Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Сборник по ЭССЕ (итог семинара).doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.76 Mб
Скачать

Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз

«Алаш идеясы»–қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы екендігін білеміз. Өйткені Алаш-халқымызды бесігінде тербетіп, есейтіп ат жалын тартып мінгенде бойына күш-қуат және сенім берген ұлттық идея.

Алаш ардақтылары қазақ халқына қалай әсер етті? Олар өз шығармаларында қандай мәселелерді көтерді? Бір қарағанда бұл қарапайым сұрақтар сияқты, ал кейбіреулер үшін ойлануға да тұрмайтын сұрақтар болуы мүмкін. Кейбіреулер Алаш зиялылары қазақ халқына қалай әсер етті деп ойлайды, ал тағы біреулері­ сол кезде көп қиындықты көрген Алаш ардақтыларының қолынан осындай күрделі мәселені шешу келген бе деп есептейді. Бірақ бұл мәселенің мәні тереңде жатқан сияқты. Біз көтеріп отырған мәселе барлық замандарда өзекті болып келеді және ол біздің әрқайсымызға да қатысты болуы мүмкін. Неге? Менің ойымша, біз бұл сұрақтың жауабын XX ғасырдың көрнекті ақындарының бірі Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан таба алғандаймыз.

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының тақырыптарының көбі халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер етіп, дін, тіл, жер мәселесіне арналған.

Жоғарыда айтып кеткендей, автор өз шығармаларында көтеріп отырған бұл мәселелер біздің заманымыз үшін де өте маңызды мәселе болып отыр. Мысалы, «Қырық мысал», «Маса» еңбектерінің негізгі идеялық қазығы –жұртшылықты оқуға, өнерге-білімге, рухани көтерілуге шақыру болса, ол бүгінгі күні де ең өзекті мәселе болып табылады.

Ақынның көзқарасы шығармаларында ашық көрсетілмегенімен, шығарма логикасынан ақынның санасы оянбаған халықты жарқын болашаққа жетелеген деген ойға алып келеді. Осы мәселеге қатысты автордың көзқарасын жақтаймын. Себебі Ахмет Байтұрсынұлы өз шығармаларында XX ғасырдың басты мәселелерін қозғаған.

Арада қанша уақыт өтсе де, бұл мәселе ғаламторда, газет-журнал беттерінде әлі де айтылып жүр. Мысалы, Қайрат Сақтың қазақтың жер мәселесі туралы жазылған»Алаш мұрасы» атты кітабы бұған дәлел.

Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын оқып шыққанда, оның шын ұлт жанашыры екенін түсіндім. Сондай-ақ, бұл бүгінгі күні аса маңызды мәселе екеніне көз жеткіздім. Яғни, біз осы ақындарымыздың арқасында көптеген жетістіктерге жеттік.

Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз

Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әли – ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан-жақты өсіп, өркендеуіне, кемелденуіне, болашақ ұрпақтың ұлттық рухын қалыптастыруда зор еңбек сіңірген ақын. Қазақ поэзиясының дамуына көп еңбек сіңіріп, зор көркемдік үлес қосқан Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығы әдебиетші мен оқырман тарапынан жоғары бағаланып, ыстық ықыласқа бөленіп келеді. Ақын поэзиясына лайықты бағасын берген академик Зейнолла Қабдолов:»Қадыр Мырзалиев – сөздің сәйгүлігі, ойдың орманы. Ол жеке бастың дара мұңынан бастап, қым-қиғаш халықаралық қайшылықтарға шейін қысылмай, қымтырылмай еркін жырлай алады», – деп ақынның өзіндік бет-бейнесін, шығармашылық келбетін дәл айқындап береді. Қазақ халқының өмірін көркем бейнелеген ақынның поэзиясы қай кезде де мәнді, өміршең.

