- •Эссе 2017: рекомендации даны
- •Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз
- •Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдаңыз
- •Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз
- •Ыбырай Алтынсаринның «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жаз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендердің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түзеткісі келеді?
- •Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
- •Әнші – ақындарының өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
- •Үкілі Ыбырай өлеңіндегі «Қалдырған «өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністеріне талдап жазыңыз
- •Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыстыра қарауға болады ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жазыңыз
- •Сабит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаев «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға‑жүрек» шағын поэмасындағы Дариға‑жүрек кім?
- •Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәләлдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз
- •Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.
- •Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз қандай міндет жүктей аласыз?
- •Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттеріңізді жүктер едіңіз?
- •Махамбеттің»Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?
- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысында»
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысында»
- •Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз
- •Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің»Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының»Еңлік-Кебек»поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебі
- •XIX ғ. II жартысындағы өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма?
- •Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз
- •Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз
- •Әсет Найманбайұлының «Салиха – Сәлмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз
- •Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәләлдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз
- •М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі. Ақынның өлең жолдарында қандай қозғалыс, қандай әрекет жатыр?
- •М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз
- •Ільяс Жансүгіровтің»Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен Мұхтар Әуезовтің»Абай жолы» роман – эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз
- •Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз
- •Елдің өткені мен бүгінгісінің сабақтастығы оқушы көзқарасымен
- •Рецензия
- •«Мой друг, Отчизне посвятим души прекрасные порывы!» (а. С. Пушкин «к Чаадаеву»)
- •Рецензия
- •«Что такое патриотизм?» по роману л.Н.Толстого «Война и мир»
- •Какие произведения м.Ю.Лермонтова Вы бы посоветовали прочитать другу?
- •Любовь «бескорыстная, самоотверженная, не ждущая награды» (по рассказу и. Куприна «Гранатовый браслет»)
- •Комментарии
- •Нет уз святее товарищества (н.В.Гоголь)
- •Комментарии
- •Нет уз святее товарищества (н.В.Гоголь)
- •В чём суть поэзии Бориса Пастернака?
- •Рецензия
- •«И дым Отечества нам сладок и приятен» (по комедии а.С.Грибоедова «Горе от ума»)
- •Рецензия
- •«Пою мое Отечество, республику мою!»
- •Рецензия
- •Какой предстает природа в лирике с.Есенина?
- •Рецензия
- •Литература выпрямляет душу?
- •Рецензия
- •Классика устарела?
- •Классика устарела?
- •Комментарий
- •Человек эпохи Независимости
- •Что следует ожидать Казахстану от экспо-2017?
- •В чём сила материнской любви?
- •Рецензия
- •Профессия моей мечты
- •Детское и взрослое мировоззрение: общее и различное
- •В чем задача искусства: успокаивать человека или тревожить его?
- •Рецензия
- •Может ли победа стать поражением?
- •Комментарии
- •Моя семья – моя опора
- •Роскошь разъедает душу человека?
- •Рецензия
- •Мой современник… Каков он?
- •Рецензия
- •Быть на Земле Человеком
- •Комментарии к эссе
- •Будущее за профессионалами
- •Рецензия
- •Влияют ли богатство и бедность на нравственность?
- •В чём заключаются ценности жизни?
- •Рецензия
- •«Мы все глядим в Наполеоны...» (по роману ф. М. Достоевского «Преступление и наказание»)
- •Рецензия
- •Мое восприятие лирики Есенина
- •Моё восприятие лирики с. Есенина
- •Рецензия
- •Трагичен или смешон «маленький человек» в произведениях а. П. Чехова
- •Рецензия
- •Кого из литературных героев я узнаю в своих современниках?
- •Рецензия
- •В чём причина гениальности романа м. Булгакова «Мастер и Маргарита»?
- •Рецензия
- •В чём причина гениальности романа м. Булгакова «Мастер и Маргарита»?
- •Рецензия
- •В чём причина гениальности романа м. Булгакова «Мастер и Маргарита»?
- •Рецензия
- •Согласны ли Вы с утверждением а.Н. Толстого «Хорошая книга – точно беседа с умным человеком»?
- •Рецензия
- •Моё восприятие образа Татьяны Лариной (по роману «Евгений Онегин» а.С. Пушкина)
- •Комментарий к эссе
- •Влияние поэзии на нравственное воспитание человека
- •Женский идеал в русской литературе
- •Душа, испорченная светом (по роману м.Ю. Лермонтова «Герой нашего времени»)
- •Рецензия
- •Мой любимый поэт
- •Одиночество Чацкого-это явление современное?
