Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11-20 этнография.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
60 Кб
Скачать
☆

17. Демография ғылымының басқа да ғылымдармен өзара байланысуының негізгі бағыттары

Демографиялық процестер қоғамда қалыптасқан белгілі бір әлеуметтік қарым-қатынастарға негізделеді. Сондықтан халықты зерттеуде демография саясат, экономика, медицина, математика, этнография, т.б. бірқатар ғылымдармен тығыз байланыста болады. Олардың зерттеу әдістері мен тәжірибелерін, материалдарын пайдалана отырып, демография өз тарапынан да өзге ғылымдарға қажетті деректер береді. Демографиялық процестердің өзіндік ерекшеліктері, көбінесе халықтың табиғи қозғалыстары демографияның өзіндік зерттеу әдістерін қалыптастыруға негіз болды. Олар: әр түрлі буын өкілдері үшін жас айырымы көрсеткіштерін жасау арқылы дәл сол уақыттағы даму-құлдырау заңдылықтарын көрсететін гипотетикалық ұрпақ әдісі; когорт әдісі (адамдардың нақтылы буынының дамуын зерттеу); потенциалды демография әдісі, т.б. демографияда ғылымның басқа салаларындағыдай болжамдар жасау, оларды деректер арқылы тексеру және соның негізінде ғылым қорытынды жасау қажет. Көбінесе халықтың санын ұйымдастырылған статистика жолымен есептеу әдісі қолданылады. Сондай-ақ демографиялық коэффициенттерді пайдалану, оларды салыстыру, салғастыру тәсілдері де демографияның өзіндік зерттеу әдістерінің бірінен саналады. Демография ғылымының негізін салушы – ағылшын ғалымы Дж. Граунт. Ол алғаш рет Лондондағы тіркелген адам өлімдерінің бірнеше жылдық жлазбалары негізінде халық арасындағы өлудің көрсеткішін жасауға және оның заңдылықтарын анықтауға талпыныс жасаған.

18. Еуропа елдеріндегі халықтың туу және өлу мәселесінің көрсеткіштерінің жиынтығын сипаттау

Әсіресе бұл жағдай дамыған батыстық мемлекеттерге тән. Туу көрстекішінің төмен болуына байланысты пайда болған жұмыс күшіне деген қажеттілік ол елдерді экономиканың дамуы үшін сырттан мигранттарды шақыруға итермелеуде. Бұл өз кезегінде қабылдаушы жақтың тұрғындары мен тіпті саясаткерлері тарапынан наразылық тудыртуда. Олардың айтуынша, мигранттардың көп келуі елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруі мүмкін. Келімсектер арасындағы туу көрсеткішінің жоғары болуы олардың санының тез өсуіне септігін тигізіп отыр. Соңғы деректер бойынша, Еуропалық Одақтағы жалпы туылғандардың ішіндегі мигрант отбасыларынан туылған балалардың үлесі Ұлыбритания, Францияда – 11%, Испанияда – 13,8%, Австрияда – 15,2%, Люксембургте – 32,2%. Осындай жағдай Еуропаның және әлемнің көптеген дамыған елдерінде орын алып отыр. Осы елдердегі биліктер қиын таңдау алдында тұр: экономикаға ауадай қажетті мигранттардың ағымын тоқтату немесе жергілікті халықтың күннен-күнге өсіп келе жатқан наразылықтарын елемеу.

Халықтың бірден азайып кетуіне соңғы 20 жылда туылуға қарағанда өлім саны кәдімгідей басым болып келуі себепші. Бала туу жағынан Ресей мен Батыс Еуропадағы жағдай бірдей. Ал өлім саны жөнінен Ресейдің көрсеткіші Батыс Еуропадан екі есе, бұрын өзімен кеңес блогында болған Шығыс Еуропа елдерінен елу пайыз жоғары.

Өлімнің соншалық көп болуының негізгі бір себебі, жүрек-қан тамырлары ауруларының көбеюі, мұнда Еуропамен салыстырғанда инфаркт, инсульттан көз жұматындар 40 пайызға артық.

