- •11. Орталық Азия халықтарының қалыптасу ерекшеліктерін атаңыз
- •12. Санақ кезіндегі есепке алынатын халықтың санаттары. Халық санағының бағдарламасы.
- •13. Аргентиналық этнос: қалыптасу ерекшеліктері. Аргентиналық этностың қалыптасуындағы еуропалық иммиграцияның рөлін айқындаңыз
- •14. Қазіргі кезеңдегі ақш халқының этникалық құрамын сипаттау
- •15. Кавказ халқының этникалық құрамы, тұрмысы, шаруашылығының негізгі ерекшеліктерін айқындаңыз
- •16. Демография ғылымының объектісі мен зерттеу пәніне анықтама беру
- •17. Демография ғылымының басқа да ғылымдармен өзара байланысуының негізгі бағыттары
- •18. Еуропа елдеріндегі халықтың туу және өлу мәселесінің көрсеткіштерінің жиынтығын сипаттау
- •19. Халықтың аймақтық орын өзгертуі (миграция). «Иммиграция», «эммиграция», «миграция сальдосы» түсініктерін сипаттау
- •20. Солтүстік – Шығыс Сібір халқының (чукчалар, коряктер, ительмендер, чуванцтар, эскимостар, алеуттер): тұрмысы, мәдениеті, наным-сенімдерін сипаттау
12. Санақ кезіндегі есепке алынатын халықтың санаттары. Халық санағының бағдарламасы.
Халық санағы - белгілі бір уақыт шеңберінде бүкіл елдің халқының немесе оның бір бөлігінің демографиялық, экономикалық, әлеуметтік сипаттағы ақпаратын жинау, өңдеу, жариялау, тарату мақсатындағы жалпымемлекеттік статистикалық шаралар. Бүл санақ халықтың дәл сол уақыттағы мәліметін "лезде суретке түсіріп" алуға мүмкіндік береді. Халық санағында сол аумақтағы халықтың саны, қүрылымы, әлеуметтік-экономикалық сипаты туралы ақпарат жиналады. Халық санағы көпшілік елдерде негізгі, ал, кейбіреулерінде - демографиялық және әлеуметтік, экономика мәліметгер жинаудың жалғыз жолы. Сонымен қатар, халық санағы халық өмірінің қырларын таңдамалы түрде немесе үй шаруашылығын есепке алуда қолданылады. Халық санағын жүргізудің ғылыми және үйымдастырулық негіздері XX ғ. екінші жартысында қалыптасып болды. Көптеген елдерде түрақты 5 немесе 10 жыл мерзімде бір жүргізілетін Үлттық халық санағының бағдарламаларында Б¥¥-ның және өзге де үйымдардың үсыныстары есепке алынады. Санақ қорытындылары бойынша халықтың табиғи және миграциялық қозғалысын нақтылауға болады. Халық санағын отбасына және үй шаруасына жүргізеді. 1950 ж. бері БҮҮ эр 10 жыл сайын бүкіләлемдік халық санағын өткізеді. 2004 ж. әдеттегі онжылдық раунд (1994- 2004) аяқталды. XXI ғ. басында әлемде халық санағы өткізілмеген бірде-бір ел қалмады. Үлттық санақ қорытындылары өзара сәйкес келу керек, ал негізгі қорытындылар бүкіләлемдік халық санағының бөлігі болып есептеледі. Бүл өз кезегінде әлемдік экономиканың жаһандану дәуірінде үлкен мәнге ие болып отыр.
