- •Типтік оқу бағдарлама
- •Гидротехникалық құрылымдар
- •050810 – «Мелиорация, жерді баптау және қорғау»
- •Мазмұны
- •Түсініктеме
- •Пререквизиттер
- •Постреквизиттер
- •Гидротехникалық құрылымдардың маңында болатын су сүзілісі
- •2. Су тірейтін гидротехникалық құрылымдардың орнықтылығы және беріктігі
- •3. Бөгеттер
- •4. Бөгеттердің маңындағы су өткізетін құрылымдар
- •Гидротехникалық қақпақтар (қақпалар) және механикалық жабдықтар
- •Өзен топтарын құрастыру
- •Топтардың құрамындағы арнайы гидротехникалық құрылымдар және қондырғылар
- •Тәжірибелік сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Лабораториялық сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Курстық жобалауға ұсынылатын тақырыптар
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Типтік оқу бағдарлама
- •Гидротехникалық құрылымдар
- •050805 – «Су ресурстары және суды пайдалану»
- •Мазмұны
- •Түсініктеме
- •Пререквизиттер
- •Постреквизиттер
- •Гидротехникалық құрылымдардың маңында болатын су сүзілісі
- •2. Су тірейтін гидротехникалық құрылымдардың орнықтылығы және беріктігі
- •3. Бөгеттер
- •4. Бөгеттердің маңындағы су өткізетін құрылымдар
- •Гидротехникалық қақпақтар (қақпалар) және механикалық жабдықтар
- •Өзен топтарын құрастыру
- •Топтардың құрамындағы арнайы гидротехникалық құрылымдар және қондырғылар
- •Тәжірибелік сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Лабораториялық сабақтардың болжамды тақырыптар тізімі
- •Курстық жобалауға ұсынылатын тақырыптар
- •Әдебиеттер
- •Қосымша:
- •Лекция №1 Гидротехникалық құрылымдар (гтқ)
- •1Сұрақ. Су шаруашылығы және оның салалары
- •Лекция №2 Гидротехникалық құрылымдарды (гтқ) топтастыру, су торабтары жүйелері
- •1Сұрақ. Гтқ топтастыру.
- •2Сұрақ. Су торабтары және су жүйелері, оларды топтастыру
- •3Сұрақ.Флютбеттің құрамының бөліктері және флютбетке әсер ететін күштер
- •Гидротехникалық құрылымдардағы (гтқ) курстық және дипломдық жобалауға қойылатын негізгі талаптар
- •1 Сұрақ. Жобалау туралы жалпы түсініктер. Негізгі ережелер мен нормалар
- •2 Сұрақ. Жобалауға қойылатын талаптар
- •Биіктігіне, табанының түріне, апат нәтижелеріне байланысты су ұстағыш гидротехникалық құрылымдардың кластары.
- •Мелиоративтік мақсаттағы өзен су қоймасының су тораптарын жобалау
- •Сурет 4.1. Су қоймасының жоспары және нобайлық ұзына бойы қимасы
- •Топырақ бөгеттерінің жақтаулары мен типін таңдау.
- •Лекция №5 Топырақ бөгетінің көлденең қимасын құрастыру және түрлері
- •Лекция №6 Гидротехникалық құрылымдағы сүзілу өтімділігін анықтау
- •Сұрақ. Сүзгілік есептеулер, негізгі тәсілдері
- •Түзету коэффициенттерінің мәндері.
- •Сурет 6.1. Бөгет денесінен өтетін толық сүзілу өтімділігін анықтауға арналған есептік схема.
- •Сенімділік коэффициенттерінің мәндері, Кс
- •Арынның орташа алмағайып градиенттерінің мәндері
- •Арынның орташа алмағайып градиенттерінің мәндері
- •Сурет 6.2. Топырақты бөгеттің кері сүзгілерін таңдау графиктері:
- •Лекция №7 Топырақты бөгеттердің беткейдің орнықтылығы мен шөгуін (отыруын) есептеу
- •Сырғу қиысығын тұрғызу үшін
- •Топырақты бөгеттің беткейіне әсер ететін күшті есептеу
- •Және с-нің рұқсатты мәндері
- •Сурет 7.2. Майысқақ экранның орнықтылығының есептік схаемасы.