Қадыр Мырза-Әли – қазақ поэзиясында ұлт рухын қалыптастыру жолында еңбек еткен ақын. Ақын поэзиясынсыз қазақ әдебиетін көз алдымызға елестете алмаймыз десек те болады.»Әдебиет ұлттық болу керек» деп түсінген ақынның әрбір өлеңінен қазақ халқының жаны мен болмысы көрініс алып жатады.»Қадыр Мырза Әли ұлт тарихын, мінез-құлқын, ойлы көзбен өлшеп суреттейді. Онда терең идеялық мағына бар»,– дейді Қадыр поэзиясы туралы академик С.Қирабаев. Ақын Аманхан Әлім болса, ұлт ақыны туралы:»Ол қазақ поэзиясы арқылы алып Қазақстанның, оның ішінде ұлтымыздың тұтастай понорамасын жасаған тұлға. Оның поэзиясы бізді поэтикалық өнердің заңдылығы мен ерік еркіндігіндегі сезім мен ойдың уақыты мен кеңістігін, биіктігі мен тереңдігін асқан жауапкершілікпен сезіндіріп, білдіретін ерекше құбылыс. Қадырдың поэзиясынсыз толыққанды ұлттық қазақ поэзиясын көз алдымызға келтіру қиын. Ол – аксиома. Оның бүкіл шығармашылық ғұмыры тұтас бір ұлттың тарихы, сол ұлт өмір сүрген қоғам, заман, уақыттың барометрі», – деп ақын поэзиясын ұлт табиғатынан бөліп алудың мүмкін еместігін тауып айтады.Иә, расымен ол жанар тостағанына ілінбегенді көріп, көңілге тимегенді сезе білмеген ақын.

Оны ақын өзінің өлеңінде де: Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ, Жап-жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап. Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ, Біреуді сынап адам ғып, мақтаумен жүрміз бұзып ап. Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ, Жүйкеге бола дәрі ішіп, бауырды жүрміз бұзып ап. Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ, Аштықпен емдеп ауруды, тоқтықпен жүрміз бұзып ап. Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ!.. — деп жырлайды. Жаратылысы жұмбақ әлемнің қыр-сырына өлеңмен үңіліп, шешімін шабытынан іздейді.

Қадыр ақын үнемі адам бойынан ізгілікті, жақсылықты жарқын сипаттарды іздеп табуға ұмтылады. Адам басындағы сол ұнамды қасиеттерді биік шабытпен жырлайды. Оның өлеңдерінен ақынның адамға деген шынайы сүйіспеншілігі, махаббаты жарқырап көзге түсіп отырады. Еңбек — адамдарды, халықты өсіретін, алдына қойған арман — мұратына жеткізетін құдірет күш екенін Қадыр ақын шығармашылығында жеткізе айтқан.»Оянған өлке» атты өлеңінде ол келіп, еңбек арқылы жеткен ұлан-ғайыр тарихи табыстарын көркемдік бейнеге түсірген. Адамды ардақтап, көкке көтере жырлаумен қатар, Қадыр ақын оның бойында бар кемшіліктерді де көре біледі. Адамдарда жиі-жиі ұшырайтын ашқарақтықты, тойымсыздықты, қанағатсыздықты, ақша қуып байлықты арман ететін дүниеқорлықты ақын өткір жыр тәсілімен түйреп отырады.Қадыр ақын — өзіне дейінгі аса ірі ақындардай, сөздері мірдің оғындай жыр дүлділі. Оның жоғарыда айтылғандай, көп шығармалардың ішінде қанатты сөздер, афоризмдері де жиі ұшырайды. Қадыр Мырза Әли — ХХ ғасырдағы қазақ поэзиясының жан -жақты өсіп, өркендеуіне, кемелденуіне зор еңбек сіңірген үлкен ақын. Оның өлеңдері ешқашан, Абай айтқандай, бөтен сөзбен былғанған емес. Қайта ол»қиыннан қиысып, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиетін айналасы теп -тегіс, жұмыр» боп келеді. Сондықтан да, оның лирикасын қалың оқырман әр уақытта сүйіп оқиды. Ол сөз өнерін еркін меңгерген, халықтың ең етене жақын рухани серігіне айналған көркем сөздің зергері.