Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
UMK__GTS-1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
35.57 Mб
Скачать

4.3. Гидротехникалық ғимараттардың беріктілігі

Гидротехникалық ғимараттардың беріктілігі дегеніміз – ғимараттың немесе бөлек элементтерінің қалыпты пайдалану жағдайында қызмет ету мерзімі ішінде өз міндетін тоқтаусыз орындау қабілеті.

Гидротехникалық ғимараттардың пайдалану беріктігінің негізгі көрсеткіштері төмендегідей болып бөлінеді: конструктивтік беріктілік көрсеткіштері ­ мықтылық, орнықтылық, су өткізбеушілік, аязға шыдамдылығы және басқалар, технологиялық беріктілік көрсеткіштері – арын, өтімділік, су қоймасындағы судың көлемі, электр энергиясын өндіру, су беру мен бас тоғандарды сумен қамтамасыз ету, балық және кемелерді өткізу және тағы басқалар, сәулеттік сәйкестік көрсеткіштері – ландшафты ескере отыра сәулеттік пішінін сақтау, бетінің жағдайы, түсі, сыртқы түрі және басқалар.

Гидротехникалық ғимараттардың беріктілігі тоқтаусыздығымен, өміршеңдігімен және жөндеуге жарамдылығымен анықталады. Бұл түсініктердің барлығы ықтималдық сипатта түсіндіріледі. Тоқтаусыздық дегеніміз берілген уақыт ішінде кейбір пайдалану жағдайында ғимараттың өзінің жұмыс істеу қабілетін сақтау ықтималдығымен сипатталады. Өміршеңдік дегеніміз ғимараттың өзінің пайдалану көрсеткіштерін берілген шамада істен шығып қалғанша сақтау қабілеті. Жөндеуге жарамдылығымен, бұзылған немесе істен шыққан жерлерді қалпына келтіру үшін қажетті уақыт және құнының қосындысымен анықталады. Ол техникалық экономикалық негіздеулермен белгіленеді.

Ғимараттың немесе оның кейбір элементтерінің пайдалану сапасын жоғалтуын ескіру немесе тозу деп атайды. Ол физикалық және моральдық ескірулер болып бөлінеді. Ғимараттың бастапқы физика-техникалық қасиеттерін (беріктік, орнықтылық, ағынның артық энегиясын басуды қамтамасыз ету, суды өткізбеушілік, аязға шыдамдылық және тағы басқалар) жоғалтуын физикалық ескіру дейміз. Қазіргі талаптар мен қазіргі ғылыми-техникалық прогресс деңгейіне технологиялық сәйкессіздік байқалған жағдайда моральдық ескіру деп аталады. Гидротехникалық құрылыста физикалық ескіру жиі байқалады. Жөндеу – қалпына келтіру жұмыстары немесе ғимаратты қайта құру қажеттілігі туады.

Өміршеңдік пен жөндеу жұмыстары кезеңінің ұзақтығына әсер ететін негізгі факторлар: жобаны жасау кезінде қаланған техникалық шешімдердің беріктік деңгейі; құрылыс жұмыстарының орындалу сапасы; гидротехникалық ғимараттарды пайдалау деңгейі. Сондықтан ғимараттың беріктігін көтеру мақсатында және жобаларды жасағанда және құрылыс салғанда жөндеу жұмыстары кезеңінің ұзақтығын арттырғанда мынадай жағдайларды болдырмау қажет: әртүрлі нобайлардың (схема) сәйкес еместігін; геологиялық, инженерлік-геологиялық, климаттық және техникалық немесе технологиялық сипаттамаларды толық ескермеу; жобалаушылар жағынан авторлық қадағалауды әлсіретпеу және басқалар. Құрылыс кезінде жобадан негізсіз ауытқуды, құрылыс – монтаж жұмыстарының төменгі сапада болуын, технологиялық бұзуды, құрылыс материалдарын негізсіз қолдануды болдырмау қажет. Пайдаланушы қауым ғимарат құрылысын толық бітіріп, ақаусыз, жобадан ауытқымай қабылдаулары керек. Техникалық дайындық деңгейі жеткілікті болып, ғимаратты күтіп-баптауды қамтамасыз етуі шарт. Бақылау нәтижелерін жүйелі түрде талдап, дер кезінде жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп отыру қажет.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]