- •Типтік оқу бағдарлама
- •Гидротехникалық құрылымдар
- •050810 – «Мелиорация, жерді баптау және қорғау»
- •Мазмұны
- •Түсініктеме
- •Пререквизиттер
- •Постреквизиттер
- •Гидротехникалық құрылымдардың маңында болатын су сүзілісі
- •2. Су тірейтін гидротехникалық құрылымдардың орнықтылығы және беріктігі
- •3. Бөгеттер
- •4. Бөгеттердің маңындағы су өткізетін құрылымдар
- •Гидротехникалық қақпақтар (қақпалар) және механикалық жабдықтар
- •Өзен топтарын құрастыру
- •Топтардың құрамындағы арнайы гидротехникалық құрылымдар және қондырғылар
- •Тәжірибелік сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Лабораториялық сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Курстық жобалауға ұсынылатын тақырыптар
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Типтік оқу бағдарлама
- •Гидротехникалық құрылымдар
- •050805 – «Су ресурстары және суды пайдалану»
- •Мазмұны
- •Түсініктеме
- •Пререквизиттер
- •Постреквизиттер
- •Гидротехникалық құрылымдардың маңында болатын су сүзілісі
- •2. Су тірейтін гидротехникалық құрылымдардың орнықтылығы және беріктігі
- •3. Бөгеттер
- •4. Бөгеттердің маңындағы су өткізетін құрылымдар
- •Гидротехникалық қақпақтар (қақпалар) және механикалық жабдықтар
- •Өзен топтарын құрастыру
- •Топтардың құрамындағы арнайы гидротехникалық құрылымдар және қондырғылар
- •Тәжірибелік сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Лабораториялық сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Курстық жобалауға ұсынылатын тақырыптар
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Лекция №1 Гидротехникалық құрылымдар (гтқ)
- •1Сұрақ. Су шаруашылығы және оның салалары
- •Лекция №2 Гидротехникалық құрылымдарды (гтқ) топтастыру, су торабтары жүйелері
- •1Сұрақ. Гтқ топтастыру.
- •2Сұрақ. Су торабтары және су жүйелері, оларды топтастыру
- •3Сұрақ.Флютбеттің құрамының бөліктері және флютбетке әсер ететін күштер
- •Гидротехникалық құрылымдардағы (гтқ) курстық және дипломдық жобалауға қойылатын негізгі талаптар
- •1 Сұрақ. Жобалау туралы жалпы түсініктер. Негізгі ережелер мен нормалар
- •2 Сұрақ. Жобалауға қойылатын талаптар
- •Биіктігіне, табанының түріне, апат нәтижелеріне байланысты су ұстағыш гидротехникалық құрылымдардың кластары.
- •Мелиоративтік мақсаттағы өзен су қоймасының су тораптарын жобалау
- •Сурет 4.1. Су қоймасының жоспары және нобайлық ұзына бойы қимасы
- •Топырақ бөгеттерінің жақтаулары мен типін таңдау.
- •Лекция №5 Топырақ бөгетінің көлденең қимасын құрастыру және түрлері
- •Лекция №6 Гидротехникалық құрылымдағы сүзілу өтімділігін анықтау
- •Сұрақ. Сүзгілік есептеулер, негізгі тәсілдері
- •Түзету коэффициенттерінің мәндері.
- •Сурет 6.1. Бөгет денесінен өтетін толық сүзілу өтімділігін анықтауға арналған есептік схема.
- •Сенімділік коэффициенттерінің мәндері, Кс
- •Арынның орташа алмағайып градиенттерінің мәндері
- •Арынның орташа алмағайып градиенттерінің мәндері
- •Сурет 6.2. Топырақты бөгеттің кері сүзгілерін таңдау графиктері:
- •Лекция №7 Топырақты бөгеттердің беткейдің орнықтылығы мен шөгуін (отыруын) есептеу
- •Сырғу қиысығын тұрғызу үшін
- •Топырақты бөгеттің беткейіне әсер ететін күшті есептеу
- •Және с-нің рұқсатты мәндері
- •Сурет 7.2. Майысқақ экранның орнықтылығының есептік схаемасы.
- •Сурет 7.3. Топырақты бөгет негізінің шөгуін есептеуге арналған схема:
- •Біркелкі таралған жүктемелердің қарқынының үлесіне алынған кернеуінің мәні.
- •Үшбұрыш бойынша өзгеретін, р қарқынының үлесімен есептелетін кернеуінің мәні
- •Лекция №8 Су жіберуші құрылымарды жобалау
- •Сурет 8.3.Мұнаралы су жібергіш:
- •2.1.Арынды металл құбыр типтегі су жібергіштерді есептеу
- •Құбырдың диаметрін анықтау
- •2.2.Арынсыз құбыр типіндегі су жіберуді есептеу
- •П.Г.Киселев бойынша беткейдің салыну коэффициенті мен рұқсат етілген шаймайтын жылдамдықтар мәндері
- •2.3.Мұнаралы су жібергішті есептеу
- •Лекция №9 Суқашыртқы ғимараттарды жобалау
- •2.1.Ашық су қашыртқылар
- •Сурет 9.1.Ашық су қашыртқылар:
- •2.3.Жабық су қашыртқылар.