Тарихи деректеге сүйенсек халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын Қытайда өткізілген екен. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде де мәліметтер бар. Әскери міндеттілікпен және салықпен қамтылған әлеуметтік топтарды есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. II ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам әскерге жасақталса, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте орта ғасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес. Алтын Орданың этникалық негізін құрайтын орта ғасырдағы қыпшақтар бұрынғы Киевтік Русьтың феодалды-шашыраған аумағындағы салықпен қамтылған бодан халқының санын есепке алуды жүргізген. 1456-1465 жылдарда Керей мен Жәнібек сұлтандардың бастамасымен Қазақ хандығы құрыла бастаған кезеңінде, олардың қол астына жиналған халық саны 200 мың адамды құраған. Замандастарының анықтамасы бойынша қуатты қазақ хандарының бірі Қасым ханның құзырындағы халық саны миллион адамға жеткен көрінеді. Алайда, қазіргі Қазақстанның аумағында біршама жүйелі түрде және орталықтандырылған статистикалық қызметтің туындауы, қоғамдық құбылыстардың сандық жағын есепке алу әрекеттері, сонымен қатар халықты мерзімді есепке алу XVIII ғасырдың екінші жартысына, яғни Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылуы кезеңімен байланысты.
1939 жылдың 17 қаңтарында КСРО –да тағы бір халық санағы өткізілді. 1939 жылғы «тексеру» бағдарламасы 16 тармақтан құралған. Санақ керекті қорытындыларды берген жоқ, оның қорытындыларына «жөндеулер енгізіліп», тұрғындардың санын ұлғайтылған. 1939 жылғы санақтың мақсаты партия және үкіметтің бұйрығымен өткізілгендігі белгілі. Статистиканың осы қойылған шартты орындап шығатындығына ешкімде күмән болған жоқ. Қала жұртшылығының күрт өсуін дәлелдеу үшін бірқатар елді мекендердің мәртебесі өзгертіліп, жүздеген поселкілер қала атағын алған. Сөйтіп бұл кездегі тұрғындардың саны 1926 жылмен салыстырғанда екі есеге көбейгендігін көрсетті. 1959 жылдың 15 қаңтарында Қазақстанда тағы бір кезекті халық санағы жүргізілді. Бұл санақтың мәліметтері 1960 жылдың 1 қаңтарындағы әкімшілік-территориялық шекаралар бойынша қайталап есептелінген. Талдықорған облысы Алматы облысына қосылған, Павлодар облысының Бесқарағай ауданы Семей облысына берілген; Алматы қаласының қоныстарының құрамы өзгертілді, Жамбыл (Тараз), Өскмен, Көкшетау, Теміртау жаңа қалалық қоныстар: Талғар, Сырдария және т.б. құрылған. 1970 жылы қаңтарда бүкілодақтық халық санағы жүргізілді, бұл санақтың ұйымдастырушылық-методологиялық және баспа жұмыстары бойынша да алдыңғы жүрргізілген санақтардан басым болды және оның қорытындылары 1926 жылғы халық санағының деңгейіне жетті. 1970 жылғы халық санағының мәліметтері халықтық 25%-нан сұхбат жүргізу нәтижесінде алынған, бұл мәліметтер сол уақытта жоғары салыстырмалыққа ие болды. 1970 жылғы халық санағы 15-20 қаңтар аралығында 8 күн бойы жүргізілді. Салыстыру жұмыстарын қамтамасыз ету үшін Бүкілодақтық халық санағы 1939 және 1959 жылдардағы халық санақтары сияқты қаңтар айының орта шенінде жүргізілді. Тұрғындар мекен-жайында және уақытша тұрғын жерлерінде санаққа алынды. Мұнда бұрынғыдай жұмыс немесе қызмет атқару орындарында есепке алынған жоқ. Балаларының ұлтын анықтау қиындық тудыратын отбасыларда анасының ұлты жазылатын болған. Бұл тәсіл 1939, 1959 және 1970 жылғы санақтарда да қолданылған. 