Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
B дегейі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

12.Әқімшілік жауаптылықтан босату негіздерін түсіндіріңіз.

1) кiнәлi адамның өкiнуi;

      2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаның құқық бұзушылықтың зиянды салдарын болғызбауы, залалды өз еркiмен өтеуi немесе келтiрiлген зиянды жоюы;

      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қатты жан толқынысының әсерiмен не жеке басының немесе отбасының ауыр мән-жайлары салдарынан жасау;

      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамның жасауы;

      5) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жүктi әйелдiң немесе он төрт жасқа дейiнгi баласы бар әйелдiң жасауы;

      6) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты күшпен немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде жасау;

      7) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қажеттi қорғаныстың заңдылық шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу, бұйрықты немесе өкiмдi орындау кезiнде жасау

   8) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты алғаш рет абайсызда жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады.

13.Әкімшілік жазалардың түрлерін анықтаңыз.

а) Ескерту. Ескерту әкімшілік жаза ретінде жазбаша түрде шығарылады және құқық бұзушыны сақтандыру тәсілі болып табылады. Ескерту көпшілік жағдайда моральдық әсер ету шарасы болып табылады және жасалып жатқан құқыққа қайшы іс-әрекетті аяқталмаған сатыда тоқтату әдісі болып табылады. Ескертуді ауызша жасау әкімшілік жаза ретінде есептелмейді. Ескертуді жазбаша түрде жасаудың қажеттілігі, егер адам құқық бұзушылықты қайталап жасаған жағдайда оған неғұрлым қатаң шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Ескертудің әрекет ету мерзімі болады, егер адам жазасын өтегеннен кейін 1жыл ішінде жаңа әкімшілік құқық бұзушылық жасамаса, онда ол әкімшілік жауаптылыққа тартылмаған деп есептеледі. Егер тұлға қайтадан құқық бұзушылық жасаса, онда кодекстің 62-бабына сейкес, лауазымды тұлға әкімшілік жаза тағайындаған кезде мұны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырады. Ескеруді қолдану әкімшілік күштеу шарасының ең біріншісі және құқық бұзушыға өз іс-әрекетінің объективті түрде бағалауға, өзінің құқыққа қайшы іс-әрекетін тоқтатуға негіз болады. Яғни құқық бұзушыға ескерту жасау лауазымды адамның іс-әрекетінің адамгершілігін көрсетеді.

б) Айыппұл. Айыппұл - әкімшілік құқық бұзушылық үшін Кодексте (48-б) көзделген жағдайда және шекте, әкімшілік жаза қолдану кезінде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгіленетін айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сай келетін дәрежеде салынатын ақшалай жаза. Айыппұл - әкімшілік жазалардың ең көп тараған түрі б/е. Себебі ол құқық бұзушының материалдық мүддесіне әрекет ету тәсілі. Айыппұл мынадай мөлшерде салынады. - жеке адамға – айлық есептік көрсеткіштің оннан бір бөлігінен. - лауазымда адамға – бес айлық есептік көрсеткіштен. - заңды тұлғаларға – жиырма айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы тиіс. Жеке адамға салынатын айыппұл мөлшерін 200 айлық есептік көрсеткіштен, лауазымды адамға 400 айлық есептік көрсеткіштен, заңды тұлғаға 2000 айлық есептік көрсеткіштен асыруға болмайды. Әкімшілік айыппұл міндетті түрде төленуі тиіс, егер құқық бұзушы дер кезінде төлемесе, онда айыппұл оның жалақысынан (стипендия, пенсия т.б) мәжбүри түрде даусыз өндіріп алынады. Егер кінәлі тұлға жұмыс істемесе, не тұрақты жалақысы болмаса онда жаза соттық орындау тәртібімен борышкердің мүлкімен өндіріп алынады. Егер дереу төлеуге мүмкіндігі болмаса, лауазымды тұлға айыппұлдың төленуін 1 айға дейін созуы мүмкін. 10 Өзіне әкімшілік тәртіппен айыппұл салынған адам бұл жаза заңсыз деп есептесе, «Азаматтың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы 19.07.95 Президентінің заң күші бар жарлығымен сәйкес, бұл шешімге шағымдануға құқылы. Шағым қаулы шығарған лауазымды тұлғаға беріледі, ал соңынан іспен бірге қарауға мүдделі органға не лауазымды адамға беріледі. Шағым 10 күн ішінде қаралуы тиіс.

в) Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты өтемін төлеп алып қою. – оны мәжбүрлеп алып қоюдан және алынған затты өткізу жөніндегі шығыстарды шегеріп, түскен соманы бұрынғы меншік иесіне бере отырып, ол затты өткізуден тұрады. Өтемін төлеп алып қоюды судья қолданады, түскен сомадан ол затты сақтауға, тасмалдануға, сатуға т.б. кеткен шығындар алып қалынады. Өтелім алып қоюдың тәртібі және алып қоюға жататын заттың тізімі Қазақстан Республикасының тиісті заңнамамен белгіленеді. Аң аулау өмір сүруінің негізгі заңды көзі боп табылатын адамдарға аңшылық қаруды, атыс оқ- дәрілерін және аңшылықтың басқа да қаруларын өтемін төлеп алып қоюды қолдануға болмайды.(КОАП 49- б 2-т) Бұл тек қасақана құқық бұзушылық үшін негізгі де, қосымша жаза ретінде де қолданылуы мүмкін.

г) Тәркілеу. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы не оның тікелей объектісі болған затты тәркілеу, сондайақ әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістерді, ақшаны, бағалы қағаздарды тәркілеу – оларды заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекет меншігіне мәжбүрлеп тегін аударудан тұрады. Тәртіп бұзушының меншігі болып табылатын зат қала тәркіленуі мүмкін. Аңшы қаруы, оқ дәрісі, егер аңшылық - өмір сүруінің негізгі көзі болып табылады, адамға тәркіленбейді. (негізгі, қосымша жаза ретінде де б/м). Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтары заңды жолмен табылған кез-келген мүлікке меншік иесі бола алады. Меншік заңмен қорғалады. Соттың шешімінсіз ешкім де өз мүлкінен айырылмайды. Тәркілеуді судья қолданады, заңның ерекше бөлімінің тиісті бабында әкімшілік жаза ретінде көзделген жағдайларда тағайындалуы мүмкін.

д) Арнаулы құқықтан айыру. Нақты адамға берілген арнаулы құқықтан айыру – осы құқықты пайдалану тәртібінің өрескел не үнемі бұзылғаны үшін қолданылады. Арнаулы құқықтан айыруды судья қолданады және ол 1 айдан кем болмауы, 2 жылдан аспауы тиіс. (көлік жүргізу құқығы, аң аулау құқығы т.б.). - алкогольдік, токсический, есірткілік масаң күйде болу; - авария жасап жол жүру ережесін өрескел бұзу. - техникалық жарамсыз көлікті айналадағы адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретінін біле отырып пайдалану. - аң аулау ережесін бүзу арқылы адамдардың мүддесіне, табиғатқа қауіп тудырса. Мүгедектігіне байланысты арнаулы құқықты пайдаланатын адамды ол құқықтардан айыруға болмайды. (егер мас күйінде болса ғана қолдануы мүмкін). Ал аң аулау құқығынан айыру – ол өмір сүруінің негізгі көзі болып табылатын адамға қолданылмайды.

е) Әкімшілік қамау. Ерекше жағдайда ғана жекелеген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 15 тәулікке, ал төтенше жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда 30 тәулікке дейін Қазақстан Республикасы заңына сәйкес аудандық (қалалық) сот тағайындайды. Кәмелетке толмағандар, жүкті әйелдер, 12 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер, 1,2 топ мүгедектері әкімшілік қамауға тартылмайды. Әкімшілік қамау туралы қаулыны сот шығарады, және ішкі істер органы дереу орындауы тиіс. Әкімшілік қамау әкімшілік құқық бұзушылық қайталап жасалса және қылмысқа жақын әкімшілік құқықбұзушылық жасалса тағайындалады.

ж) Кәсіпкерлік қызметке қадағалау жасау. Қосымша жаза ретінде бір жылға дейінге мерзімге тағайындалады. Азаматтардың, шаруашылық субъектісінің кәсіпкерлік қызметіне қадағалау жасау - өз өкілеттігі шеңберінде мұндай қызметті бақылауды жүзеге асыратын органның арызы бойынша тағайындалады. Мұның мақсаты – азаматтарға, шаруашылық субъектісіне әр ай сайын өзінің қаржылық, шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруін қадағалау. Бақылау және қадағалау органдары Қазақстан Республикасы заңдары негізінде өкілеттігі бойынша жұмыс атқарады, олар: мемлекеттік салық, санитарлық, ревизиялық инспекциялар

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]