- •Сурет 7.3. Топырақты бөгет негізінің шөгуін есептеуге арналған схема:
- •Біркелкі таралған жүктемелердің қарқынының үлесіне алынған кернеуінің мәні.
- •Үшбұрыш бойынша өзгеретін, р қарқынының үлесімен есептелетін кернеуінің мәні
- •Лекция №8 Су жіберуші құрылымарды жобалау
- •Сурет 8.3.Мұнаралы су жібергіш:
- •2.1.Арынды металл құбыр типтегі су жібергіштерді есептеу
- •Құбырдың диаметрін анықтау
- •2.2.Арынсыз құбыр типіндегі су жіберуді есептеу
- •П.Г.Киселев бойынша беткейдің салыну коэффициенті мен рұқсат етілген шаймайтын жылдамдықтар мәндері
- •2.3.Мұнаралы су жібергішті есептеу
- •Лекция №9 Суқашыртқы ғимараттарды жобалау
- •2.1.Ашық су қашыртқылар
- •Сурет 9.1.Ашық су қашыртқылар:
- •2.3.Жабық су қашыртқылар.
- •Лекция №10 Су қашыртқы ғимараттардың гидравликалық есебі
- •1.1. Есептеу тәртібі.
- •Сурет 10.1. Орлы су қашыртқының есептік схемасы
- •2.1. Есептеу тәртібі.
- •Тезағардағы судың қалыпты тереңдігін (h0) анықтау.
- •Лекция №11 Сағалық (суалғыш) ғимараттар
- •1.1. Саға туралы түсінік, сағалық ғимараттардың мақсаттары және жіктелуі (классификациясы).
- •Ғимарттардың орналасу орнын таңдау:
- •Өзен пішінінің параметрлерін (r және m) анықтау
- •Дәрежелік көрсеткіштер (у)мен арнаның кедір-бұдырлық коэффициентін (n) анықтау
- •4.1.Бөгетсіз сағалар туралы жалпы мәліметтер
- •Сағаның схемасы:
- •4.2. Суды маңдайалдынан алатын бөгетсіз су тораптары
- •4.3. Бөгетсіз сағалық су торабының басты ғимараттары
- •4.4. Бөгетсіз сағалық су тораптарының есептеулері
- •Лекция №12 Бөгетті сағалық су тораптары
- •Судың есептік ең жоғарғы өтімділігінің жыл сайынғы қамтамасыздығы
- •3.1. Бөгеттік сағада өзен арнасын реттеу
- •А орнықтылығының параметрі
- •Сурет 12.1. Тіке сызықты (а) және қисық сызықты (б) учаскелерде арнаны реттеу схемасы
- •4.1. Арна мен ағынның морфологиялық элементтерін анықтау
- •Тосқындардың гидравликалық ірілігін анықтау
- •Сурет 12.2 Сипатты көлденең қималар
- •Лекция №13 Сұқпалар жайлы жалпы мәліметтер
- •2. Көтеру, отырғызу және сұқпаны ұстап тұру күштерін есептеу.
- •Беттік сұқпаларға түсетін гидростатикалық қысымдардың тең әсерлік күштерін анықтауға арналған формулалар
- •Сурет 13.3. Ригельдің геометриялық өлшемдері.
- •3.1. Сұқпаның қаптауын есептеу.
- •Сурет 13.4 Тіреуіш торлардың схемасы.
- •3.2. Сұқпа ригельдерін есептеу
- •Лекция №14 Балыққорғағыш құрылымдар
- •1. Су қабылдағышты есептеу
- •2. Тосқын тұтқыш галереяны есептеу
- •Лекция №15
- •4.2. Гидротехникалық ғимараттар жұмыстарының жағдайлары
- •4.3. Гидротехникалық ғимараттардың беріктілігі
- •4.4.Пайдалану процесінде ғимараттар жұмысын
- •4.5. Су қоймасы пайдалану
- •4.5.1. Пайдаланудағы табиғат қорғау іс шаралары
- •4.5.2. Акватория бойынша негізгі пайдалану іс шаралары
- •4.5.3. Су қоймаларындағы бақылаулар
- •4.6. Өзендегі бас сағалық су тораптарының пайдалану
- •4.6.1. Бас сағалық тораптардағы техникалық пайдалану
- •4.6.2. Су қашыртқы бөгеттердің аралықтарының және бас
- •4.6.3. Жоғарғы және төменгі бьефтердің тосқындармен бітелуімен
- •Гидротехникалық құрылымдар пәнінен
- •Модульдің сұрақтары.