- •Рецензия
- •Плоды злонравия в комедии д.И.Фонвизина и в наши дни
- •Рецензия
- •В чём проблема «лишнего» человека? (по произведению м.Ю. Лермонтова «Герой нашего времени»)
- •Рецензия
- •Кого из героев а.С. Пушкина вы бы хотели видеть среди друзей?
- •Кого из героев Пушкина вы хотели бы видеть среди друзей?
- •Рецензия
- •В чем своеобразие темы любви в лирике м.Ю. Лермонтова?
- •Нужна ли человеку правда? (по пьесе а.М.Горького «На дне»)
- •Нужна ли человеку правда? (по пьесе м. Горького «На дне»)
- •Огромное счастье любить - и быть любимым
- •Огромное счастье – любить и быть любимым
- •В чем трагедия Евгения Онегина?
- •«Мёртвые» и «живые» души (по произведению н.Гоголя «Мёртвые души»)
- •Рецензия
- •В каждой строке доброта (по произведениям в.Распутина)
- •«Гений и злодейство - две вещи несовместные» (а.С. Пушкин «Моцарт и Сальери»)
- •Рецензия
- •Природа – мастерская или «храм»? (по роману и.С.Тургенева «Отцы и дети»)
- •Казахстан на пути в мировое сообщество
- •Любовь к Родине начинается с семьи
- •Активная жизненная позиция – путь к успеху
- •Рецензия
- •Человек, которым я восхищаюсь
- •Рецензия
- •«Мое образование – мой капитал»
- •Комментарий к работе
- •В век космических скоростей люди перестали удивляться
- •Есть ли равенство в дружбе?
- •Память сильнее времени
- •Говорю о войне, хоть и знаю о ней понаслышке…
- •Рецензия
- •Говорю о войне, хоть, и знаю о ней понаслышке
- •«Говорю о войне, хоть и знаю о ней понаслышке…»
- •Чтобы дойти до цели надо, прежде всего, идти
- •Победа за тем, в ком живет согласие?
- •Случай, который изменил мою жизнь
- •Случай, который изменил мою жизнь
- •Дорога к счастью
- •Кино в моей жизни
- •Что разрушает дружбу?
- •Что разрушает дружбу?
- •Книги уходят в прошлое?
- •Рецензия
- •Книги уходят в прошлое?
Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
Желдібаев Әділхан
Қожаберген жырау атындағы
№6 орта мектебінің 11-сынып оқушысы
Қарапайым халықтың құқығын қорғап, әлеуметтік әділетсіздік және теңсіздікті сынағаны үшін биліктің қудалауына ұшыраған Мәди Бәпиұлының өлеңдерін оқығанда қандай әсер аламыз? Ақынның шығармаларын оқу арқылы ақын өмірінің көрінісін талдай аламыз ба? Тек қана өлеңдер оқу осынау сұраққа жауап беру үшін жеткілікті ме? Сұрақтарға жауап беруге тырысайық...
Мәди Бәпиұлының өлеңдерін оқығанда, ең алдымен, көзге елестейтіні-сол замандағы өмір қиыншылықтары, әділетсіздік және ақынның ерекше жырлайтын тақырыбы-туған жері, яғни Қарқаралы. Жазушының өлеңдері өте мағыналы, терең ойлы, сол себептен де ақын өмірінің көріністерін шығармаларға қарап талдау қиын шаруа емес.
«Қаракесек» өлеңіне жеке тоқталайық, өлеңді оқыған кездегі сезімді сөзбен жеткізу өте қиын,себебі өлеңнен қиыншылықтық иісі аңқып тұр. Дұшпандардың көп болуы, тек қана жақсылық тілер достар мен қиын кезде қол ұшын созатын туыстардың болмауы кімнің болса да жүрегіне тиеді емес пе? Айта кететін болсақ, бұл өлең Мәдидің қамауда отырған кезінде жазылған еді. Бұның өзі де көп сұраққа жауап береді деген ойдамын.Ақын басынан көптеген қиындықтарды өткерді, дегенмен де жазушының жанын жегідей жеген қиыншалықтарға қарамастан тек өз өмірінің жақсаруын тілеген жоқ, халықтың қамын ойлады, патша үкіметі мен жергілікті феодалдық жүгенсіздігін айыптап, талай жыр шығарды, шамасы жеткенше тойтарыс беруге тырысты, бұл ақынның рухының биіктігін көрсететін айқын дәлел.