1979 жылы 17 қаңтарда кезекті Бүкілодақтық халық санағы жүргізілді. Халық 17-24 қаңтар аралығында 8 күн ішінде тұрғылықты тұратын жерлері бойынша санаққа алынған. Сұхбатшылар сұхбат жүргізуді 16-нан 17-ші қаңтарға қараған түнінің сағат 12.00-ден бастаған. Санақ бағдарламасы 16 сұрақтан тұрған, оның 11 сұрағына жауаптар бірыңғай санақтан алынған, ал қалған 5 сұраққа жауапты тұрақты халықтың – 25%-нан алынған (іріктеп алынған санақ). Санақ кезінде және одан кейін де деректердің дұрыстығы мен толықтылығын қамтамасыз ету үшін қайталап бақылау шаралары жүргізілген. Атап айтқанда қайта бақылау бланкілері толтырылып, санаққа алынғаны жөнінде анықтамалар берілген. 1979 жылғы санақ бағдарламасындағы тұрғындардың жасы мен туған жылы жайындағы сұрақтардың құрылымы қайта түзілген. Жаппай халық санағына мынадай сұрақтар қосылған: үй иесіне деген сүйек қатынасы, халықтың категориясы (тұрақты немесе нақты), жынысы, жасы, некелік жағдайы, ұлты, ана тілі, ССРО халықтарының тілдерін еркін меңгергендігі, білімі, күн көріс көзі т.б. 1989 жылғы халық санағы бойынша Қазақстан мемлекеті тұрғындарың саны 16 млн. 199 мың 200 адамды құрады. Қазақ ұлтының саны 6 млн. 496 мың 900 адам болса, басқа барлық ұлт өкілдерінің саны 9 млн. 702 мың 300 адамды құрады. Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан мемлекетіндегі ең басты әлеуметтік құндылықтардың бірі – тарихи тағдыр бастарын біріктірген түрлі ұлт өкілдерінің татулығы мен ымыраластығы өзінің құнын жоя қойған жоқ. Дегенмен 1999 жылғы халық санағының деректері бойынша Қазақстан мемлекетінің тұрғындары саны 14 млн. 953 мың 100 адамға азайды. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік жергілікті ұлт өкілі қазақтың саны осы он жыл аралығында 122,9%-ға артқан. Жекелеген ұлттарға талдау жасасақ мынадай мәліметтерді келтіре аламыз. Атап айтқанда, осы он жылдықта орыс ұлтының саны 37,4%-дан 30%-ға, украин ұлты 5,4%-дан 3,7%-ға, немістер 5,8%-дан 2,4%-ға, татарлар 2%-дан 1,7%-ға азайған. Бұл әлеуметтік құбылыстың басты себептері КСРО империясының күйреуіне байланысты азаматтардың санасындағы психологиялық және әлеуметтік сілкіністер, тәуелсіздік жылдарының алғашқы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық дағдарыстың етек жаюы және осыған байланысты миграциялық үдерістердің артуы деп санаймыз. Алдағы уақытта болатын халық санағы егемендік алғалы екінші мәрте өткізгелі тұр. Бұл - саяси немесе тарихи тұрғыдан болсын, мемлекеттің дамуында қоғамдағы болып жатқан әлеуметтік ахуалды анықтап, талдау үшін өте қажетті іс-шара. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 30 қазандағы №1380 «Қазақстан Рспубликасының 2010-2015 жылдарға арналған демографиялық даму Бағдарламасы» жөніндегі қаулысында Қазақстан халқының санын 2015 жылы 20 миллионға жеткізу көзделген. Бұл мақсатта мемлекет тарапынан біршама стратегиялық маңызы бар іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Мысалы, Елбасы жыл сайынғы Жолдауының бір тармағын демографиялық ахуалға арнайды. Оның ішінде ана мен балаға арналған атаулы көмек, жәрдемақы, көші-қон: оралмандар мен ата-мекеніне біржола келетін қандастарға көмек қолын созу сынды мәселелер. Ағымдағы жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында ұлтық халық санағына дайындық ретінде қазан айында жүргізілген санақ жақсы нәтиже көрсетті. Биылғы халық санағы БҰҰ-ның әлемдік бағдарламасы негізінде өткізіліп, мемлекеттік органдарға штаттан тыс алынған қызметкерлер, тексерушілер мен 60 мыңға жуық есепшіні қосқанда 71 мыңнан астам адам жұмылдырмақ.
