- •3.Планиметр бөлік бағасын анықтау
- •1. Жердің пішіні мен көлемі туралы түсінік
- •3.Ситуациялық планды құру
- •2.Тура есеп
- •2.Электронды техеометрлерді қолдану аймақтары
- •2.Техникалық теодолиттердің тексермесі
- •3.Жарма дегеніміз не?
- •2.Кері есеп
- •3.Тура геодезиялық есептің мәні
- •3.Вертикаль бұрыштар мен теодолиттің но анықтау
- •3. Алаңдарды полярлық планиметрмен өлшеу
- •1.Горизонталь және вертикаль ара қашықтықтарды анықтауға жер қисықтығынын әсері
- •2.Кері геодезиялық есептің мәні
- •2.Меридиандардың жақындасуы дегеніміз не? Және ол нүктенің ендігіне қалай тәуелді және өстік меридианға қатысты қалай тәуелді?
- •3.Магнит тілінің ауытқу бұрышы дегеніміз не?
- •Ендік және бойлық дегеніміз не?
- •2.Алаңдарды анықтаудың графикалық тәсілі
- •3.Карталар номенклатурасы.
- •1.Қиманың биіктігі және салынды деген не?.
- •2.Горизонтальдар бойынша нүктенің белгесін қалай анықтайды және берілген көлбеулікпен сызықты қалай жүргізеді?
- •2.Абсолютті биіктік
- •2.Горизонтальдар арасында жатқан бұрыштың биіктік белгісін қалай анықтаймыз?
- •3. Еңістік дегеніміз не және қандай формуламен анықтауға болады?
1.Геодезия пәнінің негізгі ғылыми және техникалық міндеттеріне мына төмендегідей жұмыстар жатады:
-жер бетіндегі нүктелердің координаттарын белгілі бір жүйеде анықтау;
-тау-кен кәсіпорындарын жобалау, салу ж/е пайдалану кезіндегі әртүрлі өлшеулерді жер бетінде, астында, атмосферада, теңізде ж/е ғарыш бетінде жүргізу;
-республикамыздың қорғаныс мұқтаждығын геодезиялық мәліметтермен қаматамасыз ету;
Алдына қойылған міндеттерін атқаруда геодезия, математика, физика, астрономия, география, геоморфология, радиоэлетроника сияқты ғылымдардың деректеріне сүйенеді.
2. Магнит тілінің ауытқуы, меридиандар жақындасуы. Топографиялық карталардағы торлардың тік сызығы ақиқат меридиандар бағытымен сөйкес келмейді жөне меридиандар жақындасуы деп аталатьн бұрыш жасайды. Егер вертикальды сызык торының солтүстік ұшы ақиқат меридианынан шығысқа ауыткыса, онда меридиандардың жақындасуы шығыстык ("+"), карама-қарсы жаққа ауытқуы — батыстық ("-") болып саналады. Магниттік меридиан мен географиялық меридианның бағыттары сәйкес келмейді, олардың арасында пайда болған бұрыш магнит тілінің бұрылу бұрышы (δ)(ауытқуы) деп аталады.
3.Планиметр бөлік бағасын анықтау
1.Геодезияның қысқаша даму тарихы Геодезия – Жер туралы ежелден келе жатқан ғылым. «Геодезия» сөзі грек тілінен «жерді бөлу». Адамзаттың тіршілігінде жер учаскелерін өлшеуге, бөлуге байланысты пайда болған. Б.з.б. IV ғасыр бұрын өмір сүрген грек математигі Евдем «Жерді өлшеу нәтижесінде египеттіктер метрия ғылымын ойлап шығарды»-, деп жазды. Бұдан кейін геодезия Үндістанда, Орта Азияда, Араб елдерінде дамыды. Ресейдегі геодезиялық жұмыстар XVIII ғ. Петр I кезінде дамыды. Шоқан Уалиханов Орыс география қоғамына мүше болған кезде Қазақстанның оңтүстік жақтарын картаға түсіріп геодезиялық жұмыстар жүргізген. Геодезияның қарқынды дамуына Кеңес Үкіметі кең жол ашты. Түрлі геодезиялық ғылыми-зерттеу институттары мен мамандар даярлайтын көптеген оқу орындары ашылды. 1925 ж. бастап карталар жасау үшін аэроФОТОтопография қолданыла бастады.
Қазіргі заманда ғарыштық техника көмектесуде.
