Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

4.6. Өзендегі бас сағалық су тораптарының пайдалану

4.6.1. Бас сағалық тораптардағы техникалық пайдалану

шаралары

Бас сағалық су тораптарындағы құрылымдарды дұрыс пайдалану оның тиімділігін, сенімділігін, өміршеңдігін және жұмыс істеу қабілетін алдын ала анықтайды. Сағалық су тораптары үшін гидротехникалық ғимараттарды пайдалану жөнінде нұсқаулар жасалады. Пайдалану қызметі төмендегідей негізгі техникалық шараларды жүргізеді: әртүрлі су ағындарының (өзендер, каналдар) режимдері үшін бас сағалық су тораптарындағы ғимараттардың және бьефтердегі су деңгейлерін дұрыс реттеуді қамтамасыз етеді; су тораптарына бүтіндей қойылатын пайдалану талаптары мен ағындардағы гидравликалық жағдайларға байланысты гидротехникалық ғимараттар арқылы су өтімділігін жібереді; судан қоқыстарды, қалқып жүрген заттарды алып тастайды немесе су қашыртқы бөгеттердің төменгі бьефіне өткізіп жібереді, су торабының құрылымдары арқылы мұз қабыршықтарын, мұз, қарларды өткізеді; жоғары бьефтің лайланбау және төменгі бьефті тосқындар баспау шараларын жүргізеді; төменгі бьефтің өте көп шайылуына жол бермейді; тораптың құрылымдары мен жабдықтарының жағдайын жүйелі бақылап, оларға күтім жасайды, гидротехникалық ғимараттардың зақымданған элементтерін дер кезінде жөндейді; құрылыс материалдарын, жабдықтар мен көмекші құрал-саймандарды дайындайды және сақтайды; аспаптарды жедел қалпына келтіреді; тораптағы ғимараттар мен жабдықтардың эстетикалық түрін сақтайды.

Аталған техникалық шараларды бас сағаның төмендегідей пайдалану режимдерінде жүргізеді: тасқын суды өткізу (2-3 нұсқада); қалыпты жағдайда пайдалану (1-2 нұсқада); жүз пайызда су алу (Кmin=1.0); қысқы кезеңде пайдалану (Кmin=Qmin/Qp).

4.6.2. Су қашыртқы бөгеттердің аралықтарының және бас

сағаның су қабылдағыштарының ашылу ерекшеліктері

Суды өткізу, топтастырылу бас сағаның ғимараттары мен су қашыртқы бөгеттердің аралық саны, суды алу коэффициенті, қатты ағыны және басқа параметрлері су тораптарының бас сағаларының констуркцияларының әртүрлілігі. Су қашыртқы бөгеттер мен бас сағаның су қабылдағыштарының сұқпаларын ашып-жабудың (маневрирования) дербес схемаларын жасауды қажет етеді. Онда да бөгеттер сұқпаларын ашып-жабу схемасы су беру графигі мен су ағындарының режимдеріне сәйкес су қабылдағыштың сұқпаларын ашу схемаларымен тиісінше байланыста болады.

Су қашыртқы бөгеттерінің аралықтарының ашылуы. Тасқын суларды тастау кезінде бас сағалық су тораптарында деңгей құламалылығы онша көп емес. Мұндай жағдайда бөгеттің барлық су қашыртқы тесіктерін ашады. Мұндайда бьефтердің қабысу режимі төменгі бьефтің қондырғыларындағы жергілікті шайылуын болдырмайтындай болады.

Су аз кездегі өтімділікте төменгі бьефтегі судың деңгейі аз, ал жоғарғы бьефтегі деңгей әдеттегі іркілген деңгейді ұстап тұрғанда тосқын тұтқыш галерея тесіктері арқылы біраз үлесті өтімділіктер өтеді. Олар жергілікті ұрма ағындарды болдырып, шаюды арттырады.

Су қабылдағышта шөккен тосқындарды шаю кезінде, мұнан басқа тосқын тұтқыш галереяның шығар жеріндегі ағынның жылдамдығы үлкен болады. Сондықтан бас сағаға жақын бір немесе екі бөгет аралықтарын ашу керек. Бұл жағдайда үлкен үлесті өтімділіктегі шоғырланған ағындар пайда болады. Олар иірімді аудандар мен үлкен жергілікті шаюлар жасауы мүмкін.

Су әкелетін арна қисықсызықты және түптік тосқындар шамасы аз болған жағдайда су қашыртқы тесіктерді сатылап ашады: алдымен алғашқы сатыда ойыстан дөңес жағаға қарай, сосын екінші сатыда тап сол тәртіппен және сол сияқты.

Егер бас сағалық су торабы қисықсызықты тосқын тұтқыш галереялы болса, онда өтімділікті су аз кезден орташа тасқынды шамаға дейін өткізгенде шаятын аралықты ашық қалдырады. Бұл тосқын тұтқыш галерея арқылы тосқындарды жақсы өткізуге мүмкіндік береді. Өзендегі өтімділік орташа тасқындықтан асқанда су қабылдағышқа жақын шайғышты ашады және тасқындық өтімділікті өткізу жағдайы мүмкін болса, тосқын тұтқыш галереяны жабады.

Су қабылдағыштың бүйірлік су алғышының сұқпаларын

ашып-жабу (маневр жасау).

Түптік (сүйретпелі) тосқындарды көп өзендерде тосқындарды ұстауды азайту мақсатында бас сағадағы суды есептік өтімділіктен аз кезде алғанда су қабылдағыштардың барлық алдыңғы жақтарын қосады және шандорлы табалдырықты биіктетеді. Бас сағаның өтімділігі есептік мәннен аз және су алу коэффициенті Кв 0.5 болғанда, суды реттегіштің астындағы тесік (қалқанның астындағы) арқылы алады, шаю тесіктерін жабады. Аз қамтамасыздықтағы тасқын жағдайында және су алу коэффициенті Кв 0.2 болғанда суды суалғыштың жоғары бөлігіндегі тесік арқылы алады. Бұл кезде шайғыштар ашық тұрады.

Маңдайалды бас сағалардың қабылдағыштарының сұқпаларын

ашып-жабу (маневр жасау).

Өзендегі тасқындыдан бастап арна жасақтаушы өтімділіктерді өткізген кезде және су алу коэффициенті К≤0.5 болғанда су қабылдағыштардың сұқпаларын ашып-жабу схемасы басқаруға ыңғайлы жағдайға байланысты қабылданады. Бұл жағдайда су қабылдағыш көлденең айналымдағы тосқындардан жақсы қорғалады. КВ –нің үлкен мәндерінде ашық тұрған шайғышқа бағыттылған ағынның динамикалық осін тұрақтандыру маңызды. Бұған мынадай тәсілдердің бірі арқылы қол жетеді [35]: аралықтың бір бөлігін жабу қажет болса, шайғыштан аң алыстағы су қабылдағыштың тесігін жабады. Бұл кезде шайғышқа жақын аралықты толық ашады; қалқан астынан толық ағып кеткенше жұмыс істейтін су қабылдағыштың тесігі неғұрлым шайғышқа жақын болса, соғұрлым көп ашады; шайғышқа жақындаған сайын шандормен жабылған тесікті жаймен ашуды арттыру керек.

Егер тосқындар негізінен жоғарғы бьефте жиналатын болса, онда ашып-жабу схемасын басқаруға ыңғайлы жағдайға байланысты өз бетінше қабылдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]