- •Лекция №10 Су қашыртқы ғимараттардың гидравликалық есебі
- •1.1. Есептеу тәртібі.
- •Сурет 10.1. Орлы су қашыртқының есептік схемасы
- •2.1. Есептеу тәртібі.
- •Тезағардағы судың қалыпты тереңдігін (h0) анықтау.
- •Лекция №11 Сағалық (суалғыш) ғимараттар
- •1.1. Саға туралы түсінік, сағалық ғимараттардың мақсаттары және жіктелуі (классификациясы).
- •Ғимарттардың орналасу орнын таңдау:
- •Өзен пішінінің параметрлерін (r және m) анықтау
- •Дәрежелік көрсеткіштер (у)мен арнаның кедір-бұдырлық коэффициентін (n) анықтау
- •4.1.Бөгетсіз сағалар туралы жалпы мәліметтер
- •Сағаның схемасы:
- •4.2. Суды маңдайалдынан алатын бөгетсіз су тораптары
- •4.3. Бөгетсіз сағалық су торабының басты ғимараттары
- •4.4. Бөгетсіз сағалық су тораптарының есептеулері
- •Лекция №12 Бөгетті сағалық су тораптары
- •Судың есептік ең жоғарғы өтімділігінің жыл сайынғы қамтамасыздығы
- •3.1. Бөгеттік сағада өзен арнасын реттеу
- •А орнықтылығының параметрі
- •Сурет 12.1. Тіке сызықты (а) және қисық сызықты (б) учаскелерде арнаны реттеу схемасы
- •4.1. Арна мен ағынның морфологиялық элементтерін анықтау
- •Тосқындардың гидравликалық ірілігін анықтау
- •Сурет 12.2 Сипатты көлденең қималар
- •Лекция №13 Сұқпалар жайлы жалпы мәліметтер
- •2. Көтеру, отырғызу және сұқпаны ұстап тұру күштерін есептеу.
- •Беттік сұқпаларға түсетін гидростатикалық қысымдардың тең әсерлік күштерін анықтауға арналған формулалар
- •Сурет 13.3. Ригельдің геометриялық өлшемдері.
- •3.1. Сұқпаның қаптауын есептеу.
- •Сурет 13.4 Тіреуіш торлардың схемасы.
- •3.2. Сұқпа ригельдерін есептеу
- •Лекция №14 Балыққорғағыш құрылымдар
- •1. Су қабылдағышты есептеу
- •2. Тосқын тұтқыш галереяны есептеу
- •Лекция №15
- •4.2. Гидротехникалық ғимараттар жұмыстарының жағдайлары
- •4.3. Гидротехникалық ғимараттардың беріктілігі
- •4.4.Пайдалану процесінде ғимараттар жұмысын
- •4.5. Су қоймасы пайдалану
- •4.5.1. Пайдаланудағы табиғат қорғау іс шаралары
- •4.5.2. Акватория бойынша негізгі пайдалану іс шаралары
- •4.5.3. Су қоймаларындағы бақылаулар
- •4.6. Өзендегі бас сағалық су тораптарының пайдалану
- •4.6.1. Бас сағалық тораптардағы техникалық пайдалану
- •4.6.2. Су қашыртқы бөгеттердің аралықтарының және бас
- •4.6.3. Жоғарғы және төменгі бьефтердің тосқындармен бітелуімен
- •Гидротехникалық құрылымдар пәнінен
- •Модульдің сұрақтары.
- •Эксперименттік қондырғы
- •Эксперименттік бөлімдердің орындалу тәртібі
- •Кәрізбен біртекті топырақ бөгеті арқылы сүзуді зерттеу
- •Өзекпен топырақ бөгеті арқылы сүзуді зерттеу
- •Суөткізгіш құрылымдар
- •Үш сатылы құламаны зерттеу
- •Екінші сатыны есептеу
- •Тезағардың жұмыстарын зерттеу
- •Флютбеттің сүзілуін фск әдісімен зерттеу.
- •Фск әдісі бойынша аналитикалық есептеу
- •Гидротехникалық құрылымдар пәні бойынша қазақ – орыс терминологиялық сөздік
- •Глоссарий
- •Гидротехникалық құрылымдар пәнінен
- •Модульдің сұрақтары.
4.5. Су қоймасы пайдалану
4.5.1. Пайдаланудағы табиғат қорғау іс шаралары
Пайдаланудағы табиғат қорғау іс шаралары су қоймасы көлемінде және су қорғау аймақтарындағы экологиялық теңдестікті ұстап тұруға бағытталған ұйымдастыру-шаруашылық, агроорман мелиоративтік, агротехникалық, шалғын мелиоративтік, гидротехникалық және басқа жұмыстар кешенінен тұрады. Оны пайдалану қызметі мынадай мақсатта жүргізіледі: су қоймасындағы судың сапасын санитарлық нормаға сәйкес ұстап тұру; су көздерін ластанудан сақтау; құнарлы жерлерді жел эрозиясына (мүжілуге) ұшыратпау; су қоймасының лайлануы мен өсімдік басумен күресу; оларға улы химикттар, пестицидтер мен минералдық тыңайтқыштардың түсуіне жол бермеу; су айдынының өндірістік мекемелер, қалалар, мал шаруашылығы фирмалары, мұнай өңдеу кәсіпорындарының төгінді суларымен ластануына мүмкіндік бермеу; су қоймасы аймақтарындағы орман қорғаныш желектерін баптау және қорғау, су қоймасының су көздеріне жақын мұнай қоймаларын, бейіт және тағы басқаларды орналастыруға рұқсат бермеу.