2.Теодолиттің тексермелері Теодолит көтергіш бұранда, тұғыр, алидада, шыны шығыршықты горизонталь дөңгелек, өлшем алу тетігі – микроскоп, шыны шығыршықты вертикаль дөңгелек, дүрбі, тіреу, цилиндр пішінді деңгей – теңгермеден тұрады.
Теңгерме білігін тексеру: 1) Теңгерме «1-2»-ші көтергіш бұрандалары бағыты үстінде қойылады да, осы бұрандаларды қарама-қарсы жаққа бұрау арқылы көпіршік қақ ортаға /нульпункте/ жылжытылады;
2) алидада айналымы 90°–қа өзгертіп, теңгермені 3- ші көтергіш бұрандаға бағыттайды да, осы бұранданы бұрау арқылы көпіршік қақ ортаға жылжытылады;
3) алидада айналымын 180°–қа өзгертіп, теңгермені 3-ші көтергіш бұранда бағытында тұрақтады.
Егер осы мезетте көпіршіктің қақ ортадан ауытқуы қалыпты мөлшер – 1мм шамасынан аспаса, онда теңгерме білігінің дұрыс орналасқаны. Ондай болмаса, түзету жұмысы орындалуы қажет.
Мысалы: көпіршік қақ ортадан 8-мм-ге ауытқып тұр делік. Оны кейін қайтарып, қақ ортада тұрақтату үшін мынадай түзету жұмыстары орындалады:
Түзету бұрандасының реттік бұралуы арқылы көпіршік қақ ортаға қарай 4 мм, яғни ауытқудың жартылай шамасына жылжытады;
3-ші көтергіш бұрандасының айналымы арқылы көпіршік қақ ортаға әкелінеді. Түзету жұмысы осылайша аяқталады.
2. Нысаналау білігін тексеру дүрбіні «ДС» /дөңгелектің сол жақтағы/ қалпында қайсібір анық көрінетін, алшақтау орналасқан «N» нүктесіне нысаналайды да, горизонталь дөңгелектен ДС бұрыштың өлшемін алады. Мысалы, ДС=5°18’ делік.
дүрбіні НН білігі төңірегінде толық айналдыра отыра, алидаданы 180°–қа бұрып, дүрбіні «ДО» / дөңгелектің оң жақтағы/ қалпында қайтадан «N» нүктесіне нысаналайды да, горизонталь дөңгелектен ДО бұрыштық өлшемін алады.
3.Дүрбі айналымы білігін тексеру 1) теодолит ғимарат қабырғасынан 10-20 м алшақтықта тұрақталған соң, дүрбі, «ДС» қалпында 40-50° -тық көлбеулікпен қабырға бетіндегі «М» нүктесіне нысаналайды да, алидада бекітіледі. Бұдан кейін, дүрбіні НН1 білігі төңірегінде айналдыра отыра, оны горизонталь қалпына келтіріп, торап нүктесімен дәлдестіріп қабырға бетінде N1 нүктесін белгіленеді. 2) осындай әрекет дүрбінің «ДО» қалпында қайталанып, қабырға бетінде N2 нүктесі белгіленеді.
Егер дүрбі окуляры көз аясында N1 N2 алшақтығы биссектор ені мөлшерінен аспаса, онда дүрбі айналымы білігінің дұрыс орналасқаны. Ондай болмаса, шеберхана жағдайында түзету жұмысы орындалуы қажет.
4.Қыл сызықты торды тексеру былайша орындалады
Қайсыбір анық көрінетін «N» нүктесіне торап нүктесін дәлме дәл беттестіріп нысаналайды да, алидаданы бекітеді. Бұдан соң, дүрбіні НН, білігі төңірегінде кішігірім айналдырады.
Егер дүрбі окуляры көз аясындағы «N»-нысана нүктенің вертикаль бағыттан ауытқуы биссектор енінің 1/3 бөлігі шамасынан аспаса, онда қыл сызықты тордың дұрыс орналасқаны. Ондай болмаса, шеберханада түзету жұмысы орындалуы керек.
5.Вертикаль дөңгелектің «нөл орнын» тексеру
1) дүрбіні «ДС» қалпында қайсыбір анық көрінетін, алшақтау және жоғарылау орналасқан «N» нүктесіне нысаналайды да, вертикаль дөңгелектен ДС бұрыштық өлшемін алады.
2) осындай әрекет дүрбінің «ДО» қалпында қайталанып, вертикаль дөңгелектен ДО бұрыштық өлшемін алады.
