анықтауға жер қисықтығынын әсері
- •2.Кері геодезиялық есептің мәні
- •2.Меридиандардың жақындасуы дегеніміз не? Және ол нүктенің ендігіне қалай тәуелді және өстік меридианға қатысты қалай тәуелді?
- •3.Магнит тілінің ауытқу бұрышы дегеніміз не?
- •Ендік және бойлық дегеніміз не?
- •2.Алаңдарды анықтаудың графикалық тәсілі
- •3.Карталар номенклатурасы.
- •1.Қиманың биіктігі және салынды деген не?.
- •2.Горизонтальдар бойынша нүктенің белгесін қалай анықтайды және берілген көлбеулікпен сызықты қалай жүргізеді?
- •2.Абсолютті биіктік
- •2.Горизонтальдар арасында жатқан бұрыштың биіктік белгісін қалай анықтаймыз?
- •3. Еңістік дегеніміз не және қандай формуламен анықтауға болады?
1. Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
Жердің пішіні мен көлемін зерттеу жер бетін картада дұрыс кескіндеуге мүмкіндік береді ж/е ол ғылым мен техниканың көптеген міндеттерін шешу (жасанды серіктерді ж/е ғарыш кемелерін ұшыру, теңізде жүзу, авиация, радиобайланыс ж/е т.б) үшін қажет. Жер қыртысы әр түрлі қыраттар мен ойпаттардан тұрады. Жердің шамалы ғана бөлігі (20%) қүрлық, ол 71%-ын дүниежүзілік мұхит алып жатыр. Мұхит деңгейін құрлықтағы биіктіктерді, тауларды, ғимараттарды өлшеген кезде 0-дік биіктік ретінде алады. Себебі, мұхит көлемі құрлықтан едәуір үлкен ж/е мұхит деңгейін Жердің фигурасы ретінде қабылдайды. Жердің фигурасын жер эллипсоиды дейді. Референц-эллипсоид дегеніміз нақты бір елде геодезиялық өлшеулерді өңдеу үшін қолданылатын, жер денесінде белгілі бір түрде бағдарланған, нақты көлемі анықталған эллипсоид.
2.Тура және кері азимуттар, дирекциондық бұрыштар мен полигоннын ішкі бұрыштар арасындағы байланыс. Тура және кері азимуттар арсындағы байланыс келесі формуламен өрнектеледі. Ак=Ат + 180˚+ γ, γ – меридианның жақындасуы; γ=αAB – АН.
Бағытты румб арқылы табу үшін румбтың сан мәнінен басқа сызықтың қай ширекте жатқанын білу қажет. Берілген дирекциондық бұрыштар арқылы румбтарды анықтайды:
І ширекте СШ r1 = α1; ∆х+; ∆у+;
ІІ ширекте ОШ r2 = 180˚ - α2 ; ∆х-; ∆у+;
ІІІ ширекте ОБ r3 = α3 - 180˚; ∆х-; ∆у-;
ІV ширекте СБ r4 = 360˚- α4; ∆х+; ∆у-;
3.Нивелирлеу
1.Проекциялаудың негізгі әдісі – жергілікті жердің горизонталь проекциясы Кеңістіктегі әр түрлі бейнелер мен заттарды қағаз бетінде кескіндеу үшін проекциялау әдісі қолданылады. Жердің физикалық бетіндегі нүктелердің орны эллипсоидтың бетіне нормаль болып есептелінетін тік сызық арқылы проекцияланады. Осы проекциялау нәтижесінде нүктенің тікбұрышты проекциясы алынады
2.Горизонталь бұрыштарды өлшеу тәсілдерін зерттеу. Горизонталь бұрыштарды өлшеу — теодолиттің құрылымына, өлшеудің шарттарына және қойылатын талаптарға байланысты өлшеудің жеке бұрыш, айналма, қайталаулар әдістері бар. 1. Жеке бұрыш өлшеу әдісі — теодолиттік жүрістерде жобадан жергілікті жерге бұрышты көшіруде және тағы да басқалары жұмыстарда жеке бұрыштарды өлшеу үшін қолданылады. 2. Айналма әдісі - есептеу қателерінің әсерін азайту мақсатымен өлшеудің ақырғы нотижесінің дәлдігін арттыру қажет болғанда қолданылады. 3. Қайталаулар әдісі — триангуляцияда және полигонометрияда бір нүктеден үш және одан да көп бағыттар арасындағы бұрыштарды өлшеу кезінде қолданылады
3.Ситуациялық планды құру
1. Жер бетінің бедері Жер бетіндегі таулардың, сайлардың, жота-ойпаттардың жинагын жердің бедері дейді. Ал, жер бетіндегі әртүрлі құрылыстар, жолдар, т.б. жиынтығын геодезияда ситуация дейді. Жер бедері ерекшеліктеріне байланысты мекен-жай, таулы, және жазық болып бөлінеді: тау, қазаншұңқыр, жота, өзен, қайқы, бел. Таудың ең биік жері-шың, ал тау табаны тау етегі деп аталады. Жер бетінің бедері топографиялық карталар мен пландарда горизонтальдар, шартты белгілер және биіктерді жазу арқылы бейнеленеді.Құрлық бетіндегі абсолют биіктіктері бірдей нүктелерді біріктіретін қисық-тұйық сызықты горизонтальдар деп аталады. Жер бедерінің халық шаруашылығының қай саласына болсын тигізетін әсері өте зор. Әсіресе, тау-кен жұмыстарын ашык әдіспен жүргізгенде, жер бедерінің ерекшеліктерін ескермеуге болмайды.
