Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

4.6.3. Жоғарғы және төменгі бьефтердің тосқындармен бітелуімен

күресу

Тосқындар шамасы өте көп (4-6 кг/м3 және онан жоғары) өзендерде салынған бас сағалық су тораптарының бьефтерінің бітелуінің негізгі себептері мыналар: іркілу және ағын жылдамдығының азаюы нәтижесінде ағынның тасымалдау қабілетінің біраз әлсіреуі; тосқындарды жинау үшін су қоймасының көлемінің аздығы, тораптарды топтастыру кезінде ағынның динамикалық осін өзгертетін бьефтердегі арнаның қайта жасақталуын жеткілікті түрде есепке алмау; су алудың жоғары пайызда болуы, бас сағалық су торабын жетімсіз біліктілікпен пайдалану.

Бас сағалық су торабын пайдалану кезінде жоғарғы және төменгі бьефтердің қоқыстануы мүмкін болған жағдайда су деңгейінің режиміне, шаю режиміне, шаю өтімділігінің мақсаты мен шаю уақытына ерекше назар аударады.

Деңгей режимі көп жағдайда бьефтердің қоқыстану дәрежесіне және бүкіл тораптың өзіне тән ерекшеліктеріне байланысты. Деңгей жобадағыдан төмен болғанда бьефтің жоғарғы учаскелеріндегі ірі тосқындар су торабының құрылымдарына қарай келеді. Су деңгейінің көтерілуі жоғары бьефтің қоқыстануына әкеліп соғады.

Тасқын кезінде жоғары бьефтің деңгейін ең жоғарғы белгіге дейін көтереді. Себебі келе жатқан тосқындар легі су торабының жақтауына жәймен жылжу мақсатында. Таулы учаскелерде, іркілу қисығының ұзындығы аз – 1 км болғанда, тасқын деңгейі түсе бастағанда жоғары деңгейді ұстап тұрады. Себебі бұл кезде көп шамада тосқындар қозғалысы байқалады. Төменгі арында су тораптарында көлденең айналымды пайдаланып, жоғары деңгейді ұстап тұрудың қажеті жоқ (Ферғана типті). Себебі көлденең айналым күшейіп, төменгі бьефке қарай тосқындардың тасталуы жақсарады. Алдынан су алатын типтегі бас сағалық су тораптарында жоғары бьеф қоқыстанбауы үшін тасқын басталарда және күзгі-қысқы су жоғары кезеңдерде төменгі су деңгейін ұстап тұрады. Бұл жағдайлардың бұзылуы жоғары бьефтің қайта жасақталуына және өзектің, тосқындар аралының, құмды қайырлардың пайда болуына немесе тосқындар тізбегінің жақтауларға қарай тез жылжуына жағдай жасайды.

Шаю режимі бас сағалық су торабының бьефтерінің қоқыстану жағдайына байланысты. Шаю саны өзеннің гидрологиялық режиміне және су алу коэффициентіне байланысты. Өзендердегі жоғары бьефті гидрограф шыңымен байланыстыра отыра, жылына 2 рет шайған дұрыс [36]. Жоғары бьефтің түбі едәуір көтеріліп, ағынның көтерілу режимі тұрмыстық шартқа жақындағанда төменгі деңгейде тосқындарды өткізе береді. Ол жоғары бьефті шаюға жағдай жасайды.

Бір жақтауда су алу коэффициенті жоғары болып, ғимарат арқылы көп мөлшерде тосқындар тасталғанда және өтімділік аз болғанда төменгі бьеф қоқыстанады. Мұндағы шөккен тосқындар, деңгейді көтеріп, су торабындағы құламаны төмендетеді. Су қабылдағышқа су берілу тоқтатылып, тасқын болған кезде шаяды.

Көлденең айналымды, маңдайалдынан су алуға болатын бас сағаларда (Ферғана типтегі) шаю су тасу кезінде жүргізіледі. Бұл кезде су қабылдағышты ажыратудың қажеттілігі жоқ. Шаю төмендегідей ретпен жүргізіледі: алдымен тастанды сулармен жинақталған үлесті максималды өтімділікті ортадағы тесіктер арқылы төменгі бьефтерге өткізелі. Сосын судың төмен түсу қисығын жасай отыра, бөгеттің барлық аралықтарын толық ашып, жоғары бьефті шаяды. Үлкен су тасулар кездерінде жоғарғы және төменгі бьефтерді бір мезгілде шайған жөн.

Шаю өтімділігі мен шаю ұзақтығын әрбір нақты жағдайда ұқсастық немесе есептеулер бойынша қабылдайды. Сосын бас саға торабын пайдалану процесінде тәжірибелік шаю жүргізу арқылы анықтайды. Шаю кезінде шөгінділерді бұзатын, тосқындарды тасымалдау қабілеті бар үлкен жылдамдықтағы бұрқанған ағынмен қамтамасыз ету керек. Шамамен алынған шаю өтімділігі орташа көп жылдық өтімділіктен 2-4 есе артуы керек, сонда шаюды аз ғана өтімділікпен жасауға болады. Тасталатын кез келген өтімділікті жоғарғы бьефті шаю үшін пайдалану қабылданған. Шаюдың ең жақсы тиімділігі тасқын төмендегенде болады [37].

Бас сағалық торапты қалыпты пайдалану барысында жоғары бьефтегі 4-6 м арын шаю кезінде 3-4 сағат уақыт қабылданса, 6-7 м арнымен 8 сағат шамасында болады [36]. М.И.Кухианидзенің ойы бойынша ол 8-10 сағаттан кем болмауы керек. Яғни, әрбір су торабы үшін шаю уақытын оның гидрологиялық және конструктивтік ерекшеліктерін ескере отыра анықтау қажет. Су торабын лай көп басқан кезде, нақты жағдайды ескере отыра, шаюды бірнеше қайтара жүргізеді. Жоғары бьефтегі судың деңгейін кезекпен көтере отыра, төменгі бьефтегі қондырғылардың мүмкіндіктеріне қарай, бөгеттің барлық тесіктерін толық ашып, суды тастау арқылы шаюды жүргізеді. Судың деңгейі 30% шамасына дейін, кейде төмендеген жағдайда бас сағалық су торабын шайғанда 5-6 м арынды 2 есеге арттырады.

Шаю кезінде алдымен шайғыштардың тесіктерін ашады. Сосын су қабылдағышқа жақын орналасқан бөгеттің тесігін ашады. Қалталарды жоғарғы бьефтегі судың деңгейін көтеру және бір мезгілде шайғыштардың тесіктерін ашу арқылы шаяды. Бұл жағдайда көп шамада тосқындарды ұстап қалмау үшін сағаларды жабады. Шаю уақыты өзендегі өтімділікке қарамастан 0,5-1,0 сағатты құрайды. Таудағы бас сағалық су тораптарындағы шаю 2-3 м арынмен осыған ұқсас нобаймен жүргізіледі.

Су аз кезде тосқындарды шаю үшін табанында жиналған шөгінділерді тазалаған дұрыс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]