АҚШ пен Еуропаның халықаралық саясат орталығының директоры Фиона Хилл Ресей басшылығының қазіргі көптеген әрекеті демографиядағы проблемаларды шешуге бағытталып отырғанын атап өтті. Әскери реформа, денсаулық сақтау мен білім беру саласындағы реформа, қайта қарулануға ұмтылу – мұның барлығы демографиялық дағдарысты шешу жолдары дейд дейді ол.

Хиллдың ойынша, осы екі проблеманы шешу жоғарыда айтылған проблемаларды шешуден әлдеқайда қиын. Жұмысқа жарамды адамдар саны азайып бара жатыр. Ал экономиканың тауар және энергия бөлігін әртараптандыру үшін мамандар өте қажет.

йта кеткен жөн, демографиялық өзгерістер бірнеше құрамдас бөлшектерден тұрады. Біріншіден, бала туу көрсеткіші. Жалпы алғанда Еуроодақ бойынша бұл бір әйелге 1,5 баланы құрайды. Әдетте, халықтың табиғи өсімін бір әйелге 2,1 бала көрсеткіші ғана қамтамасыз етпек. Халықтың табиғи өсімі тұрғындардың көші-қонын назарға алмай, туу және қайтыс болу саны туралы деректер негізінде есептеледі. Еуроодақ бойынша 2003 жылы осы көрсеткіш 0,04 пайызды құрады. Ғалымдар 2025 жылға қарай Еуропаның халық саны тек қана иммиграция есебінен біршама өседі, бірақ кейіннен төмендейді деп болжауда. ЕО кейбір елдерінде бүгіннің өзінде табиғи өсім нөлдік белгіден төмен. Олардың арасында осы үрдіс 1972 жылдан бастап байқалып отырған Германия көш бастап келеді. 1993 жылы оған Италия қосылды, ал Еурокомиссияның деректері бойынша Австрия мен Грекия осындай кезеңнің «табалдырығында» тұр. Еуропадағы демографиялық өзгерістер құрлықтың әлеуметтік және экономикалық дамуына маңызды әсерін тигізетін болады. 2030 жылға қарай Еуропадағы жұмысқа қабілетті (15-тен бастап 64 жас аралығындағы) тұрғындар саны 2005 жылмен салыстырғанда 20,8 миллион адамға азаймақ. Еуроодақ Еуропадағы халық санының төмендеуінің әлеуметтік және экономикалық салдарын жұмсартуға бағытталған стратегияны әзірлеуде. Мигранттар ағыны - демографиялық дамудың үшінші құрамдас бөлшегі - бүгіннің өзінде Еуропадағы туудың төменділігін толтыруға септігін тигізіп отыр және болашақта да аса маңызды демографиялық фактор болып қалады. Дегенмен, Еурокомиссия демография проблемалары жөніндегі 2007 жылғы жұмыс құжатында көші-қонның бұдан әрі өсуі, ЕО көптеген елдерінің күн тәртібінде тұрған түйткілді мәселе - шетелдіктердің шоғырлану проблемасын бұдан әрі шиеленістіре түсуі мүмкін екендігіне алаңдап отыр. Тағы бір айта кетер жайт, ЕО елдері экономикасының тұрақсыздану проблемалары туу көрсеткішінің төмендеуіне айтарлық дәрежеде әсерін тигізуде. Бүгінгі күні Еуропадағы демографиялық ахуал  туудың төмен деңгейімен, өмір сүру ұзақтығының артуымен және әлемнің басқа өңірлерімен салыстырғанда жергілікті тұрғындар санының жалпы қысқаруымен сипатталады. Болашаққа деген болжамдар да қуантарлықтай емес. 21-ғасырда ЕО мүше елдердің бәрінде дерлік туу көрсеткіші тарихта бұған дейін қашан болсын тіркелген көрсеткіштен өте төмен. Италияда және Испанияда бала туу бір әйелге шаққанда 1,2 балаға дейін