Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

Гидротехникалық құрылымдар пәнінен

  1. Модульдің сұрақтары.

  1. Су шаруашылығы дегеніміз не?

  2. Су шаруашылығына қандай салалар жатады?

  3. Су қорларын пайдалану мен тұтыну бойынша халықшаруашылық салалары қандай шамалар бойынша бөлінеді?

  4. Су шаруашылық Алабының басқармасының негізгі міндетің атаңыз?

  5. Әр облыстағы Су қорларының Комитетінің басты міндеті не?

  6. Су қорларын кешенді пайдалану.

  7. Су тұтынушылардың мақсатына, құрамына байланысты ағынды реттеудің негізгі үш түрін атаңыз.

  8. Гидротехникалық құрылымдарды топтастыру.

  9. Республикада қанша су шаруашылық алабтары бар. Атаңыз.

  10. Балық шаруашылығы не үшін қамтамасыз етеді?

  11. Гидротехникалық құрылымдар мақсатына байланысты қандай топтарға бөлінеді?

  12. Тұрақты гидротехникалық құрылымдарға жататындарды атаңыз.

  13. Су торабтары және су жүйелері.

  14. Су торабтарын топтастыру.

  15. Гидротехникалық құрылымдарды топтастыру.

  16. Флютбет дегеніміз не? Схемасын көрсетіңіз.

  17. Понур деп нені айтады? Схемасын көрсетіңіз.

  18. Рисберманың анықтамасын беріңіз. Схемасын көрсетіңіз.

  19. Жоғарғы бьефтеп нені айтамыз?

  20. Төменгі бьефтеп нені айтамыз?

  21. Арынды гидротехникалық құрылымдар қандай деңгейде тұрғызады?

  22. Гидротехникалық құрылымдарға қандай күштер әсер етеді?

  23. Сүзілу қысымы қай процессте пайда болады?

  24. Жоба деп нені айтады?

  25. Гидротехникалық құрылымдар жобасын жасауда қандай инженерлік жұмыстар жүргізіледі?

  26. Жобаны жасағанда мамандар нені басшылыққа алады?

  27. Жобаларға қойылатын талаптар.

  28. Құрылымдар кластары.

  29. Мелиоративтік мақсаттағы өен су қоймасының су торабтарын жобалау

  30. Су қоймасының өлшемдері бойынша жіктелуі.

  31. Көлемнің негізгі құраушылары және су қоймасының нормативтік деңгейлері. Схемасын көрсетіңіз.

  32. Топырақ материалдарынан жасалған бөгеттер

  33. Топырақ бөгеттерінің жақтауларымен типін таңдау. Суретін салыңыз.

  34. Топырақ бөгетінің көлденен қимасын құрастыру.

  35. Топырақ бөгетінің беткейлерінің кескіні.

  36. Жоғарғы беткейдің бекіту қалындығын қандай қылып жасайды?

  37. Бөгет жалының құрастыруын тұрғызыңыз.

  38. Автомобиль жолдарының көлденең қималарының негізгі параметрлерін көрсетіңіз.

  39. Сүзілуге қарсы элементтердің типі неге байланысты белгіленеді?

  40. Өзекті топырақ бөгеті дегеніміз не? Суретің көрсетіңіз.

  41. Экранды топырақты бөгеті дегеніміз не?

  42. Экранды және понурлы топырақты бөгет.

  43. Кәріз салуға ұсыныстар. Схемасын көрсетіңіз.

  44. Кәріздің негізгі түрлерінің схемасын көрсетіңіз.

  45. Сүзгілік есептеулерді неше топқа бөлуге болады?

  46. Депрессиялық қисығы дегеніміз не? Сызып көрсетіңіз.

  47. Біртекті топырақ бөгетінің есебін түсіндіріңіз?

  48. Бөгет денесінің және оның негізіндегі топырақтардың сүзілу беріктілігі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті

«Су шаруашылығы» кафедрасы

«Гидротехникалық құрылымдар пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Қызылорда, 2011 ж

ТОПЫРАҚТЫ БӨГЕТТЕР

Су реттегіш құрылыстарының түрлерінен, кең таралған жұмыстардың бірі, топырақты бөгеттер. Өйткені, олардың көтеруіне арналған материалдар әр қашанда қол астында, оны өндеуінде жеңіл, оларды топырақтарда, тау – тасқада орнатуға болады.

