Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

3. Бөгеттер

Топырақ бөгеттер туралы жалпы мәліметтер. Бөгет денесінің және жертабанның топырақтарының көрсеткіштері. Бөгеттің құлаам беткейлеріне түсетін жел толқыннан болатын әсерлер. Бөгеттің бөлшектері. Топырақ бөгеттердің құрғатқыштары (дренаждары) құрғатқыштардың сүзгіштері. Бөгет денесіндегі және жертабанындағы су сүзілуді азайтатын құрылымдар. Су өткізбейтін және су өткізетін жертабанды бөгеттердегі су сүзіліс. Бөгет беткейлердің орнықтылығы және бөгеттің басқа статикалық есептері.

Тастан қалап, үйіліп құрылатын бөгеттер, олардың құрамы су сүзілуді азайтатын құрылғылар.

Тас-топырақ бөгеттер, олардың құрамы, ерекшеліктері Жергілікті материалдардан құрылатын бөгеттердің басқа түрлері (топырақты шаю арқылы, топырақты суға төгу арқылы, топырақты белгілі бағытта жару (қопару) арқылы құрылатын бөгеттер, арматураланған, суды үстінен өткізетін).

4. Бөгеттердің маңындағы су өткізетін құрылымдар

Бетон және темірбетон бөгеттердің негізгі түрлері және олардың көрсеткіштері, жер табанын жақсарту тәсілдері.

Шың құз жер табанда құрылатын бітік, бетон шомбал бөгеттер: шомбал және жеңілдеткен бөгеттер, жетілдіру және арзандату жолдары. Шомбал бөгеттердің кернеуленген жағдайларын есептеу.

Саңылаулы бетон шомбал бөгеттердің түрлері және құрамы.

Арқалы бөгеттердің түрлері, оларды жобалау мәселелері, олардың беріктілігі мен орнықтылығын есептеу туралы мәлімет.

Контрфорсты бөгеттердің түрлері. Шомбал контрфорсты, көп арқалы, жазық жабындылы бөгетте, олардың ерекшеліктері, беріктілік және орнықтылық есептеулердің негіздері.

Ағаш бөгеттер – түрлері, бөлшектері.

Бөгет құрғанда су өткізу қажеттігі. Су өткізетін құрылымдардың түрлері. Су тастағыштар олардың түрлері, жалпы құрамы. Ашық бетті су тастағыштар. Ашық бетті су тастағыштың кірер алды кіреберісі, су тасымалдайтын бөлшегі, деңгей жалғастыратын бөлшегі, шығаберісі, олардың түрлері. Жабық бетті су тастағыштар: мұнаралы құбырлы, шөмішті құбырлы, сифонды туннельді су тастағыштар. Қосалқы су тастағыштар. Құбырлы және туннельді су шығарғыштар (су алғыштар). Қоймадан суды ағызып жіберуге арналған құрылым.

Каналдар туралы жалпы мәлімет, оларды топтау, көлденең қималардың формалары мен өлшемдері. Каналдардың трассасын іріктеп тұрғызу. Каналдарда болатын су шығыны, су шығынын азайту әдістері, каналды қаптау. Канал бойындағы құрылымдар – жалпы мәлімет, қажеттілігі, түрлері.

Реттегіштердің түрлері, жұмыс атқару жағдайлары, құрамы, оларды жобалаумен есептеу. Реттегіштердің су өлшеу мүмкіншіліктері. Су өлшейтін қондырғылар, құрылымдар оларды жобалау. Реттегіштерді автоматтандырудың негізгі принциптері.

Су өткізгіштердің түрлері, қолдану ерекшеліктері. Акведуктер, сең өткізгіштер, науалар, жобалау негіздері. Құбырлар, дюкерлер, нөсер өткізетін құбырлар. Құбыр тәрізді су өткізгіштерді есептеу жобалау негіздері. Гидротехникалық туннельдер, олардың түрлері, құрамы, жобалау негіздері.

Су жалғастырғыш (қабыстырғыш) құрылымдар. Қолдану жағдайлары, түрлері, ерекшеліктері. Тезағар, сатылы құламалар, құбырлы құламалар, консольды құламалар (түрлері, құрамы, қолдану жағдайлары, ерекшеліктері, іріктеу). Су жалғастырғыш құрылымдарды есептеу, жобалау негіздері, үлгі құрылымдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]