Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

Типтік оқу бағдарлама

Жоғарғы кәсіптік білім

Бакалавр

Гидротехникалық құрылымдар

050805 – «Су ресурстары және суды пайдалану»

Мамандығы бойынша

(3 кредит)

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Тараз

2007

АЛҒЫ СӨЗ

  1. ӘЗІРЛЕГЕН ЖӘНЕ ҰСЫНҒАН М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті

  2. Жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру республикалық оқу-әдістемелік Кеңесімен 2006 жылы 22 маусымда БЕКІТІЛДІ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  3. БІРІНШІ РЕТ ЕНГІЗІЛДІ

  4. Типтік оқу бағдарламасы 050810 – «Мелиорация, жерді баптау және қорғау» мамандығының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес ӘЗІРЛЕНГЕН.

  5. Типтік оқу бағдарламасын М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Оқу-әдістемелік секциясы баспаға ұсынған. № 2 хаттама 04.05.07 ж.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің және М.Х.Дулати атындағы ТарМУ Оқу-әдістемелік секциясыныңы рұқсатынсыз осы типтік оқу бағдарламаны көбейтуге және таратуға рұқсат етілмейді.

Мазмұны

Кіріспе

  1. Гидротехникалық құрылымдардың маңында болатын су сүзіліс

  2. Су тірейтін гидротехникалық құрылымдардың орнықтылығы және беріктілігі

  3. Бөгеттер

  4. Бөгеттердің маңындағы су өткізетін құрылымдар

  5. Гидротехникалық қақпақтар (қақпалар) және механикалық жабдықтар

  6. Өзен тораптарын құрастыру

  7. Тораптардың құрамындағы арнайы гидротехникалық құрылымдар және қондырғылар

  8. Тәжірибелік сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі

  9. Лабораториялық сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі

  10. Курстық жобалауға ұсынылатын тақырыптар

Әдебиеттер

Түсініктеме

Суды пайдалану мәселелерін гидротехникалық құрылымдар арқылы шешетіндігінен ескере отырып оларды жобалағанда, құрғанда, пайдаланғанда білімгерлерді табиғи жағдайларды (жер бетінің бедері, ауа райы, геология, жергілікті материалдар т.б) ескерудің негізгі принциптерімен таныстыру; құрылымдардың түрлерін іріктеу, көп бөлшекті күрделі құрылымдарды құрастыру, жобалау және есептеу әдістерін таныстырып үйрету; гидротехникалық құрылымдарды зерттеу әдістерімен таныстыру, су қорын кешенді түрде пайдалану қажеттілігін, құрылыс жұмыстарын жүргізу және құрылымдарды пайдалану кезінде болатын жағдайларды, техникалық және экономикалық факторларды, гидротехникалық құрылымдардың қоршаған ортаға келтіретін әсерлерін ескере отырып өзен бойындағы жеке құрылымдар мен торабтарды, суару жүйелеріндегі құрылымдарды жобалаудың принциптерімен, әдістерімен таныстыру және үйрету.

Гидротехникалық құрылымдарды жобалаудағы, құрудағы және олардың архитектурасындағы техникалық эстетиканың орыны туралы; гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстардағы ғылыми-техникалық дамудың негізгі бағыттары туралы, құрылысты индустрияландыру және бір ізге салу, жиналмалы конструкцияларды кеңінен еңгізу туралы, игерген білімді гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстардағы нақты міндеттерді шешкенде іс жүзінде пайдалану туралы мәліметтер мен түсініктерді беру.

Пәнді оқу барысында білімгер кешенді және салалық гидротехникалық құрылымдарды жобалау сатыларын және әрбір сатының дәрежесіне сәйкес дәлелдеудің керекті тереңдігін меңгеріп алады.

Қазіргі заманның су сүзілу есептерін, құрылымдардың орнықтылық және беріктілік есептерін, олардың су өткізу мүмкіншілігін, бьефтерді жалғастыру есептерін, өзендердің және төменгі бьефтің жайылып өзгеруін болжауды, гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстарда пайдаланатын гидротехникалық құрылымдардың барлық түрлерін жобалау негіздерін, су шаруашылығының және гидротехниканың даму тарихын меңгеріп білу болып табылады.

Пәнді оқу барысында жоғарғы дәрежелі инженер-гидротехник маманын даярлау кешенінде гидротехникалық құрылым пәнінің ролі мен орынын түсініп бағалайды.

Студент пәнді оқу барысында жоғарғы дәрежелі кәсіпкерлікті қамтамасыздандыратын дағды мен іскерлікке ие болуы тиісті, сонымен қатар айтылған дағды және іскерлік маманның гидротехникалық құрылымды іздену, жобалау, құру және пайдалану жұмыстарын атқарғанда оның алдында тұрған міндеттерді дұрыс түсінуді қамтамасыздандырады.

Пәннің мазмұнын негіздейтін біліктілік, іскерлік және дағдылықтың минимумы, жоғарғы кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]