Жоғарыда айтылған тапсырмаларды дұрыс шешу үшін пайдалану қызметінде су қоймасын пайдалану жөнінде нұсқаулар болуы қажет. Онда барлық пайдаланудағы өндірістік,шаруашылық – тұрмыстық, ауыл шаруашылық және басқа су қоймасына құятын лас сулары бар объектілердің тізімі көрсетіледі. Сондай-ақ лас төгінді суларды тастауға қойылатын талаптар мен шарттары көрсетіледі.
Су қоймасы аудандарында табиғатты қорғау шараларын іске асыруға суды қорғау және санитарлық аймақтар, жағалық белдеулер қарастырылады.
Су қоймасындағы суды қорғау аймағы дегеніміз су қоймасының техникалық жағдайын жөнді ұстап тұруға бағытталған кешенді іс-шаралар жүзеге асатын жағалаудағы аумақ. Бұл аймақтың шекарасы жобада белгіленеді. Ол әдеттегі іркілген деңгей белгісіндегі судың кемерінен 500-2000м және онан да көп шамада болады. Бұл жерде су айдынын ластайтын жаңа мекемелер немесе ескі мекемелерді кеңейтіп салуға болмайды. Авиатехниканың көмегімен 2000 м қашықтықтан төмен жақындап, тозаңдатуға болмайды. Пестицидтер мен басқа улы химикаттар қолданылмайды. Минералды тыңайтқыштар, химикаттар, жанар-жағар май сақтайтын қоймалар салуға, мал жаюға, ормандарды шабуға рұқсат етілмейді.
Су қоймасының санитарлық аймағы – санитарлық іс-шараларды жүзеге асыру үшін қызмет етеді. Су айдынын пайдалану мақсатына байланысты үш белдеуге бөлінеді. Әдеттегі іркілген деңгейдегі су кемерінен санитарлық аймақ шекарасына дейінгі қашықтық 100 м-ден 1000-ге дейін өзгереді. Бұл аумаққа су қорғау аймағына қарағанда жоғары талап қойылады.
Жағалық аймақ дегеніміз – бұл жерде жерді жыртуға, көліктер, науалар, бақшалық учаскелер, демалыс орындарын орналастыруға болшмайтын аумақ. Ол жер бетінің еңістігіне байланысты су кемерінен 35-100 м қашықтықта орналасады. Еңістік үлкейген сайын, бұл аймақ кеңиді.
Су қоймасын жөнді техникалық қалыпта ұстап тұруға бағытталған іс-шаралардың ең тиімділерінің бірі жағалық аймақта орман ағаштарын отырғызу. Қорғаушы орман желектерін нақты жағдайларға байланысты бір, екі үш белдеуге орналастырылады. Әдеттегі іркілген деңгей аймағында жатқан алғашқы жағалау бекіткіш белдеу, қысқа мерзімдік су басуды тоқтататын екі-үш қатарлы бұталардан тұрады. Екінші белдеуді тасқынды іркілген деңгей кезінде су басатын аймақта орналастырылады. Оларды теректен және талдан (ива) жасайды. Тасқынды іркілген деңгейден жоғары орналасатын үшінші белдеу құрғақшылыққа орнықты жыныстан жасалып, эрозияға (мүжілуге) қарсы шара болып табылады. Орман қорғаушы белдеулер жүйелі түрде күтімді талап етеді. Ол үшін дер кезінде етілген ағаштарды қопсыту, суару, малдан және ағашты кесуден қорғау қажет. Жас өскіндермен толықтырып отыруы керек. Суды қорғау аймағында кешенді агротехникалық шаралар жүргізіледі – баурайларға көлденең құнарлы жерлерді 25-30 см тереңдікте жырту, топырақты төмпешіксіз өңдеу, қар тоқтату. Жағалық баурайларды орман- шабындық тәсілмен бекітеді.
Су қоймасын пайдаланудың құрылыс практикасында эрозияға қарсы гидротехникалық ғимараттар кеңінен қолданылады. Олар: су тұтқыштар (үйінді – жыра, террассалар, үйінді – террассалар); су тастаушылар (тезағар, сарқырама, консольдық су тастағыштар, түптік су өткізгіштер).
Үйінді – жыраларды гидрогеологиялық жағдайларын және бетінің еңістігін 6-10‰ -тан аспайтын жер бедерін ескере отыра салады. Үйінді-террассаларды бір-бірінен 25-200 м қашықтықта орналастырып, еңістігі 4-7‰ су тастау ауданында салады.
