Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
finansy_srs.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
408.15 Кб
Скачать

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ

Тақырыбы: ҚР-ның Ұлттық инновациялық қоры

Орындаған: Жайлықанұлы Ж.

Жақсыбай Ж. Төленді А. Сағатмомын А.

Тексерген: Даулиева Г.Р.

Алматы 2017 жыл

Жоспары:

  1. Өзіндік жұмысымыздың өзектілігі мен мақсаты;

  2. Қазақстандағы Ұлттық инновациялық қордың қазіргі жағдайы;

  3. Еліміздегі инновациялық қордың күрмеуі қиын мәселелері;

  4. Мәселелерді шешу жолдары;

Пайдаланылған әдебиеттер

  • Өзіндік жұмысымыздың өзектілігі мен мақсаты

Қазіргі таңда кез-келген мемлекет алдына дамуды, жаңашылдықты, еш мемлекетте жоқ жаңа технология мен мүмкіндіктерге ие болуды көздеп отыр. Бұл мақсатқа жетудің жетудің бірден-бір жолы бұл – инновация.

Инновация - қазіргі ойлау үлгісі мен дәстүрлі таным ерекшелігіне ұқсамайтын жаңа ойлау жүйесін тауып шығару, кезектегі білім мен материалдық мүмкіндіктерді пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені тіпті де жақсарту, кем нәрсені толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату.

Инновация қазіргі таңда барлық салада өте қажет үдеріске айналды, басқаша айтсақ ол қазіргі қоғамдық дамудың ажырамас бөлігі болып отыр. Біздің көзқарасымыз бойынша инновация бұл жаңа ой, жаңа зат, ол бір жаңалық жасау барысы, ол бір өндіру мен қызмет көрсету салаларының сапасының жаңа деңгейге көтерілуі, санының артуы. Ал, біз секілді жас, дамушы елге бұл таптырмас алға жылжу құралы болып отыр.

Біздің бұл жұмысты таңдау мен жасаудағы мақсатымыз еліміздегі инновациялық жаңалықтарды ойлап табу мен оны іске жаратудағы мәселелерді анықтау, шешу мен инновацияны қолдау, дамыту жолдарын қарастыру. Дәл қазіргі уақытта ҰИҚ еліміздегі бұл салаға көңіл бөлуші, инновациялық белсенділікті қолдаушы бірден бір ұйым болып отыр.

  • Қазақстандағы Ұлттық инновациялық қордың құрылуы мен қазіргі жағдайы

Ұлттық инновациялық қор (ҰИҚ) Қазақстандағы инновациялық белсендікті арттыру мақсатында 2003 жылы құрылды. «Ұлттық инновациялық қор» АҚ акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі №1099 қаулысымен «Ұлттық инновациялық қор» АҚ Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне сенімгерлік басқаруға берілді.

      ҰИҚ жарғылық капиталына даму институттары жүйесiнiң қалыптасуына негізделген мемлекеттiң 100 пайыз қатысуымен "Ұлттық инновациялық қop" акционерлiк қоғамының құрылуымен пайда болды. Қоғам қызметiнiң мақсаты елдегi жалпы инновациялық белсендiлiкті арттыру, оның iшiнде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуға жәрдемдесу болып болып табылады.

      1) Қоғамның жарғылық капиталы 3 000 000 000 теңге мөлшерiнде ол республикалық бюджет қаражаты есебiнен қалыптастырылған;        2) Қоғамның негiзгi мiндеттерi болып мыналар болып табылады:        - отандық және шетелдiк инвесторлармен бiрлесiп, венчурлық қорларды құру, инновациялық жобаларды венчурлық қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;        - гранттар беру жолымен экономиканың коммерциялық тиiмдiлiгi мен технологиялық даму көзқарасы тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстарды, қызметтер көрсетудi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;        - инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгiзудi қаржыландыру;        - инновациялық инфрақұрылымдардың мамандандырылған субъектiлерiн (технопарктер, технологиялық бизнес-инкубаторлар) құруға қатысу;        - ғылыми-техникалық өнiм рыногын қалыптастыруға қатысу;        - "инновациялық технологияларды көшiру, қарызға алу және өcipу", оларды коммерцияландыру және енгiзу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ болып табылатынын жоғарыда айттық. «Самұрық-Қазынаның» құрамында инновациялық жобаларды жүзеге асыруды «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы болып табылатын «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» қамтамасыз етеді.

ТДЖҰА миссиясы – елде инновациялық қызметке тиімді қолдау көрсету.

Болжамы

2024 жылға қарай елде инновацияларды енгізу мен жылжыту бойынша негізгі ұйым болмақ.

Қызмет бағыты

Қолдау құралдары

  • Инновациялық гранттар

  • Жобалық қаржыландыру

  • Венчурлік қорлар арқылы қаржыландыру

  • Технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін ұсыну

  • Конструкторлық бюролардың қызметтерін ұсыну

  • Технологияларды трансферттеу халықаралық орталықтарының қызметтерін ұсыну

Негізгі бағыттар

  • Инновациялық үдерістерді ақпараттық-аналитикалық қолдау

  • Коммерциаландыру жүйесін дамыту

  • Тиімді инновациялық инфрақұрылымды дамыту

  • Инновацияларды қолдаудың сервистік құралдарына әкімшілік ету

  • Инновациялық жобаларды инвестициялық қолдау

  • Инновациялық кәсіпке ынталандыру

Агенттік қызметінің нәтижелері

Салалық конструкторлық бюроларының 18 жобасы 205.6 млн.теңге сомасына

11 467 млн. теңге сомасына 316 инновациялық грант

9 70 млн. теңге сомасына 116технологиялық бизнес-инкубациялау қызметі

И нновациялық конкурстар шеңберінде 41 жобаға қолдау көрсетілді

2 25.53 млн. теңге сомасына 54 жоба тұжырымдаманы негіздеуге мүмкіндік алды

Инновациялық грант дегеніміз не?

"Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" 2006 жылғы 23 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында айтылғандай инновациялық грант дегеніміз - тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды және (немесе) қолданбалы сипаттағы тәуекелді зерттеулерді орындауға, инновациялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін дайындауға, зияткерлік меншік объектісін шет мемлекеттерде және (немесе) халықаралық патенттік ұйымдарда патенттеуге, инновациялық технологияларды сатып алуға арналған инновациялық грант туралы шартта көзделген талаптарда берілетін бюджет қаражаттары.

Инновациялық гранттар беру бағдарламасын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі 2010-2017 жылдарға арналған үдемелі индустриялық-даму бағдарламасы шеңберінде 2010 жылы іске қосты.

Салалар бөлінісінде қолдау көрсетілген инновациялық гранттар бойынша статистика (грантардың ең көп мөлшері ақпараттық-коммуникациялық технологияларға, машинажасауға, химия және агроөнрекәсіп саласына берілген)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]