Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Мб
Скачать
☆

Ғимарттардың орналасу орнын таңдау:

а)бүйірлік су алу; б)маңдайалды су алу.

Бүйірлік сағаларды (боковой водозабор) орналастыруға ұсыныс: жоғары нүктені (сурет 11.1а) кемер тасқынының 1-5% қамтамасыздығы бойынша ойыс жанамасының (1-3) дөңес жағалаумен қиылысу нүктесінен (3) төмен ораластырылады; дөңес жағалаудың учаскесінің ұзындығын (2-3) формуламен анықтайды:

L2-3 = R*arccosr/R/1800 ; (11.2.)

Маңдай алдынан (фронтальный) су алуды (сурет 11.1б) радиальды қимаға (0-3) қалыпты қылып орналастыру ұсынылады. Бөгетті сағалықтарға бөгеттің жақтауын радиальды орналастырады. Яғни, дөңес жағалауға қалыпты (ағыс өзегіне).

Бөгеттік сағалық су торабын ғимараттың типіне сәйкес қабылданған орнықты ағын құрылымы мен конфигурациясы бар өзеннің шайылып, бұзылмайтын учаскесіне орналастырылады.

Бөгетсіз сағаларды орнықты, ирек жердегі қисықтық радиус шамасы R=(5-10)By; (мұнда Ву – арна жасақтаушы өтімділіктегі орнықты арнаның ені) учаскеге орналастырған жөн. Мұндай жағдайда саға жақтауын шамамен қисық басынан 4*Ву қашықтықта белгілейді. Ғимараттың орналасу орнын дәлірек А.Ф.Данелияның [17] ұсынысымен анықтауға болады. Арна жасақтаушы өтімділікте су кемері бойынша орнықты арнаның енін В.С.Лапшенков түзеткен С.Т.Алтуниннің формуласымен табады:

Ву = (R*H0)1/m; (11.3.)

Мұнда R және m – арна құралған материалдардың ірілігіне байланысты арна пішіндерінің параметрлері [1.18] (кесте 3.1 қараңыз); Н0 – ағынның орташа тереңдігі, өзен арнасының типіне сәйкес В.С.Лапшенковтың морфологиялық байланыстарымен анықталады.

Кесте 11.1

Өзен пішінінің параметрлерін (r және m) анықтау

d,мм

1

2

5

10

20

50

100

200

316

R

3.00

3.36

3.88

4.31

4.74

5.47

6.31

7.76

9.88

m

0.500

0.502

0.508

0.515

0.520

0.535

0.562

0.611

0.674

В.С.Лапшенковтың ағынның орташа тереңдігі (Н0) және еңістігін (і) анықтауға арналған формуласы мынадай:

H0=[Qap/(V1R1/m)]1/(1+ +1/m) (11.4.)

I0=(V1*n)2/H0(1+2y-2 ) (11.5.)

мұнда Qap - өзеннің арна жасақтаушы өтімділігі, м3/с. V1 – 1м тереңдіктегі ағынның шаюшы жылдамдығы формула бойынша немесе кестелермен анықталады, - дәрежелік көрсеткіш, А.А.Черкасовтың формуласымен анықталады (құм үшін =0.5; қиыршық, малта тастар үшін =0.2); у – Н.Н.Павловскийдің формуласындағы дәрежелік көрсеткіш: C=H у/n; n – таза аллювиалды арналар үшін кедір-бұдырлық коэффициенті (кесте 11.2).

Кесте 11.2.

Дәрежелік көрсеткіштер (у)мен арнаның кедір-бұдырлық коэффициентін (n) анықтау

d, мм

1

2

5

10

20

50

100

200

316

n

0.0197

0.0214

0.0237

0.0255

0.0275

0.0303

0.0375

0.035

0.037

y

0.167

0.184

0.195

0.202

0.210

0.219

0.227

0.235

0.240

3-сұрақ. Сағалық су торабының типін таңдау, оның ғимараттарының құрамы және топтастыру

Сағалық су торабының типін бас схемада қабылданған өзен алабының су қорларын кешенді пайдалануын, оның сипаттамаларын, су алу коэффициентін (Кс.а) және судың сапасына (тосқынның тазару дәрежесі) қойылатын талаптарды ескере отыра таңдайды.

Суландыру көзінің (өзендер) тұмыстық және судың тұтыну режимдеріне талдау жүргізіледі.

Өзенде су жеткіліксіз болған жағдайда, нақты жағдайға байланысты су торабының су қоймасында маусымдық, жылдық немесе көпжылдық өзен ағынын реттеуді қарастыру қажет.

Ғимараттардың негізгі құрамы және сағалық су торабын топтастыру сағаның типіне (бөгетсіз, бөгетті), жүйеге суды беру тәсіліне (өзі ағатын, машиналы), өзеннің гидрологиялық және арналық режимдеріне және басқа жергілікті жағдайларға байланысты. Жалпы жағдайда сағалық су торабының құрамына кіретіндер: тұйық және су қашыртқы бөгеттер, реттеуші және су алғыш ғимараттар; шаюшы және мұз қабыршақтарды тастаушы қондырғылар және басқалар. Өзенді кешенді пайдаланғанда су торабының құрамына кеме жүзетін, балық өткізуші, ағаш өткізуші және басқа ғимараттар кіруі мүмкін.

Кейбір ғимараттардың типін мынадай жағдайлармен таңдайды: өзеннің гидрологиялық және арналық режимдеріне сәйкестігі; пайдалануға қолайлығы; жергілікті құрылыс материалдарын көбірек пайдалану; конструкциялардың қарапайымдылығы, беріктігі және ұзақ өмір сүруі.

4-сұрақ.Бөгетсіз сағалық су тораптары