Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

Пререквизиттер

Гидротехникалық құрылымдар пәнін табысты және нәтижелі игеру үшін білімгер алдын-ала төменде келтірілген пәндерді оқып білуі тиісті: математика, информатика, экология, геология және гидрогеология негіздері, гидравлика, геодезия, ағынды реттеу.

Постреквизиттер

Суару мелиорациясы – суалғыш құрылымдардың су қабылдағышының, сушығарғыштардың есеп өтімдерін анықтау және т.б.;

Су шаруашылық жүйелерді және құрылымдарды пайдалану – гидротехникалық құрылымдарды жобалағанда оны пайдалану мәселелерін ескеру.

Кіріспе

Су шаруашылығы және оның салалары. Әлемнің, Қазақстанның су қорлары және оларды кешенді пайдалану. Су шаруашылығы және экология мен қоршаған орта, Қазақстанның су шаруашылығының дамуына қысқаша шолу.

Гидротехника, гидротехникалық құрылым, су жүйесі, су торабы – олар туралы жалпы түсініктер. Гидротехнкиалық құрылымдарды топтастыру. Гидротехникалық құрылымдардың жұмыс атқару ерекшеліктері, оларға түсетін күштер мен әсерлер. Гидротехникалық құрылымдардың жер табанына қойатын талаптары. Гидротехникалық құрылымдарды жобалау, қажетті алғашқы мәліметтер, жобалау сатылары, экологиялық жағдайларды ескеру. Гидротехникалық құрылымдарды жобалағанда ғылыми жұмыс жүргізудің керектілігімен маңыздығы.

  1. Гидротехникалық құрылымдардың маңында болатын су сүзілісі

Құз жартас, тастақ емес жер табандардағы су сүзілу. Су сүзілу құбылысы, су сүзілуді есептеу мақсаттары. Гидротехникалық құрылымдардың бекітілген табаны, оның құрамы. Су сүзілудің жағдайлары, су сүзілуді есептеу тәсілдері, бекітілген табанның (флютбеттің) бөлшектерінің су сүзілуіне келтіретін әсерлері, су сүзілуден жр табанында (грунтта) болатын деформациялар (өзгерістер), олардың көрсеткіштері сүзгіштерді іріктеу. Жер табанының грунтының сүзілу орнықтылығы. Гидротехникалық құрылымның табанының контурларының схемалары, олардың тиімді түрін іріктеу.

Шың құз жартас, тастақ жер табандардағы су сүзілудің ерекшеліктері. Су сүзілуден болатын қысым. Су сүзілуге қарсы шаралар. Пердемен құрғатқыштардың маңызы. Химиялық суффозияға және жарықтардың толтырғыштарын шаюға қарсы күрес тәсілдері.

Гидротехникалық құрылымдарды айналып су сүзілу жағалардағы бетон құрылымдардың жер топырақ құрылымдармен жалғасқан жерлерінде болатын су сүзіліс. Олармен күресу тәсілдері, оларды есептеу тәсілдері.

2. Су тірейтін гидротехникалық құрылымдардың орнықтылығы және беріктігі

Бетон гидротехникалық құрылымдарға түсетін жіктемелер мен әсерлер.

Жүктемелер мен әсерлерінің тіркестері. Шешетін жағдайлар, оларға есептеудің ерекшеліктері. Бөгеттерді шекті жағдайларға есептеу. Тіреу ретінде жұмыс атқаратын гидротехникалық құрылымдардың орнықтылығын есептеу. Жартасты және жартасты емес жер табанда қүрылған жомбал (ауыр) бөгеттердің орнықтылығын және жылжуын есептеу. Аударылу және қалқу орнықтылығын есептеу. Контрфорсты және арқалы бөгеттерді орнықтылыққа есептеу. Жартасты жер табанда құрылған биіктігі түрлі бөгеттредің ерекшеліктері. Беріктіліктің белгісі, жартас және жартас емес табанда құрылған бетон бөгеттердің кернеулену жағдайларға қойылатын талаптар және жер табанға байланысты есептеу ерекшеліктері. Бөгет денесінің кернеуіне және беріктілігіне түрлі факторлардың әсер етуі. Бетон гидротехникалық құрылымдардың түрін өзгертуі (деформация) туралы жалпы мәлімет, жартас емес жер табанда құрылған бөгеттредің деформациясын есептеу. Температураға байланысты кернеулер мен деформациялар. Ісінумен, тартылу. Гидротехникалық құрылымдарға түсетін сейсмикалық әсерлер.

Су өткізетін құрылымдарды топтау. Есеп өтімдермен деңгейлер. Тесіктер. Ашық және жабық бетті су өткізетін құрылымдардың жұмыс атқару жағдайлары (шарттары) су өткізетін құрылымдардағы ағынның аэроциялануы (ауалануы) және толқындануы. Су өткізетін құрылымдар арқылы мұз өткізу. Бетон су өткізетін құрылмдардың бөгеттерінің түрпіленіп мүжүлуі. Екпінді ағынды реттеу (басқару). Ковитация және оның гидротехникалық құрылымдарға әсері. Су тастайтын құрылымдардағы кавитациядан болатын мүжүлумен (эрозиямен) күресу әдістері. Бьефтерді бірлестірудің (қабысудың, бірігудің) гидравликалық тәртібі (режимі).

Түпкі тәртіппен қабысқан жағдайдағы бекіністердің негізгі бөлшектері. Су ұрылма плитасымен рисббермаға түсетін гидродинамикалық жүктемелер, беткі тәртіппен қабысқан жағдайдағы төменгі бьефтің бекіністерінің түрлері. Ұшып түсіп қабысқан жағдайдағы төменгі бьефтің құрылғылары. Ағынның ауытқуымен күресу әдістері. Төменгі бьеф маңындағы арнаның қайта қалыптасуы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]