- •Эксперименттік қондырғы
- •Эксперименттік бөлімдердің орындалу тәртібі
- •Кәрізбен біртекті топырақ бөгеті арқылы сүзуді зерттеу
- •Өзекпен топырақ бөгеті арқылы сүзуді зерттеу
- •Суөткізгіш құрылымдар
- •Үш сатылы құламаны зерттеу
- •Екінші сатыны есептеу
- •Тезағардың жұмыстарын зерттеу
- •Флютбеттің сүзілуін фск әдісімен зерттеу.
- •Фск әдісі бойынша аналитикалық есептеу
- •Гидротехникалық құрылымдар пәні бойынша қазақ – орыс терминологиялық сөздік
- •Глоссарий
- •Гидротехникалық құрылымдар пәнінен
- •Модульдің сұрақтары.
Лекция №15
Кемежүргіш құрылымдар
1-сұрақ. Пайдалану қызметтерін, міндеттері және құрылымы
Гидротехникалық ғимараттарды пайдалану қызметтері және олардың тарихы түбірімен Месопотамидағы Тигр және Ефрат, Египеттегі Ніл, Қытайдағы Мид, Хуанэ жағалауларындағы ежелгі өркениет мезгілдеріне дейін жетеді.
Халық қалай сумен жабдықтау жүйелерін, бөгендер мен бөгеттерді сала бастап, өзен арналарын реттеп, каналдар тарта бастағаннан оларды пайдалану қажеттілігі туды.
Гидротехникалық ғимараттар құрылысының кең дамуы және оны пайдалану, ГЭС турбиналары, бетон және темірбетон пайда болғаннан кейін XIX ғасырдағы объектілердің кең дамуы оны пайдалануда зор тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берді.
Су шаруашылығы құрылысындағы ғылыми-техникалық прогресс көбіне техникалық жағдайлар бақылауларын жинақтау нәтижелеріне және кейбір гидротехникалық ғимараттар мен бүтіндей су шаруашылық кешенін пайдалану тәжірибесіне байланысты.
Су шаруашылығы кешенін пайдалану дегеніміз ұйымдастыру-шаруашылық, инженерлік-техникалық және ақша мен материалдық-техникалық қорлар аз жұмсалатын қаржы-экокнмикалық шараларды орындау.
Ұйымдастыру-шаруашылық шараларына жататындар: бүтіндей су шаруашылық кешенін, сондай-ақ кейбір гидротехникалық ғимараттар қимасында басқаруды ұйымдастыру; жөндеу – пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру және жөндеу – құрылыстық базалардың жұмыс істеуі; пайдалану жұмыстары кезінде техника қауіпсіздіктерін сақтау; пайдалану қызметтерінің міндеттерін, құрылымын, штаттық құрамын, тапсырмаларын анықтау; материалдық-техникалық базаларды жасауға байланысты сұрақтарды шешу; пайдалану қызметтерін машинамен, механизмдермен құрылыс материалдарымен және т.с.с жабдықтау.
Инженерлік-техникалық іс-шараларға қосылатындар: су тұтынушылар мен су пайдаланушылардың (сумен жабдықтау, суландыру, балық өсіру мен балық шаруашылығы, су көлігі, санитарлық жағдайды жақсарту, өзендердегі зиянды әсерлермен күресу) қажеттілігін өтеуге арналған диспетчерлік қызметтердің жұмысы; қоршаған ортаны қорғауды ескере отыра, ғимараттардың қалыпты жұмыстарының техникалық жағдайларын сақтау мақсаттарындағы бақылаулар мен оны баптауды қарастыратын гидротехникалық ғимараттар мен мелиоративтік жүйелерді техникалық пайдалану жұмыстары; жөндеу жұмыстары; су шаруашылық кешенін, оның кейбір ғимараттарын немесе элементтерін қайта құру; ұжымдық және бригадтық топтардың жаңа үлгісін енгізуді ескере отыра еңбекті ұйымдастыру; технологиялық жөндеу жұмыстары мен өндірісті басқаруда ғылыми-техникалық прогресті ұйымдастыру.