Топырақтың құрамына және олардың орналасуына байланысты, бөгеттер келесі түрге бөлінеді:

А) біртекті, механикалық құрамы топырақтан құралған – саздақтардан, құмдақтан, құмнан;

Б) ядролы, бөгеттің орта бөлігіндегі өзекті ңсу өткізгіштігі аз, созымды топырақтан құралаған – саздан, саздақтардан, сазды-бетон, ол пішіннің басқа бөліктері – тым өткізгіш топырақтан құралған;

В) экранды, бөгеттің арынды жағындағы экран су өткізгіштігі аз созымды топырақтан құралған немесе сирегірек, қатты материалдардан құралады – бетоннан, железобетоннан, ерітіндімен қаланған тастан. Жай, жантайтоннан, железобетоннан, ерітіндімен қаланған тастан. Жай, жантайған экранның төменгі бөлігі көлденең понурға ауысады, негізінде су өткізгіш табаны арқылы сүзу өтімін азайту үшін жасалады.

Г) диафрагмалы, бөгеттің денесіндегі қабырға (диафрагма) су өткізгіштігі аз қатты материалдардан құралған – бетоннан, железобетоннан, ағаштан, темірден, ерітіндімен қаланған тастан;

Д) аралас, жоғарғы беткей жағынан, бөгет денесінің бір бөлігі су өтпейтін саздақтардан немесе құм-сазды топырақтардан орындалады, бөгеттің көлденең қимасының 30-60 проц. құралған. Ал бөгеттің төменгі беткей жағы тым су өткізгіш топырақтан орындалады.

Бөгеттің жоғарғы жақтауындағы арынның әсер етуімен жоғарғы жақтаудан төменгі жақтауға табаны арқылы, сонымен қатар бөгеттің денесі арқылы судың сүзілуі байқалады. Қорыта келгенде, бөгетті ңденесінде суға қаныған бөлігіндегі топырақ бөлшектерінің арасындағы қуыспен судың қозғалысы көрінеді.

Сүзудің жоғарғы тегі депрессия деп аталады.

Бөгеттегі депрессия қисығынан төмен жатқан топырақтарының барлық қуыстары қозғалыстағы сүзу суымен толыққан. Ал депрессия қисығынан жоғарғы жатқанда капилляр (қылтүтік) арықыл көтерілу аймағы болып табылады. Мұнда су тек қана топырақтың өте ұсақ қуыстарына толыққан – капиллярына.

Егерде, депрессия қисығы төменгі беткейге қысылып кіретін болса, сүзу суы алдымен топырақтың өте ұсақ бөлшектерін шайып шығарады, сонан соң барлық ірі түйірлерін. Топырақ бөлшектерінің орнықтылығының бұзылуы, сүзудің күшею болып келеді, сонан соң төменгі беткейді сырғанап түсуіне және күйзеліске әкеледі.

Бөгеттерді сүзуге есептеу, бөгет денесіндегі депрессия қисығының орнын және бөгет арқылы, не оның табаны арқылы сүзу анықтаудан тұрады өтімінен.

Өтімділігінің қажеттілігін білу. Сүзу бөгетті суландырылған жерде салынған немесе бөгеттің топырағы және табаны өте су өткізгіш болып келгенде.

Жалпы сүзу өтімін есептеу үшін, бөгеттердің өзгеше көлденең қималарымен анықталған жеке сүзу өтімдерінің жалпы санын жинақтау қажет.

Беткейлердің орнықтылығын, дренаждың орналасуын және көлемін білу үшін, депрессия қисығының тұратын орнын білу қажет.

Осы жұмыстарда дренажсыз, дренажыд, ядролы дренажсыз, экранды дренажсыз біртекті топырақ бөгеттерінің сүзілуі зерттеледі.

ӘРБІР ОҚУ – ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ МАҚСАТЫ:

  1. Тәжірибе арқылы топырақты бөгеттің сүзу коэффициентін анықтау;

  2. Тәжірибе арқылы сүзу өтімінің мөлшерін анықтау;

  3. Тәжірибе арқылы бөгет денесіндегі депрессия қисығының тұратын орнын белгілеу;

  4. Бөгет денесіндегі депрессия қисығының тұратын орнын теориялық жолымен есептеу;

  5. Тәжірибелік пен теориялық депрессия қисықтарын салыстыру және теориялық әдісінің қолайлығын бағалау;

  6. Бақылау градиентін есептеу және тауып алған мағынаны, мүмкіндік градиентімен салыстыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]