Егер осы ДС және ДО өлшемдерінің орта мәні, яғни «нөл орны» НО=[(ДС+ДО)± 180°]/2 қалыпты мөлшері 0°-қа тең немесе 0°-жуық болуы керек. Ондай болмаса, түзету жұмысы орындалуы қажет.
Ол үшін: Вертикаль дөңгелектен алынған бұрыштық өлшемдер ДС және ДО/ бойынша НО /нөл орны/ мен v көлбеу бұрышы есептеледі ТЗО, 2Т30М теодолиттері үшін,
НО
=
; v=ДС-НО;
v
= НО- ДО-180°; v=
;
90°кіші
алынған есепке 360° қосады;
Дүрбіні «ДС» қалпына келтіріп, көлбеу бұрыштық мәні ДС=v микрометрлік бұранда көмегімен вертикаль дөңгелекте дәлдестіріліп қойылады. Бұл әрекет қыл сызықты тордың торап нүктесін «N» -нысана нүктесінен жоғары немесе төмен қарай алшақтатады. Бұны дүрбі окуляры көз аясынан көруге болады;
Ендігі мәселе осы алшақтықты жою. Ол үшін, қыл сызықты тордың жоғарғы және төменгі жақтағы түзету бұрандалары (4-сурет) көмегімен торап нүктесін «N»-нысана нүктесімен дәлме-дәл беттестіреді;
3.Нивелирлеу – Жер бетіндегі нүктелердің биіктіктерін қайсы бір бастапқы нүктемен немесе бастапқы деңгейлік бетпен салыстыра отырып анықтау. ивелирлеу тірек геодезия желісін түзу, топографиялық түсірулердің биіктік негізін құру, жер бедерін түсіру, түрлі ғимараттарды, тас жол мен тас жолды жобалау, тағы басқа мақсаттарда жүргізіледі. Жер пішінін зерттеу, жер қыртысының вертикаль қозғалыстарының шамасын анықтау, теңіз және көл деңгейінің өзгерісін белгілеу, тағы басқа ғылыми зерттеулерге қажет мағлұматтар береді.
Геометриялық нивелирлеу— жер бетіндегі нүктелердің биіктік айырмашылығын (өзара биіктікті) горизонтальдық көздеу арқылы анықтайтын тәсіл. Геометриялық нивелирлеу нивелир және рейканың (қаданың) көмегімен орындалады.
Нивелирді орналастыруға байланысты геометриялық нивелирлеу екі әдіспен жасалынады: “ортаға қою” және “алға нивелирлеу”. Маршруттық нивелирлеуде “ортаға қою” әдісін қолдану тиімді. Бұл әдісте нивелир екі нүктенің ортасына қойылады, ал нүктелерде вертикаль қалыпта рейкалар орналастырылады. Рейкалардан артқы (а) және алдыңғы (b) санақтар алынады. Осы санақтардың айырымы арқылы екі нүктенің өзара биікт. (hаb) есептелінеді. Геометриялық нивелирлеуде нүктелердің арасы бір-бірінен алшақтау болса, нивелирді нүктелердің ортасына ретімен орналастырып (нивелир орналастырған жерді “станция” деп атайды) нивелир жүрісі жүргізіледі. Екі көршілес станцияға ортақ нүктелер нивелир жүрісінің байланыс нүктелері болып табылады. Жер бетінде геометриялық нивелирлеу арқылы мемлекеттік және жергілікті нивелирлік торлар құрылады, олар арқылы республика аумағында біртұтас биіктік жүйесі жасалынып, топографиялық түсірім мен инженерлік жұмыстар орындалады. Алға нивелирлеу әдісі бөлу жұмыстарында, жерге жоба белгілер мен еңістіктерді шығарғанда, жерді вертикальдік пландауда ірі масштабты топографиялық жоспар план алу үшін қолданылады
Күрделі нивелирлеу – негізі ойлы-қырлы жерлері көп, рейка көрінбей қалған жағдайда қолданады. Ол өлшеуге берілген пикеттер ортасын тағыда пикеттерге бөлу арқылы жүзеге асады.
h1 = a1 – b1 , h2 = a2 – b2 ,… hn = an – bn ;
H1 = HA + h1 , H2 = H1 + h2 ,… Hn = Hn + hn ;
Техникалық нивелирлеу. Топографиялық жұмыстар жүргізу кезінде түсіру пунктерінің биіктіктері техникалық нивелирлеу арқылы анықталады. Техникалық нивелирлеу сондай-ақ инженерлік құрылыстарды, темір-жолдар мен тас жолдарды жобалау, құру және профиль сызудан тұрады