Мәди ақынның «Қарқаралы» өлеңін айтар болсақ, өлеңде жазушының туған жерге деген махаббаты айқын көрініс табады. Ақын туған жер деген ыстық сезімін осынау төрт шумаққа сыйғызып жібергендей-ақ.Өлеңде тек туған жер туралы ғана емес, ақын өмірі туралы, оның бір атадан жалғыз бала екендігі жырланады. Сонымен қатар, өлеңнің соңғы жолдарында «жастық шақ көп семсердің жүзі емес пе, қайрап ап қалық жауға сермегендей» деп жырлайды ақын.Бұл сөздер арқылы ақын нені меңзеп отыр? Менің ойымша, Мәди Бәпиұлы осы жолдар арқылы өскелең ұрпаққа жастық щақтың оралмайтынын, әрекетсіз отырмау керектігін айтқысы келген секілді.
Қарап отырсақ, Мәди Бәпиұлының өлеңдері жан тебірентерлігімен ерекшеленеді, оқығанда бейне бір сол заманға тап болғандай боласың және өлеңдері арқылы ақын өз өмірінің көріністерін айқындап көрсете алған.Ол тағдырының ауырлығын, әділетсіздікті өлеңдеріне қосқан, сонымен қатар, осы әрекеті арқылы іштегі бар шерін тарқататын.
Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністеріне талдап жазыңыз
Хусаинова Р.С.
Қызылжар ауданы
«Архангельское орта мектебі « КММ – нің
11 «А» сынып оқушысы
Өмірзах Нурпейістің эссесі
Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белестерге көтеріп, өз ән – өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Оның «Теміртас» өлеңі «Теміртас, Асыл, Ақық қалдың зарлап, Адамзат қалмақ па екен солай сарнап», - деп басталады. Өлеңнің музыкасы бар. Жасы ұлғайған шағында денсаулығы нашарлаған Біржанды ағайын-туыстары «қартайдың» дегенді сылтауратып, алысқа жібермеген. Еркін өскен, үш жүзге аты шыққан ел еркесін, «жынданды» деп киіз үйдің керегесіне таңып тастаған. Соған ақынның ашу-ызасы келіп, өмірінің соңғы кезіндегі осындай ауыр күйзелістен
«Теміртас» өлеңі дүниеге келген. Осы өлеңді оқығанда менің есіме Мұқағали Мақатаевтың «Майгүлге» деген өлеңі есіме түседі. Мұқағали өзінің өлеңінде құлдыраңдаған қызының өмірден жастай кеткеніне өкініп, сағынышын өлеңмен жеткізеді. Ақын «Теміртас» өлеңінде өзінің ішкі күйзелісін, өткен өмір жолдарын толық қамтиды. Жас кездегі серілік құрған уақытын сағынышпен еске алады. Өзінің балаларына деген махаббаты арқылы өмірдің тек қана қызық-қуаныштан ғана тұрмай, қайғы-қасіреті де болатынын жеткізген. Жасы келсе де еркін өмірді аңсап, құрбы-замандастарын сағынады. Тордағы бұлбұл құс секілді күй кешеді. Менің ойымша, дәулетті атасының тәрбиесінде болып еркін өскен, сал- серілік құрған ақын өмірінің соңында бұғаулы өмірге, қапас тірлікке мойын ұсынғысы келмеген. Біреудің айтқанымен жүруді білмеген, басынан дұшпан сөзін асырмаған Біржан айтарын ешкімнен қаймықпай айтып өткен ақын. Біржан осы өлеңімен адамның өмірінде істеген істеріне бір кезде жауап беретінін, біреуге қиянат жасамау керектігін де меңзейтін сияқты. Өзінің балаларына деген мейірімі шексіз екенін, олардың болашағын ойлап толғанатынын сезесің. Біржанның «Теміртас» сияқты әні дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алады. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген. Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Бiржан сал – қазақтың ең атақты, аса көрнектi тұлғаларының бiрi. Ұлттық өнердiң жарық жұлдызы. Оның есiмi қазақ елiнiң өте ардақты адамдарымен қатар ең жоғары деңгейде, барлық энциклопедияларда, тарихи оқулықтарда үлкен құрметпен аталады. Бiржан бабамызды соншалықты биiкке көтерiп, алаш аспанында шарықтатқан – оның Құдай берген табиғи таланты: асқақ әнi, ойлы, сезiмдi өлеңi: аңызға айналған әншiлiгi. Оның әндерi бiр жарым ғасырдан астам уақыт бойы кең-байтақ даламызда үзбей айтылып келедi. Радиода, теледидарда, концерттерде, конкурс, фестивальдарда Бiржан әндерi ұдайы, күн сайын шырқалып, талай ұрпақтың рухани азығына айналды. Оның мұрасы – тiрi. Ол халықпен бiрге жасай беретiн бай қазына. Кез келген тарихи тұлғаның қадiр-қасиетi – көпiрме мақтау сөз, жарнама-дақпыртпен емес, оның жасаған iсiмен, елiне, адамзатқа сiңiрген еңбегiмен бағаланады. Түптiң түбiнде, таразыға еңбек тартылады. Ал Бiржан салдың еңбегi – оның өнерi, қалтқысыз адал, таза, асқақ, шалқар, терең мазмұнды әндерi мен өлеңдерi. Ол әлi күнге тiрi! Ел аузында! Халық жадында, ұрпақ санасында! Ұлтымыздың рухани әлемiнде! Өйткенi оның жаны бар, қаны бар, жалпы адамдық мазмұн-маңызы бар! Біржан әндері өзі өмір кешкен заманның қилы-қырлы қасиетті жайлары мен адамның бас бостандығы, ерекше тұлғалығы, жан-дүниесінің нәзіктігін, пәктігін, махаббатты жырлауға арналды. Осы салада едәуір жаңалық әкеліп, ән, айтыс, орындаушылық мәдениетінің шоқтығын көтерген халык композиторы деп бағалаймыз. Өмір сүрген заманының әділетсіздігіне, зорлық-зомбылығына деген наразылығы, өкініші «Теміртас» әнінде айқын көрінеді. Мұнда Біржанның, өз жайы, оның аса бір төменге кетіп бара жатқан жағдайы, кешегі ел сүйген серінің, салдың бүгінгі мүшкіл жайы сонша қайғымен, қара бояумен баяндалады.
Салғаным ағаш үйге ызботты пеш, Жаратқан мен пендеңнің күнәсін кеш! Денеме кендір арқан жаман батты, Қайдасың, Асыл, Ақық қолымды шеш. Теміртас, Асыл, Ақық балдан тәтті, Қинауға салады екен адамзатты. Үкідей желпіндірген қарақтарым, Шешсеңші білегіме арқан батты.
Бірақ қолы байлаулы бұлбұлды ешкім босатып алмайды. Тордың ішінде қамаулы түрған бұлбұлдай көзі жасты Біржан жылай зарлап әндетеді. Бұрынғы өткен дәуреннің, кешкен күндердің енді қайта оралмасын, сол күндердегідей қайта бола алмасын сезген сал дүниенің оп-оңай өтіп бара жатқандығын, қайта келмейтіндігін айтады.
Аяғында көп қиналумен 64 жасында байлаулы жатып, аспандағы аққуға үн қосатын, бүкіл қазақ даласын әнге бөлеген асыл өнердің иесі — Біржан бұл дүниемен қоштасады. Біржанның өмірі, Біржанның әндері — қазақ музыкасының биік белесі. Біржан сонысымен қымбат, сонысымен керек. Бiржан – қазақтың халықтық музыка мәдениетiнiң алыбы.
Біржан ақынның «Теміртас» өлеңіндегі жағдай қазіргі заманда да өзінің өміршеңдігін көрсетеді. Күнделікті өмірдегі алуан түрлі адам тағдыры, келіспеушілік, адамдардың бір-біріне жасайтын қиянат, озбырлықтары әлі күнге дейін кездесіп жатады.
Қорыта айтқанда менің түйгенім - қиянат, озбырлықтарға қарсы тұра білу, оған мойымай, оларды жеңе білу. Қиянатқа қарсы қиянат жасамай, керісінше өмірде қолыңнан келсе жақсылық жасап, жұртқа қуаныш сыйлауға асық. Кездескен қиындықтарды жеңсең ғана өмірің мәнді, мағыналы болмақ. Адам баласына берілген өмір меніңше сонысымен құнды.