азайды, Германияда бұл көрсеткіш 1,3 баланы, Грекияда - 1,4, Швейцарияда - 1,5, Франция мен Данияда - 1,7, Ирландияда  2 баланы құрайды. Қазірдің өзінде 0-15 жас аралығындағы топ қысқаруда, демек кейіннен Еуропа еңбекке қабілетті жастағы халық санының азаюы және жұмыс күші әлеуетінің төмендеуі перспективасына тап болады. Макс Планк, неміс институты жүргізген демографиялық зерттеулерге сәйкес, дәл осы жұмыссыздықтың өсуі туу үрдісінің төмендеуіне әсерін тигізеді. Мәселен, жұмыссыздық деңгейі бір пайызға өскен жағдайда, туу көрсеткіші шамамен оннан екі пайызға төмендемек. Еуропаның жақында өткізген тәжірибесі экономиканың миграция, отбасын құру және бала туу есебінен демографиялық үрдістерді белсендендіре түсетіндігін көрсетті. Мысалы, Испанияда 2000 жылдардың басында Латын Америкасы тарабынан орын алған иммиграция толқыны туу көрсеткішінің шамамен елу пайызға өсуіне әкеліп соқтырды. Отбасын құруға байланысты ахуал да осыған ұқсас болды. Еуростаттың деректері бойынша күрделі демографиялық проблемаларға тап болған елдер қатарында экономикалық әлеуеті едәуір жоғары Германия да бар. Болжаулар бойынша 2060 жылға қарай бұл елдегі халық саны 82 миллионнан 70 миллион адамға дейін қысқарады. 65 жастан жоғары адамдар пайызы 20 пайыздан 33 пайызға дейін өсетін болады. Халық саны азаятын басқа елдер қатарына Польша (38 миллионнан 31 миллион адамға дейін, 65 жастан асқан адамдар пайызының өсуі 14 пайыздан 36 пайызға дейін),  Румыния (21 миллионнан 16 миллионға дейін), Венгрия (10 миллионнан 8 миллионға дейін) және Чех Республикасы (10 миллионнан 9 миллионға дейін) жатады. Бүгінгі күні Еуропалық одақта шамамен 500 миллион адам тіршілік кешуде. Еуростаттың деректері бойынша ұзақ мерзімді перспективада келесі 30 жылда жергілікті халық саны 30 мыңға азаяды және көші-қон 40 мыңға жетеді деп күтілуде. Болжанып отырған демографиялық өзгерістер болашақтағы жас құрылымына аса қатты әсерін тигізеді. Еуропадағы еңбекке қабілетті халық саны 2050 жылға қарай үштен бір бөлікке қысқармақ, ал экономикалық тұрғыдан алғанда белсенді халық саны екі есеге азаяды. Бір айтарлығы, халықаралық миграция болмаған жағдайда төмендеу бұдан да көп болар еді. Екінші жағынан алғанда өмір сүру ұзақтығы артуы нәтижесінде 65 жастан жоғары топқа жататын адамдар саны екі есеге өсті. Тіпті Батыс және Орталық Еуропа үшін демографиялық үдерісті жас буын басым қоғамнан қарт адамдар басым көпшілікті құрайтын қоғамға ауысу ретінде де сипаттауға болады. Қазіргі уақытта  еңбекке қабілетті 100 еуропалыққа 25 зейнеткерден келеді. 30 жылдан кейін бұл бірдің екіге қатынасындай болады. Егер экономикалық белсенділік бағдары өзгермеген жағдайда 2050 жылға қарай әр 100 адамның 75 зейнеткерді күтіп-ұстауына тура келеді. Туу көрсеткішінің күрт төмендеуі салдарынан Еуропаның демографиялық  жағынан қартаюы ащы шындық. Және ең бірінші кезекті бұл жергілікті еуропалықтарға қатысты болып отыр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]