Пайдалану қызметтерінің қаржы-экономикалық іс шараларына жататындар: шаруашылық есептік жағдайда ұйымдастыру-шаруашылық және инженерлік-техникалық жұмыстарды қаржыландыру; өзін-өзі қаржыландыру және өзін-өзі ақтау; жоғары ұйымдар алдында қаржылық және есеп-қисаптық есеп беру; техника-экономикалық көрсеткіштер мен пайдалану шығындарын анықтау.
Су шаруашылық объектілерінің жұмыс істеу қабілеті көп жағдайда пайдалану жағдайына, оны күтуге, дер кезінде жөндеуге және қайта құруға байланысты.
Гидротехникалық ғимараттардың техникалық пайдалану процесіндегі шешілетін сұрақтары оның құрамына, жағдайына, дайындығына, мақсатына, өзара байланысына, климаттық, геологиялық, гидрогеологиялық, тахографиялық жағдайларына және де басқа факторларға байланысты.
Пайдалану қызметтерінің негізгі міндеттеріне жататындар: ғимараттар мен жабдықтардың қалыпты (апатсыз) жұмыстарын, жөнді жағдайда болуын қамтамасыз ету; қажетті су қорларын жасау және оны су тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында су торабындағы техникалық қондырғыларды күнделікті жедел басқару; ғимараттардың жәй-күйін жүйелі түрде көзбен бақылау және күтіп, баптау; пайдалану жөніндегі техникалық құжаттарды жүргізу; қоршаған ортаны, негізгі ғимараттарды және басқаларды қорғауды қамтамасыз ету.
Ірі су қоймаларымен су алу торабтарының құрылысын салу жобаларының құрамында міндетті түрде пайдалану қызметтерін ұйымдастыру, оның міндеттері, көлемі, жөндеу-пайдалану жұмыстарының технологиясы және т.с.с. бөлімдер болады. Мұндай объектілер үшін арнайы техникалық пайдалану ережесі жасалады.
Су шаруашылық объектілеріндегі пайдалану қызметтерінің құрылымы әр нақты жағдайларда шешілетін тапсырмалардың ерекшелігіне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Олардың әртүрлі болуына қарамастан жұмыс істеп жатқан пайдалану қызметтерін төмендегідей құрылымдық топтарға бөлуге болады: гидромелиоративтік жүйелерді басқару құрамындағы; ірі магистралды каналдардағы; Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігіндегі су шаруашылығы комитетінің (бұрыңғы Су шаруашылығы) балансындағы кешендік және арнайы мақсаттағы ірі энергетикалық су тораптарындағы, кешендік мақсаттағы ірі энергетикалық су тораптарындағы.
Төменде әрбір топтың пайдалану қызметтерінің құрылымдары қаралады.
Бұрыңғы КСРО кезіндегі Су шаруашылығы министрлігінде пайдалану қызметтерінің жүйелерінің құрамына 1500-ге жақын пайдаланушы ұжымдар кірген (А.Ф.Васильев). оның ішінде 100-і облыстық (өлкелік) өндірістік мелиорация және су шаруашылығы басқармалары; 1300-ден астамы ауданааралық және аудандық суландыру және құрғату жүйелерін пайдалану басқармасы (бірлестігі), каналдар, су тораптарын пайдалану басқармалары. КСРО Су шаруашылығы Министрлігінде гидромелиоративтік объектілерде жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 20-дан астам жөндеу-құрылыс трестері, 400-ге жақын жылжымалы механикаландырылған колонналар (ЖМК) және 1900 шамасында механикаландырылған отрядтар мен топтар жұмыс істеген. ҚСРО тарағаннан кейін Су шаруашылығы министрлігінің құрылымы, оның ішінде пайдалану және жөндеу қызметтерінің де құрылымы толық қайта құрылды.
