Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
B дегейі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47 Кб
Скачать
☆

4.Азаматтардың атқарушы билікті жүзеге аясындағы құқықтары мен міндеттерін сипаттап жазыңыз.

Азаматтың әкімшілік –құқықтық мәртебесі оның,конституциялық та, сондай-ақ заңдармен және заңға тәуелді құқықтық актілермен де белгіленетін, белгілі бір заңдық міндеттерді орындауын болжайды.

Бұлар ең алдымен жалпы конституциялық міндеттер:салықтарды төлеу(35-б), отанды қорғау (36-б),табиғатты сақтау және табиғаттық байлықтарына ұқыпты қарау (38-б). Бұл сиақты міндеттер зандарда және занға тәуелді құқықтық актілерде нақтыланады.

Ал азаматтың өзінің міндеттерін орындамауы немесе дұрыс орындамауы оның жауапкершілігін туғызады.Әкімшілік-құқықтық нормалар қолданылатын аяда бұл,негізінен, әкімшілік жауапкершілік.

5.Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері

Қазақстан заңдарында және халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе,шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттер атқарады ҚР-ның азаматтарымен бірдей жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылыққа жатады. ҚР-ның аумағында жасалған әкімшілік-құқық бұзушылық үшін жауаптылық туралы мәселе, егер бұл адамдар қолданылып жүрген заңдар мен халықаралық шарттар бойынша ҚР-ның әкімшілік юрисдикциясынан имунитетпен пайдаланатын болса,дипломатиялық жолмен шешіледі

6.Атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін жазыңыз.

 атқарушы билік органдары қызметінің жүйелі түрде заңға тәуелділігімен сипатталады, яғни атқарушы билік органдары басқару қызметін заң негізінде және заңды орындау мақсатында жүзеге асырады. Атқарушы билік органдарының өз құзыреті шегінде құқықтың актілер шығаруға (мысалы, қаулылар, өкімдер, бұйрықтар және басқалары) қақы бар және олардың орындалуын қамтамасыз етеді.

7.Мемлекеттік қызметшілер мәртебесінің негіздерін жазыңыз.

1) ҚР Конституциясында және өзге де заңдарымен белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға;

2) өз өкілеттілігі шегінде мәселелерді қарауға және шешім қабылдауға қатысуға, тиісті органдар мен лауазымды тұлғалардың оларды орындауларын талап етуге;

3) белгіленген тәртіпте лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен материалдар алуға;

4) лауазымдық міндеттерді атқару үшін белгіленген тәртіппен меншік нысандарына қарамастан ұйымдарда болуға;

5) басшыдан мемлекеттік қызметшінің атқаратын лауазымына сәйкес қызметтік өкілеттілік міндеттері мен көлемін дәл белгілеуді талап етуге;

6) жеке басының қадір-қасиетінің құрметтелуіне;

7) өзі атқаратын лауазымға жұмыс сапасына, тәжірибесіне және заңда белгіленген өзге де негіздерге қарай ынталандырылуына және еңбегіне ақы төленуіне;

8) тиісті бюджет қаражаты есебінен қайта даярлануға және біліктілігін арттыруға;

9) өзінің мемлекеттік қызмет өткеруіне қатысты материалдармен кедергісіз танысуға, қажет болғанда жеке түсініктеме беруге;

10) қызметі бойынша жоғарылауға;

11) қызметшінің пікірінше негізсіз айып тағылғанда қызметтік тексеру жүргізілуін талап етуге;

12) еңбегінің қорғалуына, денсаулығынң сақталуына, қауіпсіз және жоғарғы өнімді жұмыс істеуі үшін қажетті еңбек жағдайына;

13) әлеуметтік және құқықтық қорғалуға;

14) мемлекеттік қызметтен өз қалауы бойынша босатылуға;

15) зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырылуға;

16) жоғарғы мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға мемлекеттік қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге құқығы бар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]