- •11. Орталық Азия халықтарының қалыптасу ерекшеліктерін атаңыз
- •12. Санақ кезіндегі есепке алынатын халықтың санаттары. Халық санағының бағдарламасы.
- •13. Аргентиналық этнос: қалыптасу ерекшеліктері. Аргентиналық этностың қалыптасуындағы еуропалық иммиграцияның рөлін айқындаңыз
- •14. Қазіргі кезеңдегі ақш халқының этникалық құрамын сипаттау
- •15. Кавказ халқының этникалық құрамы, тұрмысы, шаруашылығының негізгі ерекшеліктерін айқындаңыз
- •16. Демография ғылымының объектісі мен зерттеу пәніне анықтама беру
- •17. Демография ғылымының басқа да ғылымдармен өзара байланысуының негізгі бағыттары
- •18. Еуропа елдеріндегі халықтың туу және өлу мәселесінің көрсеткіштерінің жиынтығын сипаттау
- •19. Халықтың аймақтық орын өзгертуі (миграция). «Иммиграция», «эммиграция», «миграция сальдосы» түсініктерін сипаттау
- •20. Солтүстік – Шығыс Сібір халқының (чукчалар, коряктер, ительмендер, чуванцтар, эскимостар, алеуттер): тұрмысы, мәдениеті, наным-сенімдерін сипаттау
20. Солтүстік – Шығыс Сібір халқының (чукчалар, коряктер, ительмендер, чуванцтар, эскимостар, алеуттер): тұрмысы, мәдениеті, наным-сенімдерін сипаттау
Сібірдің солтүстік-шығыс бұрышында 17-ші ғасырда, әлі күнге дейін жабайылық жағдайынан шыққан жоқ: Океанның оңтүстігіндегі Артық мұхитына шығатын, Ленаның аузы шығысқа қарай орналасқан, Чукчи түбегін басып алған Чукчи (Луовет-Лана), оңтүстігінде тұратын Коряктар (немуландар), Камчалалы (ителмендер), Камчатканың орта бөлігінде тұратын және Камчатка мен көрші аралдардың оңтүстік бөлігінде тұратын халықтар.
Коряктар – халық. Ресей ФедерациясыРесей Федерациясындағы Коряк авторитарлық округінің байырғы халқы (7 мың). Коряктар Чукот авторитарлық округінде және Магадан облысында да тұрады. Жалпы саны 9 мың адам (1992). Антропология жағынан Коряктар моңғол нәсілінің солтүстік азиялық тобына жатады. Шамандық сенімдерін ұстанады. Коряктар өз тілін нымылан тілі деп атайды. Ол палеоазия тілдерінің чукот-камчатка тобына жатады. Коряктар арасында орыс тілі кең тараған. Коряктар жайындағы алғашқы мәлімет 1630 – 40 жылдардағы орыс жазбаларында айтылған. Сол кездері Коряктар екі топқа бөлінген. “Чавчав” аталатын көшпелі Коряктар бұғы өсірумен айналысқан. “Нымылан” аталатын отырықшылары теңіз жағалауын мекендеп, балық аулауды кәсіп еткен. Бұрындары Коряктар ағаштан түйістіріп құрастырған жаппаларда, жартылай жерден қазылған жертөлелерде тұрған. Қазіргі кезде халық түгелдей отырықшыланып, ағаш үйлерде тұрады. Негізгі кәсіптері – бұғы өсіру, балық аулау. Қосымша мүйізді ірі қара, құс, көкөніс өсіреді.
Ительмендер – халық. Ресей Федерациясы Камчатка облысындағы Коряк ұлттық округінің Тагиль ауданында тұрады. Жалпы саны – 2,4 мың адам (1992). Антропологиялық жағынан ительмендер моңғол нәсілінің арктикалық түріне жатады. Чукот-камчат тілдері құрамындағы ительмен тілінде (ескіше атауы – камчадал тілі) сөйлейді. Напан, седан, сопочнов, хайрюзов диалектілеріне бөлінеді. Орыс тілі кең тараған. Христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Бірақ аруаққа сену секілді діни нанымы да сақталған. Камчатка Ресейге қосылғанға дейін (17 ғасырдың соңы) ительмендер түбекті түгелдей дерлік мекендеген. Олар алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүріп, балық аулап, аңшылықты кәсіп етті, неолит дәуіріндегідей тастан, сүйектен жасалған құралдарды қолданған. Қысқы азық ретінде балықты қақтап, ұрада сақтады. Терісі бағалы аңдарды, итбалықты, кит пен теңіз жәндігі – котикті аулап, орманнан шөп тамыры мен жидек терген. Ағаш астауға отқа қыздырған тас салып ас пісірген. Ительмендер 18 ғасырдың 2-жартысынан бастап Ресейден қоныстанушылар әсерімен мал, егін шаруашылығынн игерді. Осы тұста орыстармен сүйек-шатыс болып, аралас тұрғандар да ительмендер секілді камчадалдар деп аталды. Көлік ретінде ит жеккен шананы, қайықты пайдаланды. Жазда сыртқы пішіні пирамидаға ұқсас күрке тігіп, ал қыста есігі төбесінен шығарылған, жартылай жер үйде отырықшы тұрмыс кешті, ертеректе аң терісінен тігілген киім киген. Қазір еуропалықтарша киінеді. Қазан төңкерісінен кейін ительмендердің тұрмыс-тіршілігінде түбегейлі өзгеріс болды. тасы; қ. Пемза.
Алеуттер (өз атауы унанган) — АҚШ-тың байырғы халықтарының бірі. Алеут аралдарында, Аляска түбегінде, соған жапсарлас аралдарда, Ресейге қарасты Командор аралдарында (550 адам) тұрады. Жалпы саны 6 мың (1996). Үлкен моңғол нәсілінің арктикалық (эскимос) бұтағына жатады. Тілі алеут-эскимос шоғырын құрайды. Ағылшын, орыс тілдерінде сөйлейді. Ертеде Азиядан келіп қоныстанған. Орыс географтары 1747 ж. Алеут аралдарын ашқанда жергілікті тұрғындарға алеуттер атауын берген. 1867 ж. Алеут аралдары мен Аляска АҚШ-қа сатылды. Дәстүрлі шаруашылығы – теңіз хайуанаттарын (теңіз мысығы, сивуч, капан) аулау, балықшылық. Тастан, сүйектен еңбек құралдарын жасайды, көп ескекті байдаркалармен жүзеді. Ирокездермен туыстас. Ұлттық киімдері: парка – теңіз мысығы терісінен тігілген тұйық тон, кампейка – теңіз хайуандары ішегінен жасаған күрте, аяқ киімі – теңіз хайуанаттары терісінен тігілген – торбастар. Негізгі тамақтары: теңіз хайуанаттары, құс, балық еттері. Діні — аруаққа сену, шамандық. Қазіргі уақытта теңіз мысықтарын (күзен) асыраумен, мал өсірумен, бақша егумен айналысады.
