- •11. Орталық Азия халықтарының қалыптасу ерекшеліктерін атаңыз
- •12. Санақ кезіндегі есепке алынатын халықтың санаттары. Халық санағының бағдарламасы.
- •13. Аргентиналық этнос: қалыптасу ерекшеліктері. Аргентиналық этностың қалыптасуындағы еуропалық иммиграцияның рөлін айқындаңыз
- •14. Қазіргі кезеңдегі ақш халқының этникалық құрамын сипаттау
- •15. Кавказ халқының этникалық құрамы, тұрмысы, шаруашылығының негізгі ерекшеліктерін айқындаңыз
- •16. Демография ғылымының объектісі мен зерттеу пәніне анықтама беру
- •17. Демография ғылымының басқа да ғылымдармен өзара байланысуының негізгі бағыттары
- •18. Еуропа елдеріндегі халықтың туу және өлу мәселесінің көрсеткіштерінің жиынтығын сипаттау
- •19. Халықтың аймақтық орын өзгертуі (миграция). «Иммиграция», «эммиграция», «миграция сальдосы» түсініктерін сипаттау
- •20. Солтүстік – Шығыс Сібір халқының (чукчалар, коряктер, ительмендер, чуванцтар, эскимостар, алеуттер): тұрмысы, мәдениеті, наным-сенімдерін сипаттау
15. Кавказ халқының этникалық құрамы, тұрмысы, шаруашылығының негізгі ерекшеліктерін айқындаңыз
Кавказ халықтары
Сыртқы физикалық келбетіне қарай еуропоидтық нәсілге жатады. Қазіргі кезде Кавказда қолданылып жүрген, Кавказ халықтарының көбісі- грузиндер, абхаздар, абазиндер, адыгейлер, черкесстер, кабардиндер, шешендер, ингуштар және Дағыстанның кумыктардан басқа халықтары сөйлейтін тіл-кавказ немесе яфет тілдері. Бұл тілдер бір-бірінен өзгеше және бөлшектенген. Соңғы уақытта кавказ тілдері бір тіл тобына жатпаған деген пікір айтылып жүр Келесі тіл тобын иран тармағына жататын үндіеуропалық тілдер құрайды. Кавказдың иран тілдес халықтарының қалыптасу жолы әртүрлі. Солтүстьік Кавказда б.з.б. I м. ж. бастап иран тілдес халықтар көшіп жүрген. Халықтардың ұлы қоныс аудару кезеңінде тауға ығысқан аландар кавказ тілдес халықтармен араласып, осетиндердің қалыпатасуына ықпал еткен. Армян халқының қалыптасуы Кавказ бойымен байланысты. Армян халқының шығу тегіне б.з.б II м. ж. Балқан жарты аралынан келген үндіеуропа тайпалары ықпал еткен. Шығыста олар армян және халдармен араласа түсті. Кавказ халықтарының үшінші тіл тобын әзірбайжан, Дағыстандағы кумыктар, балкарлар, қарашайлар және Солтүстік Кавказдағы ноғайлар сөйлейтін түрік тілі құрайды. Бұл халықтардың шығу тарихы түріктердің Солтүстік Кавказға және Кавказдың арғы жағына қоныстануына байланысты. Солтүстік Кавказда әр уақытта келген ғұн, болгар, хазар, қыпшақ тайпалары жергілікті кавказ тілдес халықпен қатынасқа түсті және олардың біраз бөлігі түркіленді. Осылайша тілдері қыпшақ тармағына жататын кумыктар қалыптасты. Қыпшақтар тіл жағынан бір-біріне жақын балкар және қарашайлардың шығу тарихында маңызды орын алады Антропологиялық белгілері бойынша монғолоидтық нәсілге жатады. Олардың көпшілігі алтай тіл тобының түрік, монғол және тунгус-маньчжур тармақтарында сөйлейді. Сібірлік татар, щорц, хакас, алтай, тува, долган, якут тілдері түрік тобына жатады. Буряттар монғолтілдес халық. Тунгус-маньчжур халықтары Енисейден Охот теңізі және Примор далаларына дейін таралған. Бұлар эвенк, тунгус, эвен, негидальц, нанай, ульчи, орочи, ороки және удэгейцы Батыс Сібірде орал тіл тобының самодий және угор тармақтарында сөйлейтін халықтар тұрады. Самодий халықтарына ненц, энц, нганасан, селькуп халықтары жатады. Ал угор халықтары ханта және мансиден тұрады. Сібірдің солтүстік-шығысында палеоазиат халықтары-чукча, коряк және ительмендер қоныстанған. Палеоазиаттар қатарына Амур мен Сахалин сағаларында тұратын нивхи мен гиляк, Колым өзенінің орта ағысында тұратын юкагирлер жатады Сібір халықтарының шығу тегі әлі толық зерттелмеген. Сібірге адамдар соңғы палеолит дәуірінен бастап қоныстана бастаған. Неолитте Сібірдің ірі өзендері Камчатка және Чукотка игеріле бастады. Шығыс Сібірдің ежелгі халқы Енисейден Охот теңізі мен Амурға дейін таралған палеоазиат халықтары. Палеоазиаттардың шығу тегі бір емес. Сол кезеңде Обь және Жоғарғы Енисей аралығын қазіргі кеттерге туыс тайпалар мекендеген Алдыңғы Орал, Орта және Төменгі Обь аралығы орал тіл семьясының қалыптасу аймағына жатады. Самодий тайпаларының ата-бабалары осы аумақтың шығысын, ал угорлардың ата-бабалары батыс жағын алып жатқан. Оңтүстік Сібірд б.з.б III-II м.ж мұнда оңтүстіктен және батыстан келген келбеті еуропоидтық халық қоныс тепті. Бұлар мал және жер өңдеу шаруашылығымен айналысатын афанась және андронов мәдениетінің өкілдеріЖаңа дәуірдің кезінде Оңтүстік Сібір және Солтүстік Байкалды түрік, тунгус тайпаларының қоныстануы басталды. Якуттардың ата-бабалары XIII ғ. Орта Ленаға жылжи бастаған. Тунгустар Шығыс Сібірді қамтыған. Сібірде этникалық араласу үрдісі кейін де жалғасын тапты. Эвенктер мен якуттар палеоазиаттардың біраз бөлігін ассимиляцияға ұшыратты. Ал самодий тайпалары Еуразия тундрасын игерді |
